К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Экологиялық таза өнім. Іс-қимылдың объектісі, табыс септік



Pdf көрінісі
бет14/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

Экологиялық таза өнім. Іс-қимылдың объектісі, табыс септік 
жалғауының түсіріліп қолданылуы, күрделі сөздер (сүт өнімдері, 
ауылшаруашылығы, қоршаған орта). 
 
Экологиялық таза өнім 
Еңбегі бардың өнбегі бар. 
Мақал.
Қазіргі уақыт – жаһанданған заман. Жаһанданған заманның 
халықаралық саудаға қояр талабы басқа. Қазір кез келген мемлекет өзіне 
қажетті барлық тауарларды өздері шығарып жатпай, оны басқа елден арзан 
бағамен сатып алуды жолға қойды. Өзі де сондай басқа тауарды арзан бағамен 
шығаруға тырысып жатыр. Мұндай сапалы, арзан өнімдерді халықаралық 
нарыққа шығару қандай да бір елдің басты мұраты.
Қазақстанның халықаралық нарықтағы негізгі позициялары – мұнай, 
уран, түрлі металдар, бидай және тағы осы секілді шикізат. Шикізатты сыртқа 
сатып, қажетті заттарды сырттан әкелеміз. Алдымызда 2025 жылға қарай 
шикізаттық емес экспортты екі есе ұлғайту міндеті тұр. 
Қазақстан әлемдегі экспорттаушы саналатын 50 елдің қатарына кіреді. 
Халықаралық нарықта Қазақстанның уран экспорты бірінші орында тұр. 
Ұнның экспортынан – 2, титан экспортынан 3-орындамыз. Мұнан басқа көмір, 
темір, тағы да басқа тауарлар экспортталады. Қазақстанда шығарылған 
электровоздар мен тепловоздар Түркіменстанға, Тәжікстанға, Әзербайжанға, 
Қырғызстанға экспортталды. Талдықорғанда шығарылған аккумуляторлар 
Африкаға жол тартты. Бүгінде Қазақстан әлемнің 117 еліне тауар экспорттай 
бастады.


17 
Экологиялық таза өнімнің құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге 
қарағанда аз. Бұлар - сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер. 
Экологиялық 
таза 
өнімдер 
экологиялық 
таза 
аумақта 
қосымша 
тыңайтқыштарсыз, табиғи шикізаттардан алынады. Экологиялық таза өнім 
ұғымы 1924 жылы Р.Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты. 
Бүкіл әлемде экологиялық таза өнімге сұраныс жыл сайын орта есеппен 
20-30 пайызға артып отыр. Қазақстан өзін әлемдік аренада органикалық 
экологиялық таза тағам өндіретін ел ретінде танытуы керек. Бұған мол 
мүмкіндік бар. Өйткені Еуропада, Иранда, Араб Әмірліктерінде, Қытайда, 
Кореяда Қазақстанның экоөнімдері танымал бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет