73
Көлеңкелеп отырған
Құлады, халқым, терегің!
Соған қарағанда, қазақ ұғымында теректің ерекшелігі тым ертеден қалыптасқа-
нын көреміз. Гүлдер өспей, отырғызған ағаш көктемей қалғанда «өліп қалды»
дегені де содан. Халық ауыз әдебиетінде аққайың мен терекке, түрлі гүлдерге
байланысты кейіптеулер, мінездеулер мен жоқтаулардың астарлы, бейнелеп айты-
латыны сондықтан болса керек. Австралияда бала туған күні әлі күнге шейін ағаш
отырғызады. Егер ол ағаш қисаймай түзу өссе, баланың өмірі дұрыс болады деп
болжайды.
Өсімдік атауларына байланысты сөздерді жинау диалектологтардың да назары-
нан тыс қалған емес. Бұл жөнінде Ш.Сарыбаев пен О.Нақысбеков, А.Шамшатова,
Г.Сағидолдақызы, М.Есімболованың еңбектерінде келтірілген деректерді атауға
болады. Ғалым О.Нақысбеков өз еңбегінде жергілікті ерекшеліктерге үлкен
мән береді. Онда жалпыхалықтық лексикада кездеспейтін немесе тек жеке-
дара жергілікгі ерекшеліктер түрінде кездесетін өсімдік атауларына жан-жақты
сипаттап, оларға лексикалық талдау жасаған болатын. Мысалы,
арқар жусан
(жусанның бір түрі),
балжуран, сұңғыда, күрөңсе, мортықбоз, дақса, кәтіреңкі //
қатыреңкі (ағаш) және техникалық дақылдар мен бау-бақша терминдерін келтіре-
ді:
меке жүгері «желтая кукуруза»,
тікен жүгері «мелкая кукуруза»,
пісте //күнге
бағар «подсолнух»,
тас қабақ, су қабақ, меке қабақ, манты қабақ «виды тыквы»
және т.б. [4].
Қазақ топонимиясының моңғолдық қабатының табиғатын зерделеген
Г.Сағидолдақызы моңғолдық кірме атауларды да моңғол тілі тұрғысынан лексика-
семантикалық топтастыруға ниеттенді. Ал ғалым М.Есімболова зерттеулерінде
Жетісу өңіріне тән атауларға тоқталады. Онда
жүгері сөзі әдеби тілмен бірдей
айтылғанымен, қазақ тілінің кейбір сөйленістерінде оның орнына басқа да сөз-
дер кездесіп жатады. Өзгеше де аталып кететіндігіне тоқталған. Сонымен қатар
зерттеуші өз еңбегінде Жетісу өңірінде кездесетін жер-су аттарының ішінде таулар-
ға, өзен-су, адам аттарына байланысты ғана емес, сондай-ақ өсімдік аттарымен
байланысты топонимдерге тоқталған. Олар:
Аршалы, Алмалы, Талды, Талдыбұ-
Достарыңызбен бөлісу: