115
деген жолдардағы
о дыбысынан басталатын сөздерді келтіру
үшін
бақытты сөзінің синонимі
оразды сөзін табады. Немесе:
Туырлықсыз қара үйге
Ту байламақ не керек.
Туғаны жоқ жалғызға
Жауға шаппақ не керек, –
деген
Шалкиіз туырлық, ту, туған сөздерінің өзге эквива-
ленттерін алмай, осы сөздерді ғана таңдайды, бұл тандау алли-
терация үдесінен шығып тұр.
Өлең тармақтарының біркелкі дыбыстардан басталатын
сөздермен құрылуы – біздің күндерімізге дейін жеткен, қазақ
өлең техникасының ұтымды көне тәсілдерінің бірі.
Міне, бізден бұрынғы зерттеушілер көрсеткен және біз өзі-
міз тауып талдаған XV-ХVII ғасырлардағы қазақтың ауызша
тараған әдеби тілінің стильдік-тілдік ерекшеліктері – осындай.
Әдебиет зерттеушілерінің бірқатары осы күнгі өзіміз
оқитын эпостық жырларды тудырушылар XV-ХVI ғасырларда
жасаған Шалкиіз, Қазтуған сияқты жыраулар болу керек не-
месе олардың әсері эпостарға күшті тиген болу керек деген
пікірді
білдіреді
109
. Қазтуған XV-ХVI ғасырлардағы қыр эпо-
сын жасаушылардың бірі деген пікір тіпті ашық айтылған
110
.
Қазақтың мол ауыз әдебиеті мұрасының ішінде батыр-
лар жырлары циклі мен XV-XVII ғасырлардағы жеке ақын-
жыраулар шығармашылығының арасында үлкен іліктестік бар
екені айқын. Бұл жақындық әсіресе көркемдеу тәсілдері мен
лексика-фразеология саласында көзге түседі. Ақын-жыраулар
үлгілерінде образдар (теңеулер) батырлар жырларындағыдай
ең
алдымен малға, айналаны қоршаған табиғат дүниесіне
қатысты келтіріледі. Мысалы, Қобыландының айбаттылығын,
қаһарлылығын бақырған нар түйеге теңеп беру, Қарлыға қы-
здың сүйкімді портретін «саулы інгендей ыңқылдап» деп
суреттеу немесе Ақжүністің «қасы жайдай керіліп, кірпігі
оқтай тігілуі» – осылардың барлығына Шалкиіз, Доспамбет
теңеулері үндесіп жатады. Сол сияқты қару-жарақ, құрал-
сайман атауларының немесе соғысу тәсілін білдіретін сөздер-
109
Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр...
110
Марғұлан Ә. Зерттеле берер тақырып //Қазақ әдебиеті. - 1968, 8 июнь.
116
дің тұрақты эпитеттері, кейде тіпті жеке образдар бірдей түсіп
отырады. Айталық, «Ер Тарғын» жырының бір өзінде кездесе-
тін
бадана көзді кіреуке, алты аршын ақ болат, төрт қырлаған
көк сүңгі, қозы жауырын қу жебе т.б. «Қобыланды батыр»
жырында бар
толғамалы сүңгі, бадана көзді ақ сауыт, қозы
жауырын жебе дегендерді ақын-жыраулардан ұшыратамыз.
«Қобыландыдағы»
тұлпар мініп, ту алған; жара қатты, жан
тәтті, «Ер Тарғындағы»
оза шауып, олжа алған; ертеңнен
шапса, кешке озған, ылдидан шапса, төске озған тәрізді жеке
тармақтармен берілген образдар біз тілін талдап отырған жы-
раулар үлгілерінде де кездеседі. Тарғынның мертігіп жатқанда
Ақжүніске айтқан монологінің:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт құрсайды.
Күнді байқап қарасам,
Күн жауарға ұқсайды...
Көгілдірін ерткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды, –
деп келетін жерлері Шалкиіздің Темір өміршісіне айтқан мына
жолдарымен образдас түседі:
Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде
қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды...
Ал батырлар жырларының барлығында дерлік үнемі қайта-
лап отыратын
қатуланып, қаттанып, буырқанып, бұрсанып,
мұздай темір құрсанып немесе:
туырлығын тоқым қып,
керегесін отын қып деген штамптар жырауларда да жиі кез-
деседі. Қазірде өзгеше мағынада қолданылатын кейбір сөз-
дердің эпостардағы беретін ұғымдары мен XV-ХVII ғасыр
туындылардағысы бірдей келеді (мысалы,
алаш, қол, аламан,
сой деген сөздерді қараңыз).