оғын оздыру немесе жоғалту, жау бастау, қол бастау, қатты
тартып биік ату т.б. тіркестер – қазақ тілінде өте ертеден келе
жатқан көркем образдар. Осыларды біз сөз етіп отырған кезең
поэзиясы актив қолданады.
Бұл тұстағы қазақ әдеби тілінің айналадағы тірлік-тірші-
лікпен және ортамен байланыстылығын дәлелдейтін өзге де
фактілер бар. Мысалы, Шалкиіз, Қазтуған жырауларда өзен-
теңізге қатысты теңеулер мен метафоралар жиі кездеседі: Боз
сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай
шулаған... Балығы көлге жылқы жаптырмас (Қазтуған).
Ақдария толқын күшейтер Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортаңнан ойран салар деп (Қазтуған). Көк теңіздің үстінде
Көтеріп желкен аштырып (Шалкиіз).
Жыраулардың мықтылықты «аударылмас қара кемеге»
теңеулері, «зорлығымды сұрасаң, бекіре мен жайындай» деулері
теңіз жағасындағы Қырымды және Еділ мен Жайық бойларын
мекендеген халықтардың тіршілік-тұрмысына байланысты
екенін көрсетеді. Кей сәттерде отырықшылық, қала тұрмысы,
бау-бақша сияқтыларға қатысы бар сөздер мен образдардың
кездесуі де XV-ХVI ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің халық
тіршілігімен, халықтың күнделікті сөйлеу тәжірибесімен
тікелей ұштасып жатқандығын танытады. Мысалы, Жием-
107
бет жыраудың Еңсегей бойлы ер Есімге айтқан толғауында:
«Қалмақтың бөрі ханы келгенде, Тал шыбыққа мал сақтап, Тас
қалаға жан сақтап Тасқан екен мына хан» дейді.
XV-ХVII ғасырларда ноғайлы-қазақ ортасында туған, ав-
торлары, мүмкін, жоғарғы сөз болып отырған жыраулар болып
табылатын кейбір батырлар жырындағы «төрт шарбақты, төрт
кентті» деп келетін образ да немесе «Әділ сұлтан» жырындағы
Әділдің анасы – Байбикеш ханымның толғауындағы: Бақ ал-
малы, бақшалы, Баурында ағар шешмелі, Төбесінде жасыл
ала шөлмекті, әрбір шаһардан өрнекті... деп келетін жолда да
қала суретінен хабар береді. Ал ноғайлы-қазақ ру-тайпалары
өмір сүрген Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғайлы хандықтары «төрт
шарбақты, төрт кентті» жұрт болғаны тарихтан аян.
Сөйтіп, суреттер түгелге жуық шындық өмірді көрсетеді.
Тіпті батырлық, ерлікті тақырып еткен толғаулардың өзінде
эпостардағы тәрізді «жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер
тіреп» тұрған тұлпарлар да, бір күнде бірге, екі күнде екіге то-
латын батырлар да жоқ. Әрине, бұл шақтағы ақын-жырауларда
әсірелеу тәрізді көркемдеу тәсілі жоқ та болмаған болу керек,
бірақ негізінен өмір шындығымен ұштасқан әдебиет тілінде
де мифологиялық немесе фантастикалық образдар көп орын
алмағандығын көреміз.
Осы күнгі қазақ әдеби тілінде кездесетін тұрақты эпитет-
тердің бірқатарын біз XV-ХVII ғасырлар мұраларынан да
ұшыратымыз: асқар тау («Асқар, асқар, асқар тау, Асқардан
биік тау болмас»), құба жон («Арқаның құба жонында Ары-
стан ойнар шарқ ұрып»), құба арлан, күпшек санды күрең,
қызыл тіл («Еріккенде қызыл тілін тыймаған»), айдынды көл,
сары бел, қилы заман тәрізді эпитетті тіркестер – қазақ әдеби
тілінде өте ертеден күні бүгінге дейін жеткен қазыналар.
Сонымен қатар қазірде қолданылмайтын бір алуан көркем
элементтер біз талдап отырған дәуірге тән. Олардың ішінде
он сан ноғай, ораздының он ұлы дегендер ауыз әдебиетінде
де жиі кездеседі. Көне қару-жараққа қатысты ала балта,
тобыршығы биік жай, алдаспан ауыр қылыш, күшіген жүнді
оқ сияқты тіркестер де – бүл күнде көнерген дүниелер.
Осы көрсетілгендермен қоса біз әңгімелеп отырған дәуір-
лердегі қазақ поэзиясының, демек, қазақ әдеби тілінің мына-
108
дай стильдік-көркемдік тәсілдерін көрсетуге болады. Жоға-
рыда айтылды, бұл кезеңдегі өлең-толғаулардың көпшілігін
«шешендік поэзия» деп атауға болады. Қазақ тіліне тән ше-
шендіктің белгілері айтпақ сөздің фигуралылығы, яғни поэ-
тикалық әшекей белгілердің (аксессуардың) міндеттілігі мен
молдығынан көрінеді. Бұлардың ішінде шешендік-дидак-
тикалық сарындағы толғауларда риторикалық сұраулар, белгілі
бір формуламен берілген қаратпалар, ұқсастық жасайтын
образдар, параллельдер жиі қолданылады.
Жауап күтілмейтін риториканы жасайтын грамматикалық
тәсілдер әр алуан. Мұның ішінде көбінесе сұрау есімдіктері
мен сұраулық шылаулар қатысқан сұраулы сөйлемдер жиі
ұшырасады. Мысалы: Көлде жүрген қоңыр қаз Көл қадірін не
Достарыңызбен бөлісу: |