Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
annotation155587

Әдебиеттер
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А.: Рауан, 
1997.
2. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептердің 5-
сыныбына арналған оқулық А.: Атамұра. 2017 
3. Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту 
методикасы. А.: Мектеп, 1987. 
4. Дәдебаев Ж. «Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған 
бағдарламасы. «Қазақ әдебиеті» газеті. 09.03.2018. 
Ҧлан Еркінбай, 
А.Байтұрсынұлы атындағы
Білім академиясының директоры,
филол.ғ.к., қауымд.проф. 
ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ 
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі, әсіресе орта 
білім беру саласында ауқымды, концептуалды ӛзгерістер 


56 
жүріп жатқаны мәлім. Бұл ӛзгерістерге қоғам, ата-ана, 
мектеп болып жан-жақты атсалысу маңызды. Ӛйткені, 
барлығы да ұрпақ тәрбиесінен басталады. Ұлт ұстазы Ахмет 
Байтұрсынұлы «... біз елді түзету ісін бала оқыту ісінен 
бастауымыз керек. Себебі, оқу-тәрбие ісі түзелмей, жұрт ісі 
түзелмейді» деді. Бүгінде орта білім саласында іске асып 
жатқан ӛзгерістердің дені әлемдік білім беру жүйесіндегі 
жаңашылдықтарға бағытталып отыр. Ол жаңашылдықтардың 
негізгі тұжырымдамасы нені кӛздейді? Бұрынғы білім беру 
жүйесінде нендей мәселелер назардан тыс қалды? Қазіргі 
оқылып бастаған жаңа оқу бағдарламалардың басты 
артықшылықтары қандай болмақ? 
Бұл жерде бірден айтуымыз керек, жаңа оқу 
бағдарламасының негізінде, ӛзегінде – оқушылардың әлемдік 
деңгейде бәсекеге қабілетті болуы кӛзделген. Бірақ, бұл 
жерде біржақтылыққа ұрынып қалмауды ойлауымыз керек. 
Әлемдік деңгейге ӛз ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып 
қосылуымыз керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани 
жаңғыру: 
болашаққа 
бағдар» 
атты 
бағдарламалық 
мақаласында да бұл мәселе тайға таңба басқандай анық 
айтылған: «Біз, ӛз дәстүр құндылықтарымызды, ұлттық 
ерекшелігімізді сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге 
қабілетті болуымыз керек. Басқалай жағдайда, біз тарих 
топырағының шаңына кӛміліп қаламыз» [1, 2-4 бб.].
Иә, бәсекеге қабілеттілікте, бүгінгідей алмағайып 
ӛзгерістер кезеңінде ұрпақ тәрбиесінің, оның адами, кәсіби 
келбетін 
танудың 
һәм 
қалыптастыру 
жолдарының 
маңыздылығы ерекше. Әсіресе, баланың стандартталған 
бағдарламалардан бір сәт азат етіп, ӛзінің ішкі, туабітті 
қабілеттерін шыңдауы, оны ұдайы дамытуы ӛте маңызды. 
Бұл тәсіл ӛз кезеңінде баланың ӛзін тез танып, ӛмірлік 
мұраттарын айқындауына септігін тигізеді. 
Жаһандық бәсекеде қандай да бір ел білім саласында 
тиімді, тӛте тәсілдерді басшылыққа алса, ұлт пен ұлыстың, 
кӛне мен жаңаның, пішін мен мазмұнның, теория мен іс-


57 
тәжірибенің синтезіне ие болса, сол ел озық шығады, 
жетістікке жетпек. Тұрақты ӛтіп тұратын Әлемдік 
экономикалық форум /Wold Economic Forum/ аясында 2020 
жылды ескеріп жасалған қажетті дағдылардың реттілігі 
тӛмендегідей: 
Проблемаларды кешенді түрде шеше білу – Complex 
Problem Solving 
Сыни ойлау – Critical Thinking
Жасампаздық - Creativity 
Адам басқара білу – People Management 
Ӛзгелермен қарым-қатынасқа бейімділік – Coordinating 
with Others 
Эмоционалды интеллект – Emotional Intelligence 
Пікір қалыптастыру және шешім қабылдау – Judgment 
and Decision Making 
Жүйелі де сапалы қызмет кӛрсете білу (сервис-
ориентация) – Service Orientation 
Ӛзара әрекеттестік пен келісім жасасу – Negotiation 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет