105
сөздер мен дара формалардың әдебиеттегі өзге өлең түрлері-
нен барынша аз болатындағы», синтаксистік жүйесі жағынан
ауызекі сөзге жақын келетіндігі, сонымен қатар бұларда ұйқас
құруда сөз тандауға еркіндік бар екендігі айтылады.
Біз бұл пікірлер мен талдауларды
негізінен құптай оты-
рып, XV-ХVII ғ. қазақтың ауызша дамыған әдебиетінің ав-
торлары күмәнсыздарының және дидактикадан өзге сарында
жырланғандарының тілдік-стильдік ерекшеліктері бар екенін
көрсетеміз. Ол ерекшеліктер,
бір жағынан, ауызекі сөйлеу
тілінен жоғары көтеріліп, белгілі бір дәстүрлікті, жүйелілікті
танытатын болса, екінші жағынан, соңғы дәуірлердегі поэ-
зия тілінен де ажыратылатындығын байқатады. Бұл орайда
мәселеге екі тұрғыдан қарау керек болады: бірі –
сөз болып
отырған кезенді тұтас алып қарау, екіншісі – әрбір ақын-
жырауға тән белгілерді табу.
XV-ХVII ғасырлардан бізге жеткен мұраларда образдар
мен теңеулер дерексіз ұғымдардан немесе болмыстан тыс ми-
фологиядан емес, айналаны қоршаған қоғам мен табиғаттың
нақтылы суреттерінен алынады.
Бұл дәуірлердегі қазақ хал-
қының күнкөріс тіршілігі малшаруашылығына байланысты
болғандықтан, көркем әдебиеттегі образдардың дені төрт
түлікке қатысты болып келеді. Мысалы:
Жабағылы жас
тайлақ, Жардай атан болған жер. Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер... (Қазтуған).
Тоғынды сарты
нар жегіп, Көш түзедім –
өкінбен. Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім –
өкінбен (Доспамбет). Шалкиіз әміршісі Темірді
«алп-алп-алп басқан арабы торыға» теңейді, өзін «көбік семіз
торыңмын, көп құлыңның бірімін» деп кішірейтеді, ал Қазтуған
болса, өзін қойдың көсеміне, буыршынның бұта шайнар азуы-
на теңейді. Ботташықты бұзауға, боз сазанды тоқтыға балауда
да, балықты тайдай тулатып,
бақаны қойдай шулатып қоюда
да малмен айналыстан күнделікті тіршілік жатыр. Аты аталған
жыраулардағы «күпшек санды тіл жалмаған күрең», «арабыдан
ат сайлап міну», «елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа семірген»
тәрізді образды тармақтар малға, оның ішінде қазақ үшін орны
ерекше жылқы баласына қатысты жырланған.
Әдеби тілдегі образдардың сол кезеңдердегі халықтың өмір-
106
тіршілігімен ұштасып жатқандығы жалғыз малға емес, өзге
тұстарға қатысты салаларда да көрінеді. Мысалы, ел қорғауды,
жаугершілікті жырлауға керек образдар бұларда молынан орын
алады, өйткені XV-ХVIII ғасырлар – қазақ халқының жері мен
елдік тәуелсіздігі үшін сыртқы жаулармен соғыстардың за-
маны. Бұл дәуірлердегі поэзия иегерлері көбінесе жыраулар
болып, ел қорғау, жауға аттану сияқты әскери тақырыптарды
жырлағандықтан, осыған қатысты сөздер мен образдар мұнда
молынан орын алған.
Жаугершілік мазмұнды тұтас шумақтар немесе жеке тір-
кестер мен сөздер – ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің
сипатты белгілерінің бірі. Ұрыс-соғыс, ел қорғау ұғымындағы
лексиканың әдебиет дүниесінде басты орын алғандығы сондай,
ол
көркемдеу құралына айналып, образ жасайтын фразалар
құраған. Мысалы,
толғамалы ала балта, қанды көбе, атқан
Достарыңызбен бөлісу: