101
Сөз өзгерту саласында. Септеу тәртібі (парадигмасы)
негізінен қазіргімен бірдей, тек есімдіктердің септелуінде
өзгешелік бар. Ілік жалғауы
мен, біз деген есімдіктерге жал-
ғанғанда
-ің, -ім түрінде де келеді:
менім, бізің. Әсіресе
менім варианты қазіргі қазақ тіліне жат, ол – ноғайлық тұлға.
Бірақ XV-ХVI ғасырлардағы қазақ тілі үшін де бұлайша
қолданыстың тән болуы ықтимал. Жіктеу есімдіктерінің сеп-
телу жүйесінде күні бүгінге дейін жеткен ерекшеліктердің
(мен-ің, ма-ған, о-ның, о-ған, о-ны) бар екендігін ескерсек,
қазақ тіліндегі қазіргі норманың бірден қалыптаса қойма-
ғандығын мойындауға болады.
Шығыс септіктің екі-үш жерде -
дын /-дін варианты
кездеседі:
Ер өзіндін соңратын... Бұ кеткендін қайтпасаң
(Шалкиіз). Бұл осы күнгі басылымдарда
-дан /-ден түрінде
берілген. Егер сірә да қазақшалау керек болса,
өзіңнен, кеткен-
нен деп,
-нан /-нен түріне көшіру керек еді. Біздіңше, шығыс
септіктің көне ұйғыр жазба әдеби дәстүрінен келе жатқан
-дын
/-дін варианты негізінен ортағасырлық түркі жазба тілдеріне
тән болғанымен, ертерек дәуірлердегі
ауызша жырланған
үлгілердің де тілінен орын алуы мүмкін.
Етістіктің тұйық түрі (немесе қимыл атауы) екі түрлі тәсіл-
мен жасалған: бірі – қазіргіше
-у жұрнағы арқылы, екіншісі –
-
мақ жұрнағы арқылы. Алғашқысы өте сирек ұшырасады,
негізінен бұл
кезде қимыл атауы
-мақ тұлғалы болып келеді:
мақтанбақ, батыр болмақ, кешу кешмек. Мақсат (супин)
реңкімен келетін тұстарда
-уға қосымшаларымен берілетін
етістік біз талдап отырған дәуірлерде
-арға тұлғасымен кезде-
седі: «Ал дегенде
аларға, Алып жерге
саларға»
, «Сырғаласқан
жауды
сықтарға. Сырт бергенді зорларға Сырттанның ұлы
Қара Қосай мырза бар» (Шобан). «Жарақшылар жоқ па екен,
Жармай білте
соларға»
(Доспамбет). Бұл көрсетілген ерекше-
ліктер ауыз әдебиеті тіліне де тән.
Есімшенің өткен шағы
-ған жұрнағымен беріледі, оғұздық
-мыш жұрнақты тұлға мүлде жоқ. Есімшенің ауыспалы шағын
жасайтын формант (тұлға) негізінен
-тұғын түрінде келеді:
«
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін» (Асанқайғы).
Етістіктің бұйрық рай тұлғасы (II жағы) қазіргі қазақ әдеби
тілі нормасымен сай түседі: анайы түрінде жұрнақсыз (нөлдік)