Тілтаным языкознание


Тақырып: Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ұлттық ерекшелікті есімді сөз  тіркестерінің грамматикалық құрылымы және олардың танымдық мәні  Түйін



Pdf көрінісі
бет18/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
ТІЛТАНЫМ-2017-3

Тақырып: Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ұлттық ерекшелікті есімді сөз 
тіркестерінің грамматикалық құрылымы және олардың танымдық мәні 
Түйін: Бұл мақалада сөз тіркестеріндегі мағыналық, құрылымдық өзгерісті 
Абай, Шәкәрім шығармаларының материалы негізінде қарастыру олардың 
мақсатты түрдегі жұмсалуын, тек семантикалық мәселелерді шешуге емес
лингвистикалық семантика мәселелеріне бағытталғандығын анықтау мәселелері 
қарастырылады. 
Тірек сөздер: шығарма, фактор, үдеріс, қорытынды, когнитивті лингвистика, 
коммуникативтік үдеріс, сөз тіркес, функционалдық ақпараттық білім.
Тема:
Грамматическая структура национальной специфики именных словосо-
четаний в произведениях Абая, Шакарима и их познавательный смысл.
Резюме: В статье рассматриваются проблемы именных словосочетаний в произ-
ведениях Абая и Шакарима, в которых содержится много языковых структуры и 
фразеологических единиц, отражающих и национальный дух. Коммуникативный 
процесс – один из ключевых предпосылок развития смысловой структуры фраз. 
Ключевые слова: произведение, фактор, процесс, заключение, когнитивных 
лингвистика, коммуникативный процесс, функциональный.
Subject: The grammatical structure of national specifics in the works of Abai, 
Shakarim and their cognitive meaning
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


38
Abstract: The article deals with the problems of nominal word combinations in the 
works of Abai and Shakarim, which contain many linguistic structures and phraseological 
units that reflect the national spirit. Communicative process – one of the key prerequisites 
for the development of the semantic structure of phrases.
Keywords: composition, process, expression, information and education.
А.Байтұрсынов: «Абайды қазақ баласы тегіс танып білуі керек... Абай сөздері 
дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ»[1, 301 б.] – деп аса құнды артқыға қалдырған 
сөздерді ұрпаққа ұран деп тануға болары рас. Абай мен Шәкәрім көтерген 
мәселелер ұлттық құндылықтарды ғана құрамайды, жалпы адами мәселелерді де 
қозғайды. Осы адамзатқа тән рухани байлық болып табылатын дүниені сөз тіркесі, 
оның есімді басыңқылы тұлғалары арқылы танып, тарату мақаланың өзегі болып 
отыр. Сөйлем құрамына енген сөздер бір-бірімен белгілі синтаксистік тәсілдер 
арқылы байланысып, мағыналық үйлесімдер негізінде тізбектеледі [2, 49 б.]. 
К.Шаукенов «Синтаксис» атты еңбегінің «Сөз тіркесінен сөйлем жүйесіне барар 
жол» деген тарауында: «Белгілі бір ойды білдіруде жеке сөзден сөйлемге дейінгі 
аралықтағы байланыстылық заңдылығы сөз тіркесін құрайды. Сонда сөз тіркесі, 
сөздер сөйлем құраудың заңдылығы болады, ол заңдылық болмаған жерде сөйлем 
де болмайды», – деп, сөз тіркесінің сөйлем құрауға материал [3, 10 б.] болатындығы 
жөніндегі С.Аманжоловтың пікірін қуаттайды. 
Абай: 
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішсем деп бейнет сусынын
Асау жүрек алқынар! – 
деп, «жастықтың отын» іздеп, шарқ ұрады. Абай шығармаларының «махаббат» 
концептісіне қатыстылығы шын достық пен неге болса да адал махаббат болуын 
насихаттаудан тұрады. 
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы, – 
деген жолдардағы есім басыңқылы тіркестер де «махаббат сезімін» паш етеді. 
Сонымен қатар, екі жастың немесе қос ғашықтың арасындағы махаббаттың 
кіршіксіз таза, пәк болуын да өлеңге арқау етті. Оған Абайдың Пушкиннен 
аудармасын: «Евгени Онегині», «Татьянаға хаты» шығармаларының мазмұнынан 
көруімізге болады. Ақын орыс поэзиясының алыбы Пушкиннің шығармасын 
қазақша аудара отырып, оны қазақтың төл шығармасындай сөйлете білді. Ақын 
көңіліне жақын келген Евгений мен Татьяна арасындағы шынайы махаббатты 
жырға қосты. Ондағы «кінәсі жоқ жас адамды», «елжіреген жас», «ғашыққа мас» 
есімді тіркестері ғашықтық жалынын анық білдіріп тұрса, «жаралы жолбарыс», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет