«киіктің лағы» есімді тіркестері – метафоралы сөзқолданыстары. Сөйтіп, бірін-
бірі сыйлап, сүйіп өткен қос ғашықтың махаббаты арқылы қазақ даласындағы
жастардың өмірі мен махаббатын үндестіре отырып, көркем сөзбен кестеледі.
Демек, «махаббат» концептісін Абай шығармаларының өн бойынан толықтай
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
39
кездестіріп отыруға болады. Ал ақын шығармасындағы «махаббат» концептісі
адамдар арасындағы қөңіл тазалығы, пәктік, шынайылық, құрметтеу, ізгілік, сену
т.б. адами қасиетке тән когнитивтік модельдерден тұрады.
Абайдың табиғат туралы өлеңдеріндегі көркем бейнелер – сыртқы және ішкі
дүниенің шынайы үйлесімділігінен туған бейнелер. Абайдың табиғат туралы өлең-
дерінде де табиғаттың мінезі секілді әртүрлі мінездегі қөңіл-күй, сезім иірімдері
көрініс береді. Мысалы, Абайдың «Жаз» өлеңінде:
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, –
деп, ақынның көңіл күйі ішкі таным-түйсіктерінің бір уақыт байыз тауып, толыс-
қан, кемеліне келген сәтін бейнелейді. Немесе:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі, –
деген өлең жолдарында есімді тіркестер табиғат тамашасын одан әрі әрлендіре
түскендей.
Уақыт өлшемін бейнелеуде қолданылған -ған көсемшесі де ақынның сол бір
кезге деген сағыныш, аңсауының, қимастық сезімінің кілті сияқты: «Жаздыгүн
шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп
жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда». Осылайша басталған өлең суреті енді ып/
іп/п көсемшелері арқылы ойнақы, динамикалық сипат алады. Өлеңнің соңғы
шумағына келгенде осы ырғақ үзіліп, «Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер
қайрат жоқ» екенін «байғұс шалдың» бейнесімен тұжырымдайды. Мұндағы көңіл
күйді жеткізуде өлеңнің ұйқасымен бірге -ған,-ген, -ып,-іп,-п қосымшаларының
мағынасы мен қызметі абстракцияланып, ерекше танымдық стилемаларға
айналған.
Жоғарыда да сөз болған қазақ халқының ертеден қалыптасқан моралі «Малым
жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы» деп ар, ұят, иман қасиеттерін
жаннан артық бағалап, «өлімнен ұяттың күшті екендігін» қоғамда, тәрбиеде
басты қағида етіп ұстанған.
Абайдың осы Алланың өзі де рас, сөзі де рас деп басталатын өлеңінде және
отыз алтыншы, отыз сегізінші қара сөздерінде ар мен иманды түсіндіруде араб
сөздерін дәл Құран тілінде берілуімен қолданып, оның мән-мағынасын қазақтың
поэзия тілімен немесе қара сөздерінде шешендік үлгісімен береді.
Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы ең ірі концептілік жүйе құрай алатын
концепт – өмір, өлім, Алла, ар-ұят, махаббат, иман т.б. тұжырымдасы. Олар эпитет,
теңеу сияқты көріктеу құралдары арқылы, сондай-ақ еркін сөз тіркестері, оның
ішінде есімді және етістікті сөз тіркестері арқылы көрініс табады.
«Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойласын», «Адамдық борыш ар үшін, Барша
адамзат қамы үшін», – деп өз өлеңдерінде қайталанып отыратын жалпыадамзаттық
адами мәселелер – Абай мен Шәкәрім шығармаларының өзекті тақырыбы.
Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адамды ізгілікке жұмылдырудың
барысындағы адамдық моральды көрсететін «ар-ұят» концептісі бинарлық жұп
ретінде қатарласып қолданылады. Адамдық асыл қасиетті көрсететін этиканың
өлшемі – ар мен ұят бірін-бірі толықтырып отыратын құбылыстар. «Ар-ұят»
концептісінің Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы қолданысына тоқталатын
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
40
болсақ, ағайынды ақындар «ар-ұят» концептісін жырға қосу барысында ерекше
образды сөздермен беруімен қатар танымдық ерекшелігін де баса көрсете отырып,
дидактикалық негізге қосады.
«Ар-ұят» концептісі ақындар өмірімен өзектес күрделі концепт екендігін
тікелей олардың өмірімен сабақтастыра қарастыру барысында көптеген танымдық
ақпараттар алуға болады. Мәселен, «мыңмен жалғыз алысқан» Абай, өз ұлтының
көзі ашық, көкірегі ояу халықтар санатынан көрінуі үшін шарқ ұрып шырылдаған
үніне бүгінгі ұрпақ та бейхабар емес.
Халқымыздың тілі де, өнері де, тарихы да, ғылымы да, тіршілік харекеті де,
ойы да Абай шығармаларын үлгі етеді. Абай шығармашылығының негізі адамның
ар-ұятын оятатын, нұр сәулесінің шапағаты. Қазақ халқы «талапты ерге нұр
жауар» десе, сол жауаптан нұрдың көзін Абай даналығынан кездестіреміз. Абай
шығармаларында адамдықтың өлшемі арды аттамауға, ұятты сақтауға жанын сала
жырлағанын көруімізге болады. Абай арқылы арды тану барысында Абайдың
ұлылығын ұғынғанның үстіне ұғына түсетініміз күн санап ұлғаймаса, кемімегенін
көруімізге болады. Абайдың: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ
адаммын, оны да ойла» деуінің сырын осыдан аңғаруға болады. Абайдың бұл
жұмбағын өзара түсіне білу, батыл, санасы көреген, батыл көзді, ақыл, қайрат,
жүректі бірге ұстаған дарынды түсіну, ол бір ғана адамның, бір саладағы істейтін
адамдардың қолынан келмейтінін байқауға болады.
Абайтану ісіне, оның өзі айтқандай, қиғаш келмей, тура, сыңаржақтамай, айна-
қатесіз, әділ жүрекпен, таза ниетпен түсіну керек. Шыншыл, ғаділетті Абай есімін
атақ үшін, мансап үшін пайдалану адамдық ардың алдында зор қылмыс болмақ.
Адамның барлық іс-әрекетін армен байланыстыру, ұятты, арлы адамды төбеге
көтеру орынды. Бұл жөнінде хакім Абай:
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады иығы зор.
Ата-ананың қызығынан ғапыл қалма, –
десе, енді бірде:
Ақыл керек, іс керек, мінез керек,
Ер ұялар іс қылмас болса керек, –
деп, «ар-ұят» концептісінің қатар жүретіндігін көрсетеді. Ар-ұят концептісінің
негізінде адамдықтың қалыптасатындығы, сонымен қатар «ар-ұят» концептісі
жалпы халықтық сипат алуымен қатар, этникалық ерекшелікте болатындығын
қөруімізге болады. Қазақ халқы «ар-ұят» концептісін ерекше қастерлеген күрделі
адамилықты танытатын бірліктердің қатарына жатқызады. Демек, Хакім Абай
мен інісі Шәкәрімнің «ар-ұятты» жырға қосып, осы үшін жұртқа өнеге, көпке үлгі
болғандығын көруімізге болады.
Хакім Абайдың ар болған жерде арсыздықтың болатындығын, ұят болған
жерде ұятсыздықтың болатындығын, бұлар біріне-бірі қарама-қарсы құбылыстар
екендігін көрсетеді. Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңінде:
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған мінейді,
Ол – арсыздық белгісі.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
41
Ұятсынбай, ойланбай,
Іс қылмай ма үлгісі... –
десе, енді бірде:
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап, –
деп, «ар-ұят» дегенді көп ешкім қалай бермейтіндігін сөзбен айтқанымен, ісінде
ұяттың «қылаудай» ғана нышаны көрінбейтіндігін тебірене жырға қосады.
«Ар-ұят» концептісінің қатарын намыс, ақыл, қайрат, жігер, адамгершілік т.б.
макро фреймдер қатары толықтыра түседі. «Ар-ұят» концептісі туралы ағайынды
ақындар толғанғанда олардың қатарына міндетті түрде жоғарыда айтылған макро
фреймдерді біріктіре жырға қосады. Олар өзара бір-бірімен байланысқа түсіп,
бірін-бірі толықтырып отыратын адамилық бірліктер ретінде қарастыруға болады.
Бұл арадағы бірліктерді Абай шығармаларында жеке біреулерге арнауында
көбіне кездесіп отырады. Мәселен, «Күлембайға» деген өлеңінде:
Қайтіп көмек болады,
Антұрған өңкей ұры-қар!
Көргенім әлгі, ойлашы,
Ұят-намыс қалды ма ар!
Немесе:
Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңлі тым-ақ тоқ,
Жайқаң-қайқаң әрнесі, –
деген жыр жолдары «ар-ұят» концептісінің бірліктері мен надан «көңілі» мен
«әрнесінің» өзара сабақтастықта екендігін анық көруімізге болады.
Адамдықтың өлшемі «ар-ұят» концептісі туралы күрделі адами қатынастарды
Абай мектебі одан әрмен қарай кеңіте, молықтыра отырып, дидактикалық негізге
құрып, жырға қосқандығын Шәкәрім шығармаларымен тығыз байланыста
қарауымызға болады. Бұл тұрғыдан келген де Шәкәрім реализмі – Абай реализмінің
заңды жалғасы болып табылады. Шәкәрімде болашақ дамудың бірден-бір жолы
«ғылым мен өнер үйрену, еңбек ету, бірлікті сақтап, тірлікті жалғастыру, озық
елдерден үлгі алу» деген байламға негізделіп, кеңінен жырға арқау болады.
Саналы түрде бұндай жетістікке жету үшін биікте тұрған бірінші мәселе – ар мен
ұятқа тіреледі.
Абай өзінің қазақтың мақал-мәтелдерін сынға алған 29-шы қара сөзінде «Жарлы
болсаң, арлы болма» дегенді келтіріп, «Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені
құрысын» деген байламға келеді. Арды ысырып қойып жинаған байлықты тек
нағыз арсыздар болмаса, бойында намысы, ұяты бар адамның өзі тыюы қажет-ақ.
Нақты осы «ар-ұят» концептісі туралы Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы
ой үндестігі мен дәстүр жалғастығын мынадай жерлерінен көруімізге болады.
Абай:
Өз ойыңды ар емес.
Ынсап, ұят, терең ой,
Ұятың, арың оянсын, –
десе, Шәкәрім:
Ар қайда, ақыл қайда, намыс қайда,
Өңкей итке жалындың табыс қайда?
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
42
...Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық –
Бұлардан бой тасалап ақталалық, –
деп, Шәкәрім арсыздықтан аулақ болуға шақырса, Абай адам санасындағы ар-
ұятты оятуға әрекет етеді.
«Ар-ұят» концептісі қоғаммен тікелей байланысты қоғамдық құбылыстардың
да қатарына жатады. Абайдың:
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өзі зордың болады иығы зор, –
деген өлең жолдары Шәкәрімде өз жалғасын былайша табады:
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңына еріңдер, –
деп, ел бастаған азамат арлы болса, артына еруді насихат етеді.
Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы дәстүр жалғастығын қарастыруда Абай
мектебі тек Абай үлгісімен ғана жүріп-тұрды деу ағаттық болады. Себебі Абай
шәкірттерінің қоғамы басқа қоғамдық құбылысты басынан өткерді. Сол себептен
де олардың шығармаларының арасында кейде айырмашылықтар да кездеседі.
Абай:
Атаны бала аңдиды, ағаны – іні,
Ит қорлық немене екен сөйткен күні.
Арын сатқан мал үшін антұрғанның,
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
...Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсыздар иман жоқ, түпке жетер, –
десе, Шәкәрім:
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи...
... Ардақтаған ата-анам малға сатты,
Қазы бұзды ұялмай шариғатты, –
деген өлең жолдарында мал емес, ар жиюды жырға қосса, ар сатудан өткен
сорақылықты тебірене отырып, адам танымына ерекше әсер етерліктей етіп
жырлайды. Дәл осындай өлең шумақтарын ағайынды ақындардың келесі бір жыр
жолдарын мынадай бір нұсқада кездестіреміз. Абай да:
Сөз айттым, Әзірет Әлі, айдаһарсыз,
Мұнда жоқ алтын шек сары ала қыз.
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз, –
десе, Шәкәрімде:
Сақтық, ұят, рахым, ар,
Ынсап деген кәрің де, –
деген жыр жолдарынан «ар-ұятты» үлгі-өнеге тұту кәрілерден, танымдық әлемі
жетілген жандардан бастау алатындығын тілге тиек етсе, бұл ойды Шәкәрім де
растайды. Абай өзінің 18-ші қара сөзінде: «Тегінде, адам баласынан ақыл, ғылым,
ар, мінез деген нәрселерден озады», – десе, Шәкәрім бұл тұрғыда былай деп
жазады:
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
43
Абай:
Арын сатып, ант ұрып, іздегені –
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас.
Шәкәрім бұл тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние хақында:
Жалғанның бір пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Абай мен Шәкәрім шығармаларының ішіндегі «ар-ұят» концептісі адамның
адамдығын қалыптастырушы лингвокогнитивтік және дидактикалық бірліктердің
қатарына жататындығын көрсетеді. Лингвокогнитология ғылымының бір
ерекшелігі тілді таза когнитологиялық сипатта қарастыру барысында адам
танымына стилистикалық бояма мағына арқылы да ерекше әсер етеді. Қазақ
поэзиясының алып бәйтеректерін бүгінгі ұрпақтың «ар-ұятты» шығармаларының
өзекті тақырыбы етіп, ой толғап, сыр шертіп, оқырман қауымға терең ой тастаған
Ұлы Абай мен Шәкәрімді мәңгілік естерінде сақтайтыны жүрекке жылу ұялатады.
Сөзіміздің соңын Абай мен Шәкәрім сөздерімен өрбітсек:
Жанымен сүйді әділет, ардың жолын,
Сондықтан ол иесі терең ойдың, –
десе, енді бірі:
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, –
деген даналық ділмәр сөздері халық жадында берік орнығып қалатындығына
күмән келтіруге болмайды.
ӘДЕБИЕТ
1. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 444 б.
2. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Білім,
2004. – 340 б.
3. Шәукенұлы К. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1986. –123 б.
4. Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, 1988. 56 б.
5. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. 1-2 т. – Алматы, 1954. 262 б.
Материял редакцияға 23.08.2017 жылы түсті.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
|