Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет58/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

IV ТАРАУ
_______________________
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
§ 1. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілін сипаттайтын 
әдебиет үлгілері
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің қоғамға, оның мәде- 
ниетіне және халық мүддесіне қызмет етуі мен дамуы сол 
тілді иемденуші халықтың саяси, экономикалық және мәдени 
өмірімен тікелей байланысты болды.
XVIII ғасыр қазақ халқының сыртқы жауларға – жоңғар 
басқыншыларына қарсы азаттық күресінің кезеңі болды. 
Сондай-ақ «солтүстіктегі қуатты көрші» – Ресей империясы-
мен одақтасу ниетін көздеп, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге 
«өз еркімен қосыла бастауы» сияқты тарихи оқиғалардың тұсы 
болды.
Ресеймен болған жаңа қарым-қатынастың тәуелділік сипаты 
күшті бола отырып, қазақ халқының экономикасы мен әлеу- 
меттік-мәдени өміріне көптеген жаңалықтар әкелгені белгілі: 
сауда-саттық қатынастары дамыды, қалалар мен бекіністер ор-
нады, олармен қоса қазақ жеріне орыс адамдары қоныс тепті. 
Қоныстанушылар шаруашылық пен кәсіптердің жаңа түрлерін 
ала келді.
Әр алуан отаршылық, әкімшілік, экономикалық т.б. мүдде- 
лерді көздеп, қызмет бабымен келген орыс адамдары мен оқы- 
мыстылары қазақтың жер-суын, тұрмыс-салты мен мәдениетін 
зерттеуге кірісті. Әскери мекемелердің кадрлары мен әкімшілік 
орындарына қажет тілмаш, писарь сияқтыларды дайындау 
мақсатымен «гарнизондық мектептер» ашылды, 1789 жылы 
Омбыда ашылған «Азия мектебі» тәрізді оқу орындары пайда 
болды. Бұларда оқу орыс тілінде жүрді.
XVIII ғасырда қазақ жерінде азаматтық білім беретін, ана 
тілінде оқытатын ұлттық мектептер әлі жоқ-ты. Баспа орын-
дары мен өзге де мәдени ошақтар және жоқ болатын. Міне, 
осы жайттардың баршасы қазақ тілінің тағдырына да тікелей 
қатысты болды.


131
XVIII ғасырдың өн бойында қазақ даласында баспа орын-
дары, кітап шығару ісі, мерзімді баспасөз, оқу-ғылым бол- 
мағанымен, осы кезеңдегі қоғамға қызмет еткен тілдің типтерін, 
жай-күйін, лексикалық-грамматикалық сипатын, оның норма-
лану процесін танытатын үлгі-нұсқалар бар еді. Оларға:
Бірінші, көркем әдебиет, оның ішінде авторлы поэзия үлгі- 
лері жатады. Бұл әдебиеттің ірі уәкілдері: Ақтамберді, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет