әрі қарай отбасылар келеді. Әр түрлі тілдік топтардың туыстық дәрежесі екі
жақтан анықталады: ішкі және сыртқы. Ішкі жақтан: берілген тілдік топтың
қандай рангты туыстықты сипаттайтыны анықталады. Ал сыртқы жағынан
онымен аса жақын топтармен туыстық дәрежесі белгіленеді.
Ностраттық макроотбасына алтай тілдері жатады, олар түркі, монғол,
тунгус-маньчжур, кәріс және жапон тілдерін біріктіреді. Зерттеушілер
алтай тілдері генетикалық байланысты және алшақтатылуы б.э. дейінгі 10-
8 мыңжылдықтан кешікпей болған, бір ата тілден құрылды деп болжайды.
Бұл тілдік бірлестік аса жоғары рангке жатады, бұл мезоотбасының ішіндегі
ерекше тармақты кәріс және жапон тілдері құрайды.
Алтай тілді халықтар, басқа да ностраттық бірліктер сияқты
европеоидты болды. Өзінің шығысқа біртіндеп жылжуы барысында олардың
екеуі (монғолдар және тунгус-маньчжурлар) барлық европеоидты морфоло-
гиялық
белгілерін
түпкілікті
жоғалтпағанша,
«алтайлықтар»
антропологиялық қатынаста жергілікті монғолоидты тұрғындармен (сонымен
бірге өз тілдерін сақтап) одан сайын жақындасты. Түркілерге қатысты айтсақ,
олардың арасында дерлік европеоидтар, монғолоидтар да және нәсілдік
қатынаста араласқан халықтар да (көпшілігі түркі халықтары) кездесетіні
белгілі.
Әдетте алтайлық этнотіл бірлігінің ата жұртын Орта Азиядан және
Солтүстік Иранға жанасқан аудандардан іздейді. Қазір түркі, монғол, тунгус-
маньчжур тілдерінің қайда ыдырағанын айту қиын, ең дұрысы, бұл алтайлық
ата тілдің ыдырау орнынан шығысқа қарай болды. Жұмбаққа (немесе
құпияға) түсінік беру үшін, бәлкім, толықтық үшін О. Сүлейменовтің дәйек
сөзін келтіремін, онда біз оны керек қылатын маңыздылық бар: «... Бүгінгі
күнге дейін баяндалатын тарих мынадай: біздің эраның басында олар Саян-
Алтай аймағында туды; екі-үш ғасыр бойында ақыл-парасаттың нәзік
поэтикалық реңктерін де, монументтік эпикалық картиналарды да беруге
қабілетті, тамаша, грамматикалық жетілген тілді жасады; теңдессіз
жазуды тудырды, империя (қағанат) құрды және Балқан мен Жерорта
теңізіне дейінгі кеңістіктерді жаулап алу үшін, әлдеқайдан пайда болған
монғолдар басып алған, Гоби шөлейтіне ешқашан қайтып бармау үшін, осы
байтақ жазықтарға қоныстану үшін, батысқа ұмтылды. Шын мәнінде,
түркілердің тарихына уақыттың жоғарғы қабаты, олардың өмірбаянының
соңғы кезеңі кіріседі, олар Шығыстан Батысқа қашан қозғалды, ал
Шығысқа қалай, қашан және қайдан келді?» - мұндай сұрақ ғылымда әлі
көтерілмеген. Бірақ егер оны
Еуразияның басқа тілдерінің лексикасымен
Достарыңызбен бөлісу: