Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 2. Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы



Pdf көрінісі
бет54/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

§ 2. Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы
Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ 
тобына жататын түркі сөздері құрайды. Мысалы, осы тұстағы 
өзге түркі ескерткіштерінде ау, ел/ал, ев/еу болып келетін 
сөздер мұнда аң (аңға чықты, аңға атланды), қол, үй түрінде 
қыпшақша, оның ішінде қазақша тұлғада жұмсалған. Сол 
сияқты бөлек, билеу (ел билеу), күйеу, біреу, аңча, батлық, 
йақа (жаға), йарылқа, қыр, ой, урушты, учрады, чапты деген-
дер таза қыпшақ сөздері. Тек жеке сөздер емес, тұрақты немесе 
лексикалық тіркес болып келетін сөздер де қыпшақ тілдеріне, 
оның ішінде сол кезеңдегі (және қазіргі) қазақ тіліне тән 
қолданыстар екенін көрсетуге болады. Мысалы, шежіре тілінде 
кездесетін қыз берді, ел болды, ажабқа қалды, бәнде қылды 
(тұтқын етті), фарман қылды, кіріфтарлық чекті, хуш келді де-
ген тіркестер беретін мағыналары мен жұмсалатын орындары-
на қарай қазіргі қазақ тілімен бірдей түседі. Бұл ретте әсіресе 
образды тұрақты тіркестердің шежіре тілі мен қазіргі қазақ 
тіліндегі бірдейлігі өте-мөте көзге түседі. Олардың бірқатары 
бұл күнде сол мағынада тек қазақ тілінде жұмсалатындығы – 
Қадырғали шежіресінің тілін қазақ тіліне жақындататын, яғни 
оны қазақтың жазба әдеби тілі деп танытатын белгілердің 
бірі. Мысалы, аяқ асты болды, балдызлай берді, бір йаша-
ды, ол хатунын йеңгелете (жеңгелей) алды, көңүл қалышты, 
қыз айттурды, тілегін тіледі, хатун йіберді, хатунны ай-
ырды, сөзінден чықмады деген ондаған фразеологизмнің біз 
әңгіме етіп отырған шежіре тіліндегі беретін мағыналары мен 
тұлғалық көрінісі қазақ тілімен дәлме-дәл түседі.
Әрине, Қадырғали жылнамасы тілінде қазақ тіліне тән емес
немесе қазіргі нормаға сай келмейтін сөздер мен тұлғалардың, 
тұрақты тіркестердің аз емес екендігі сөзсіз. Әсіресе фонети- 
калық тұлғалануы бөлекше йағмур (жаңбыр), тигәр (тиер), тағ 
(тау), туғды (туды) сығыр (сиыр), төгүрек (төңірек), қатығ 
(қатты) тәрізді сөздер мен үкүш (көп), біту (жазу), айу (айту), 
нүң (не), өнгін (өзге), қайу (қайсы) сияқты көне сөздердің 
жақша ішіндегі сол кездегі (және қазіргі) қазақ авторының ана 
тіліне тән варианттарымен қатар қолданылғаны байқалады.


123
Ескерткіш тілінің лексикалық қазынасына тән тағы бір 
сипат – сөздердің жарыспалылығы, яғни бір мағынадағы 
сөздің көне-жаңа, қыпшақтық-оғыздық, түркілік-арабтық, 
түркілік-парсылық, арабтық-парсылық түрлері (вариантта-
ры) ретіне қарай бірінің орнына бірі қолданыла берген. Бұл 
жарыспалылықтың кейде тіпті ешқандай стильдік не өзге 
себептері де жоқ болып келуі мүмкін. Ал кейде бір мағынада 
алынған сөзді оның екінші эквивалентімен түсіндіріп отыру 
әрекеті де байқалады. Мысалы, «әмірші» мағынасындағы бек, 
әмір сөздерін кейде қазақтың аға сөзімен алмастырып атай-
ды: мың бегі /мың ағасы; әміршінің (ханның, бектің) некелі 
жұбайы мағынасындағы лауазымды (титулды) білдіретін хатун 
(қатын) сөзі осы мағынадағы қытайдың фужин, монғолдың 
еке сөздерімен қатарласа (бірінің орнына бірі) жүреді.
Бірінің орнына бірі жұмсала беретін белгілі/мәшһур, йа-
зылды/ шарх берілді, күн туғуш/машрақ, бу күн /һануз, йурт/
мақам, йағы/ душман, улуғ/бузург, йарлуқ/фарман, оғул/фар-
занд, мың/һазара, кіші/нафар, бөлік/қисм, көб/аксар деген 
сөздердің алдыңғы қатарын түркі тұлғалары құраса, екінші 
қатары араб пен парсы сөздері болып келеді.
Мұндай лексикалық жарыспалылық – тек біз талдап отыр- 
ған шежіренің тіліне ғана емес, жалпы ортағасырлық түркі 
ескерткіштерінің көпшілігіне тән сипат. Бұл, бір жағынан, әлі 
жеке-жеке ұлттық тілдер болып қалыптасып бітпеген орта- 
ғасырлық түркі жазба тілдерінің лексикалық нормасы тұр- 
ақталмағандығын танытса, екінші жағынан, орта ғасырларда- 
ғы түркі жазба дүниесінің араб және парсы әдебиетімен (де-
мек, тілдерімен де) тығыз байланысты болғандығын көрсетеді. 
Үшіншіден, көне түркі Орхон-Енисей жазбалары тілі мен ерте 
орта ғасырлардан (XI-ХII ғ.) келе жатқан шығыстүркістандық 
(көне ұйғыр) жазба әдеби дәстүрінің әсері әлі де бар екендігін 
байқатады. Мысалы, көне біту (жазу), үкүш (көп), ерді (еді), 
нүң (не) сияқты сөздер мен шығыс септіктің -дын /-дін, -тын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет