лақ, Талдысай, Теректі, Қарағайлы, Доланалы, Қайыңдыбұлақ, Жүзгендішағыл,
Жыңғылды, Шеңгелдіөткел, Итмұрынды, Қоғалы, Миялытүбек, Қамысты,
Қамыстысай, Көкпекті, Теріскенді, Шилі, Шилібастау, Шиліөзен, т.т.
Ал А.Шамшатова «Лексика злаковых культур» атты еңбегінде: жүгері атаулары
туралы бөлімінде мынадай мысал келтіреді: жүгері атауына байланысты сөз-
дерге аяқталған «бала құшақтау («начало наливания кукурузы»), Жайдары
жүгері («один из сортов кукурузы»), отырықтау («посадка кукурузы»), сота
(«початок кукурузы»), пәшектеу («удаление лишних листьев кукурузы»), дүмбіл
(«молочный период кукурузы»), балауыз («период созревания кукурузы»),
сары шая («кукуруза, оставшаяся без ухода»), сидамдау («очистка кукурузы от
сорняков»), жүгері қайыру («сбор кочанов руками»), кәшек («остаток кукурузных
стебелей»), ақыр («место, куда собирают кукурузу»), башақ//пашақ («стебель
кукурузы»), аталық («тычинка») т.б. дейді. Мұнда зерттеуші бір ғана жүгері сөзіне
қатысты қаншама сөздер пайда болатынын жеткізеді. Соңдай-ақ, тары сөзіне
байланысты атаулар да баршылық: қараңыз («место, на котрое сеется просо втрой
год»), байбердіс («белое просо, сладковатое на вкус»), үккен («просо, очищенное
вручную»), боз («урожайность проса»), қарасып бастыру («поливка проса сразу
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
74
же после его посадки»), көк орақ («период созревания проса»), жұлма («просо
с плохой урожайностью»), тұмсығын жару («созревшее просо»), қонақтары
(«скроспелка»), көмей («мера воды для полива»), күлте десте («сбор просав
кучу»), тышқан құлақ («всход проса»), ақбауыр тары, шаршау тары, ала бүйрек
тары («мелкие сорта проса»), қызыл тары//қонақ («красное просо»), қоянаяқ
(«сорт желтоватого проса») деп келтіреді [4, 6].
Қайсы тіл болмасын оның сөздік құрамы сол тілдің ежелгі төл және шет
тілдерден алынған кірме сөздерден құралатыны баршамызға аян. Демек, бұл
олардың қазақ тіліне сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Өйткені қазақ халқы да өзінің
даму тарихында көршілес көптеген елдермен қарым-қатынас жасап келгені
белгілі. Сондықтан сол халықтардың тілдерінен қазақ тілінің сөздік құрамына
көптеген сөздер еніп, қазақ тілінің қорын молайта, байыта түсті. Ондай қарым-
қатынастар көне заманнан бастап түркі тектес башқұрт, татар, тува, өзбек,
қарақалпақ, ноғай халықтары тілімен, моңғол, славян, иран (парсы, тәжік, ауған)
және араб тілдерімен және орыс тілі арқылы роман, герман тілдерімен қарым-
қатынас жасап келеді. Әрине, осы халықтармен қарым-қатынас жасаудың
әртүрлі деңгейіне байланысты, кірме сөздердің саны мен сапа жағы да әртүрлі
болып келеді. Мысалы, егін, бау-бақша өнімінің (бидай, тары, өрік, қауын, алма)
байланысты ұғымды білдіртін сөздер жататыны белгілі. Дегенмен, төл сөздердің
дені басқа да түркі тілдерімен ортақ болып келеді. Осындай лексикалық қат-
қабаттармен бірге тілімізге сіңісіп кеткен лексикалық элементтер де жоқ емес.
Ондай шет тілден енген сөздер белгілі тарихи жағдайда болған қарым-қатынас-
тың нәтижесінде пайда болды. Осы тұрғыдан қарағанда, Орталық Азия мен
Византия аралығын алып жатқан ұлан-байтақ терри-торияны мекен еткен түркі
тілдес ру-тайпаларының ұдайы шапқыншылыққа ұшырап отырғанын ескерген
жөн. Мысалы, Александр Македонскийдің жорығы, ғұндардың босқыны,
арабтардың жаулап алуы моңғолдардың шабуылы т.б. оқиғалар осы өңірдегі ру-
тайпалардың өмір салтына, әдет-ғұрпына, тіліне әсер етіп, із қалдырып отырды.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер туралы айтсақ, қазіргі қазақ тілінде қолда-
нылып жүрген араб-парсы сөздерінің сөздігін жасаған Н.Оңдасыновтың шығарған
еңбегінде 2000-дай парсы [6, 383], 4000-нан астам араб [6, 255, 2, 285] сөздерінің
берілуі, қазақ тілінің сөздік құрамында араб-парсы сөздерінің елеулі орын
алуының дәлелі болса керек. «Қазақ әдебиеті» газетінің бір санына лексикалық
сандық талдау жасау арқылы газетте 1236 сөздің 15 пайызға жуығы араб-парсы
сөзі екенін анықтайды. Осы және басқа мәлімет негізінде араб-иран сөздері қазақ
тілінің актив лексикасында – 15, пассив лексикасында – 7 пайыздай деп түйіндейді.
Ал енді өсімдік атауларының қалыптасуының тәсілдері мен жолдарын
Б.Қалиев үш түрлі тәсілмен көрсетті. Олар: морфологиялық, синтаксистік және
лексика-семантикалық. Шынында да, морфологиялық тәсіл – өсімдік атауларын
қалыптастыруда негізгі өнімді болып табылады. Олар түбір, негіз, не екі түбір – екі
негізден тұратын атаулар болып табылады.
Өсімдік атауларына тән тағы бір ерекшелік – көптеген сөздер кірме қабатты құ-
райды. Оның өзіндік себептері де бар. Оңтүстік аудандардағы қазақтар өзбектер
мен орыс халықтарымен көршілес мекендегені себепкер. Мысалы, сақ сөзі
(«собықтың қалдығы») парсы тіліндегі саге сөзінен алынған. Маз бидай (парсы
тіліндегі бүктетілген, шатасқан дегенді білдіреді).
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
75
Өсімдік атауларын зерттеуде омонимдер де кездесті. Мысалы, бағлан – қауын-
ның бір түрі. Бағлан – алты айлық қозы, балтасап – қайыңның түрі, балтасап –
балтаның сабы; сағыз – «хондрилла», сағыз – «шайнайтын сағыз». Сондай-ақ
«еркекшөп («житняк»), сәмбітал (верьба), таспашөп (астрагал), зәйтүн ағашы
(«оливковое дерево»), тұт ағашы («шелковница») және тағы басқаша аталуы
мүмкін, мысалы: еркек, сәмбә, таспа, зәйтүн, тұт [2].
Сонымен, өсімдік дүниесінің адамға тигізетін әсері ерекше. Олардың тілдегі
қалыптасуын, қолданысқа енуін негізге ала отырып, өзара топтастырсақ, оларды
тақырыптық-мағыналық топтарға жіктеп, қарастырсақ, халықтың тіл байлығын,
оның кәсіби білгірлігін анықтауға болады. Бұл жүйеде топтастыру барысында
халық тұрмысындағы әдет-ғұрпын, салтын, наным-сенімін, шаруашылық жүргізу
дәстүрін, тарихи оқиғалар үрдісін, ұлттық ерекшеліктер мен т.б. қасиеттердің белгі-
сін айқындауға қатысы барлығын байқауға болады. Өсімдіктердің ерекшеліктері
мен олардың өздеріне тән атқаратын қызметіне байланысты бірнеше топқа бөліп
қарастыру – тіл білімі дәстүрінде бар қағида. Бұл өсімдік атауларының этимоло-
гиясын зерттеуде, түсінуде көп септігін тигізері сөзсіз. Өсімдіктерді мүмкіндігінше
өсетін жеріне, тұқымына, тегіне, гүл шоғырына қарай, жемісі мен тамыр сабағына
қарай бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Өйткені олар халық санасында жіктеліп
қалған топтар.
Топтастырудың осы бір тәсілі арқылы біз ұлан-ғайыр мол тілдік деректердің
ішінен өзімізге керектілерін бөліп алып, оның табиғатын жан-жақты қарастыруға,
сырына тереңірек үңіліп, тілдік сипатын, ішкі мазмұнын айқындай түсуге мүм-
кіндік аламыз.
Қазіргі танда, негізінен, Б.Қалиевтің [1, 134] жіктеу принципіне сүйеніп, өсімдік
атауларын адам іс-әрекетінен бейтарап, табиғи жағдайда жабайы түрде өсетін
өсімдіктер тобы; арнайы күтімді қажет ететін, қолдан егіліп, өсірілетін мәдени
өсімдіктер тобы деп, екіге бөліп қарастырғанды жөн деп санаймыз.
Халықтық жіктеу тұрғысынан: жабайы өсімдіктер тобы; мәдени өсімдіктер
тобы.
Тақырыптық жіктеуге байланысты өсімдіктердің ерекшеліктерін қарастыра
отырып, біз олардың бір-бірімен тығыз байланысты жақтарын да қарастырамыз.
ӘДЕБИЕТ
1. Қалиев Б. Название растений в казахском языке. – Алматы, 1992. – 65 с.
2. Жанұзақов Т. Қазақстанның жер-су атаулары. –Алматы, 2003. – 70 б.
3. Нақысбеков О. Языковые особенности казахов Чуйской долины. –Алматы,
1963. – 42 с.
4. Есімболова М. Жетісу қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. –Алматы,
2001. – 36 б.
5. Шамшатова А. Лексика злаковых культур. –Алматы, 1966. – 45 с.
6. Оңдасынов Н. Араб-парсы тілінің сөздігі. –Алматы, 1966. – 106 б.
Материял редакцияға 28.08.2017 жылы түсті.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
76
МРНТИ 16.21.47
S.A. ABDRAMANOVA
1
1
KIMEP University
Достарыңызбен бөлісу: |