47
міндеттер жаңа бағдарламаларда да бар десек болады.
Мақсат міндеттердің алдыңғы шебіне «коммуникативті
құзірет, ӛздігінен білім алу т.т.» машықтарды атағанымен, әр
тұста шашырап жүрген әдеби білім алу міндеттерін кӛруге
болады.
Әдебиет – 1932
жылдан бері негізі қаланған,
жүйеленген, ӛзіне тән зерттеу нысаны бар жеке пән. Оған еш
дау жоқ. Ал әр пән сол саланың ғылыми негізіне сүйенуі
заңдылық. Әдебиеттану ғылымының ӛзінің тұрақталған
жүйесі: тарихы, теориясы, сыны бар десек,
әдебиет пәнінде
әдеби
материалдарды
ұсынудың
да
тұрақталған
заңдылықтары қалыптасқан. Мәселен, орта буындағы
әдебиеттік оқу сыныптарында ауыз әдебиетінен бастап,
кӛлемі жағынан ықшам, оқушының жас ерекшелігіне, таным-
түсінігіне лайықталған ең таңдаулы әдеби нұсқаларды
сұрыптап
беру шарты, жоғары сыныптарда әдебиеттің
тарихына алғашқы қадам жасау, әдеби нұсқаларды
дәуірлерге жіктей беру тәжірибесі қалыптасқан еді.
Жоғары
сыныптарда белгілі бір әдеби кезеңді айқындап тұратын
шолу тақырыптарының да маңызды міндеті болатын. Абай,
М.Жұмабаев, М.Әуезов т.б. классиктердің шығармалары
сыныптың ӛсуіне қарай бірте-бірте күрделендіріліп
спиральді түрде ұсыну арқылы орта білім деңгейінде
классикалық мұраны, ұлы
тұлғаларымызды танытудың
тиімді амалы болған. Жаңартылған бағдарламаларда осы
үрдіс ескерілмеген. Ал әдебиетті жеке тақырып-айдарларға
жіктеп, барлық оқу материалын соған жүгіндіру неліктен
қажет деген сұрақ туындайды.
Мәселен, 5-сыныпта «Таза мінсіз асыл сӛз»
деген
айдармен ертегілер, батырлар жыры, аңыз әңгімелер
ұсынылған. Бағдарламаға
енбей қалған тұрмыс-салт
жырлары, мақал-мәтелдер, шешендік сӛздер, әпсаналар,
мифтік әңгімелер т.б. асыл сӛзге жатпай ма?! Дәл осы
атаумен нені түсіндіруге болады?!