Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
annotation155587

«Тәрбиенің 
қайнар 
бұлағы» 
делініп, 
Д.Бабатайұлы мен Ы.Алтынсарин шығармалары ұсынылады. 
Ал осы қатарға «Адамгершілік – асыл қасиет» делінген 
айдардағы А.Байтұрсынов шығармаларын қоссақ мағына-
мазмұн толықпаса, ӛзгеріп кетпесі анық. А.Байтұрсынов 
шығармаларында 
да 
тәрбие 
бағыттары 
кем 
емес. 
Шығармаларда бір ғана мәселе қамтылмайтыны, ӛмірдің қат-
қабат сәттері мен адамдар әлемінің сан қатпары, болмыс-
бітімі ӛріліп жататын кӛркем туындылардың аражігін 
ажыратып, шек қою қаншалықты тиімді?! 
Тиімсіздігін 
6-сыныптар 
бойынша 
берілген 
айдарлардан байқауымызға болады. Мәселен, «Туған жерім 
– алтын бесігім» айдары бойынша «Аяз би» ертегісі 
берілген. 
Ертегінің 
тақырыптық-идеялық 
мазмұнын 
зерделеген адам басты мәселе туған жерге қатысты емесін 
айқын кӛрсе керек. Туған жер, елдік мұрат Асан Қайғы
Қазтуған жырауларда «Қырында киік жайлаған», «Алан да, 
алаң, алаң жұрт», «Салп, салпыншақ анау үш ӛзен» 
толғауларында менмұндалап тұр. Қазақ хандығының құрылу 
тарихындағы айтулы кезеңнің жарқын кӛрінісі, барша қазақ 
жұртының туған жерінің «бесік жырындай» болған 
толғаулар. Әдеби мәтін арқылы қазақ халқының басындағы 
сын сәттерді пәнаралық байланыста танытудың да оңтайлы 
жолы болар еді.
Үйірінен адасқандай «Мен – балаң жарық күнде сәуле 
қуған» айдарында С.Мұратбековтің «Жусан исі» шығармасы 
жүр. 
«Отбасы 
құндылықтарында» 
«Дж.Лондонның 
«Мексика ұлы» жүр. «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы 
ұғым» айдарында шығарма тіліндегі күрделігіне қарамай 
А.Алтайдың «Прописка» әңгімесі жүр. Тәуелсіздіктің 
қасиетін Р.Ғамзатовтың «Ана тілі» мен «Менің Дағыстаным» 
арқылы ғана түсіне алатын болғанымыз ба?! Дәл сол 
шығармалардың орнына тӛл туындыларымыздан қоссақ 
мағына-мазмұнға кем соға ма?! Тақырып-айдарларды қуа 
берсек, жоғарыда кӛрсеткендей сәйкессіздікті кӛреді екенбіз. 


49 
Ендеше тағы да сұрақ туындайды. Барлық әдеби материалды 
тақырып-айдарларға телу соншалықты неге қажет болды?!
Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Әдебиет 
пәнінің» оқу бағдарламасында оқу материалдарын берудегі 
жүйесіздіктің барын әрі әдебиеттер мӛлшерден тым 
қысқарып 
кеткендігін 
бұған 
дейін 
ғалымдарымыз 
(Ж.Дәдебаев, Б.Қапалбек) айтқан еді. Шындығында оқу 
материалы әдеби білім аламын деген оқушы үшін ӛте аз.
Алдымен, 5-7 сыныптарда балалар әдебиетінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет