Бағдарламада жіті қарайтын ккінші мәселе – оқыту
мақсаттарын берудегі жҥйесіздік. Барлық оқу әрекеттерін
үшке:
«Түсіну
мен
жауап
беру»,
«анализ
бен
интерпретация», «бағалау және салыстыру» деп жіктелген.
Оқу-таным әрекетін бұлай жектеу білім беруде ӛткен
тәжірибемізде қалыптасқан жүйеге де жаңа делінетін Блум
таксонимиясының танымдық деңгейлеріне де толық сәйкес
емес.
1987
жылы
жазылған
әдістемелік
еңбегінде
Ә.Қоңыратбаев: «Танымның (білімнің) негізінде материал
(текст) жататын болса, бірінші жинақтауға мазмұн (тексті
оқу) сатысы жатады. Затты (материалды) бала ӛзі ұстап
кӛрмей жатып, сол зат туралы онда ешқандай актив ұғым
тумайды. Бүтін – сол. Білім дегеніміз таным болса, ол заттың
ӛзін игеруден басталады... материал арқылы бала болмысты,
адам табиғатын танып біледі. Бала алманы кӛзбен кӛріп
52
(түсі), қолмен ұстап (салмағы), мұрнымен иіскеп, ӛз білгенін
тілмен айтады.
Екінші саты – талдау (бӛлшек). Бұл тұста балалар
бірлескен түрде шығарманың формасын (образдарын)
композициясын, тілін, ӛлең ӛлшемін) жеке-жеке талдайды.
Бӛлшексіз бүтін жоқ. Бұл оқуды тереңдетеді. Кластағы
бірлескен талдау сабақты активтендіреді. Талдау сабақтарын
тереңдетудің екінші формасы – теориялық мағлұмат» дей
келе автор теориялық білімнің ретімен берілуін назардан тыс
қалдырмайды. «Кейбіреулер соңғы жинақтаудың орнын
жақсы түсінбей жүр. Бірінші жинақтау – оқу болса, екінші
жинақтау – шығарма, автор идеясына жататыны рас.
Оқушылар мінездемелік шығарма ғана емес, топшылау,
әсіресе кӛркем стильдегі шығармаларды да жазып игерген
болуы керек... Бұрын мұғалім бірінші орында тұрған болса,
енді оқушы бірінші орынға шыға бастайды» [3, 32] деген
бағалы пайымдарынан оқу мақсаттарын жүйелеуде бұрыннан
білім, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану (шығармашылық)
барын аңғару қиын емес.
Сонымен
оқу
таным-үдерісінің
бастауы
оқу
әрекеттерінен құралуы керектігін түсінеміз. Ы.Алтынсарин
әдістемесінен бастау алатын оқу әрекеттері: пайымдап оқу,
талдап оқу, мақамдап оқу, сӛйлету, жаздыру, мазмұндау,
мінездеу, ғибратшылдық оқу (шығарманың идеясын түю)
білім (ақпарат) алудың негізгі тетігі ретінде бұрыннан
қалыптасқан,
тұрақталған .
Оқу
пәніміз
әдебиет
болғандықтан оқудан да бұрын қабылдауды (восприятие)
назардан тыс қалдырсақ, оқу үдерісінің психологиялық
ұстанымын ескермегендігіміз болып шығады. Жаңартылған
оқу бағдарламасында 5-6 сыныптардың ӛзінде мәтінді
пайымдап оқу, қабылдау үдерісіне қатысты оқу мақсаты
қойылмаған.
Мәтінді тану
сӛз бірліктерін түсініп оқудан
басталатынын жоққа шығара алмаймыз. Ендеше алғашқы
оқу-таным
әрекеті
бағдарламадағыдай
шығарманың
53
құрылымдық жүйесі, мазмұны мен пішінінен басталмай, сӛз
мағынасын танудан болғаны жӛн. Олай дейтініміз
оқулықтардағы тапсырмаларда мәтінге сӛздік берілгенмен,
сол сӛздердің мәтіндегі қолданыс аясын пайымдау міндеттері
назардан тыс қалған.
Жаңа оқулықта 5-сыныптардан бастап шығарманың
сюжеті мен композициясын, шығармадағы автор бейнесі,
кейіпкерлер портреті мен образын талдау жұмыстарын
жоспарлайды. «Түсіну мен жауап беру» міндеттері қойылған
соң
кӛбірек
сӛз мағынасына
кӛңіл
бӛлу
қажет.
Бағдарламадағы алғашқы шығармалардың ӛзінде мағынасын
ашатын сӛздер мен сӛз тіркестері бар. Ал оқулықта алғашқы
мәтіннен бастап «Шығарманың сюжеттік композициялық
ӛрбу
кезеңдерінен
тыс
теориялық
сипаттамаларды
анықтаңдар», «Әдеби жанр дегеніміз не»? шығарма
фабуласын табыңдар т.т. тапсырмалардың дені шығарма
құрылысын талдауға бағытталған [2, 15-20 бб].
5-сыныпта сӛз мағынасы, кӛркем құралдар, троп пен
фигураның түрлерінен бастап 6-7 сыныптарда ӛлең
құрылысы, әдеби жанрлар, шығарманың композициялық
құрылымы меңгерілетін тәжирибеміздегі әдістерді назарға
тұту керек болар. Әдеби мәтін арқылы тілдік-танымдық,
эстетикалық
құзірет
қалыптастыруды
назардан
тыс
қалдыруға мүлде болмайды.
Б.Блум таксономиясының танымдық деңгейлерін жаңа
бағдарламада жүйесіз қолданылып жүргендігі туралы ғалым
Ж.Дәдебаевтың пікірі орында айтылған ескертпе деп
ойлаймыз [4]. Сонымен қатар дәл осы «түсіну мен жауап
беру», «анализ бен интерпретация», «бағалау мен
салыстыру» деген деңгейлік мақсаттың атауындағы
сәйкессіздіктен ӛзге ішкі міндеттерінің де ауысып жүргенін
байқауға болады. Бірінші мақсаттағы міндеттердің кӛбі
интерпретацияға
сәйкес
болса,
салыстыру
талдауға
(анализге) де тиісілі.
54
Оқу таным деңгейлері барлық сыныптарға ортақ
беріліп, қалып-трафарет болған соң, тапсырмаларды беруде
оқулық авторларына да қиындық туғызғанын байқауға
болады.
Шығармадағы автор бейнесін анықтау жырға да, мысал
ӛлеңге де, толғауға да, әңгімеге де берілген. Кӛркем
шығарманың кӛбінде имплицитті мәнге ие болып тұратын
күрделі танымды мектептің орта буынынан сұрау орынсыз.
Авторға хат жазу, кейіпкерге хат жазу, әдеби эссе жазу,
сыни хабарлама деген тапсырмалар әр тақырып бойынша
қайталанады.
Жалпы
үшінші
оқу-таным
мақсаты
шығармашылық болған соң, бағдарламада «әдеби сын»,
«әдеби эссе» деп шектеп тастау ретсіз. Себебі 5-сынып пен
11-сыныптың оқушыларына бұлай бірдей тапсырма беру
дидактикалық жағынан дұрыс емес. Әр сынып оқушысының
шығармашылық мүмкіндігі ескерілуі керек. Оқытудың
жеңілден күрделіге қарай, жалқыдан жалпыға қарай деген
бұрыннан қалыптасқан ұстанымдарын жоққа шығаруға
болмайды. 5-сынып оқулығына берілген бірінші шығарма
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің айналасында, яғни
оқулықтың алғашқы оншақты бетінде теориялық ұғымдар
сықап тұр: шығарманың тақырыбы, идеясы, мазмұн, пішін,
түрі, тартыс, сюжет, фабула, композициялық құрылым әдеби
түр мен тек, троптың түрлері, типтік бейне, прототип т.т.
«Түсіну мен жауап беру» делінген алғашқы мақсаттың
екінші міндеті «Әдеби шығарманың тұжырымдамасы» деп
берілген. Сӛздің қолданысы дүмәдәл. Дәл осы міндет 5-
сыныпқа да, 11-сыныпқа да ортақ.
Қорыта
айтқанда,
жаңартылған
оқу
бағдарламаларының мазмұндық құрылымы пәнді оқытудың
танымдық,
идеялогиялық,
функционалдық,
мақсат-
міндеттерін қанағаттандырмайды.
Жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сай
емес.
55
Оқу материалдарын іріктеуде тәжірибеміздегі сан
жылдардан бері қалыптасқан ұстанымдарды есепке
алынбаған.
Әдебиет пәнінің арқа сүйейтін негізі – әдебиеттану
ғылымының заңдылықтарынан ауытқу байқалады.
Пәнді оқытудың мақсат-міндеттерін қоюда олқылықтар
кездеседі. Оқу міндеттері танымдық жүйенің деңгейлеріне
сәйкеспейтін тұстар кӛп.
Пәнді оқытудың мақсат-міндеттерін қою мен күтілетін
нәтижелердің арасында бірізді байланыс орнатылмаған.
Әдебиетті оқытудың әдістемелік жүйесі ескерілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |