127
йақа+сы+да, ана+сы+ға) де, яғни
н қыстырма дыбысынсыз
келгендері де бар. Бұл – Қадырғали заманындағы түркі жаз-
ба әдеби тілінің нормасы. Бұл жерде қазақ жазба әдеби тілінің
шағатайлық нормадан біртіндеп
бойын аулақ сала бастағаны
байқалады.
3) Шығыс септіктің екі түрлі вариантта:
-дын және
-дан
түрлерінің жарыса қолданылуы да – екі күштің (тілдік екі стих-
ияның), яғни қыпшақ тілдері мен көне ұйғыр жазба дәстүрінің
«теке тіресінен» туған құбылыс.
4) Септік жалғаулары жуан-жіңішке болып, сөз түбірімен
үйлесіп отырады, бұл – ескерткіш тілінің қыпшақ тілдерінің
дауыстылар үндестігі деп аталатын нормасына бағынуы.
5) Қадырғали
жылнамасының тіліне қарасақ, ескі қазақ
жазба дәстүрінде етістіктің шақ, рай, есімше,
көсемше кате-
гориялары қыпшақ тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің нор-
масымен келеді. Ара-тұра шағатай тілінің кейбір тұлғалары да
қолданылғаны байқалады. Мысалы, бір-екі жерде есімшенің
-ған жұрнақты тұлғасының орнына
-мыш жұрнақты вариан-
ты және келер шақтың –
ғусы /-гүсі жұрнақты түрлері түркі
ескерткіштері тілдерінде бұрыннан келе жатқан дәстүрлі
қолданыстар. Көсемшенің көне
-у/-йу жұрнақты түрлері мұнда
жоқ.
6) Қазақтың орта ғасырлардағы ауызша да, жазба да тілінде
ауыспалы
шақты білдіретін -ғай жұрнақты етістік тұлғасы
жиі қолданылған, бұл осы күнгі
-а+ды (болады, келеді де-
гендер сияқты) қосымшаларымен
келген етістік тұлғасының
мағынасын береді:
қойын йылы болғай, йани қой йылы болғай.
Бұл сөйлемді қазіргіше айтсақ,
қойын жылы, яғни қой жылы
болады деген түрде келер еді.
7) Қимыл есімі
-ғу /-гү, -мақ /-мек жұрнақтарымен жасал-
ған. Бұл да қазақ тілінен алшақтамайды.
8) Қадырғали автор (-
ман жұрнақты етістікті
(барман,
айтпан) дәл қазақ тіліндегідей шақтық мағынада жұмсайды.
Шағатай тілінде бұл тұлғаның шақтық мағынада қолданылуы
кемде-кем.
9) Кейбір жіктеу есімдіктерінің септелген түрлері өзге
қыпшақ тілдеріне тән тұлғада келеді:
менім, аның. Ал
мендін,
сендін, меңе (менге), аңа, аңар сияқты тұлғалар – әрине,
шағатайлық.
128
Сөйтіп, қазақтың ескі жазба әдеби тілінің морфологиялық
құрылымында қыпшақ элементтерінің үлесі айтарлықтай.
Дегенмен оның негізі шағатай тілі болғандықтан,
осы жазба
дәстүр бойынша қолданылған оғұз және көне ұйғыр тілдеріне
тән тұлғалар да едәуір орын алған. Бұл ерекшелік ортағасырлық
түркі жазба тілдерінің барлығына тән.
Сөз болып отырған кезеңдегі жазба әдеби тіл араб жазу-
ын пайдаланғандығы белгілі. Емлеге келгенде ортағасырлық
түркі жазбаларының барлығына ортақ дәстүрлі
жазу норма-
сы сақталған, атап айтқанда,
қосымшалар жалғауда сөздің
соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болып келуіне қарай
үндесуінің сақталмауы, сондай-ақ қыпшақ тілдерінде сөз ішінде
ұяң дауыссыз дыбыс келетін сәттерде дәстүр бойынша қатаң
дыбыс әрпін жазу
тоқуз,
йақа, йоқары, тақы, бұлар қыпшақ
тілдерінде
тоқыз/тоғуз, йаға/жаға, йоқары/жоғары, тағы
болулары керек еді). Тәуелдік жалғаулары немесе дауыстыдан
басталатын өзге де қосымшалар
жалғанғанда сөз аяғындағы
қатаң дыбыстарды ұяңдатпай жазу да емле дәстүріне берілген
«құрмет»
(су айақында, чықып келді, қамчы соқып), некен-саяқ
болса да,
йақшы, ұқшар сияқты қыпшақтық тұлғалардың
йах-
шы, охшар болып жазылуы да – көне ұйғыр емлесінің дағдысы.
Достарыңызбен бөлісу: