Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Хазіреті Дыхйаның Мәдинаға келуі



Pdf көрінісі
бет228/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Хазіреті Дыхйаның Мәдинаға келуі 
Хазіреті Дыхйа өзіне берілген міндетті абыроймен орындап қайтып 
келе жатады. Қойнында Гераклийдің пайғамбарымызға хаты, қолында Рум 
билеушісінің қымбат сыйы бар. Кездейсоқ қарақшыларға тап болған 
мұсылман елші іске асар дүниесінің бәрін беріп басын зорға арашалайды. 
Мәдинаға аман-сау жеткеніне шүкір етіп, келген бойда Мұхаммедтің (с.а.у.) 
құзырына кіреді. Басынан өткендерді түгел баяндап болған соң Гераклийдің 
хатымен таныстырады. 
"Аллаһ Расулы Мұхаммедке Рум билеушісінен", - деп басталған хат. 
"Біз сенің келетініңді Иса пайғамбар арқылы білгенбіз. Сенің Аллаһ 
Расулы екеніңе куәлік келтіремін. Хатыңды алдым. 
Біз сені Інжілдегі Мәрямұлы Исаның сүйіншілеген хабары арқылы 
танитынбыз. Халқымды иман келтіруге шақырдым, алайда олар мұны қабыл 
етпеді. Мені тыңдағанда өздері үшін жақсы болар еді. Мен сенің қасыңда 
болып, саған қызмет етуді жан-тәніммен қалайтынымды білсең?!" 
Хат оқылып біткенде ардақты Аллаһ Расулы: 
"Менің хатымды қай кезге дейін сақтаса, сол уақытқа дейін Рум 
салтанат құратын болады", - деді. 
Кисраны иманға шақыру 
Хижреттің жетінші жылы, мухаррам айы. 
Біздің заманымыздың 628 жылы Аллаһ Расулының бұйрығымен сахаба 
Абдуллаһ ибн Хузафаға Иран Кисрасы Пәруиз ибни Хүрмүзді иманға 


339
шақыру міндеті жүктелді. Елші кисра сарайына кіре салысымен уақыт 
оздырмастан тікелей келген ісіне көшті. 
Кисра хатшысына келген хабарды оқуға әмір берді. 
"Бисмилләһ ир-рахман ир-рахим! 
Аллан Расулы Мұхаммедтен (с.а.у.) парсылардың басшысы Кисраға" 
деп бастай бергенде Кисра тістеніп орнынан атып тұрды: 
"Бұл жұрт мені қалай-қалай басынады. Менің құлым болар адам маған 
тікелей хат жазуға қалайша дәті жеткен", - деп демі дірілдеп хатшының 
қолындағы мүбәрак қағазды жұлып алып, ортасынан қақ айырды да 
лақтырып жіберді. 
Онысымен қоймай мұсылман елшіге: 
"Дүние-мүлік, билік пен салтанат тек менің иелігімде болмақ. 
Жеңілемін деп те қорықпаймын. Менімен ешкім күш сынасып бәсекеге түсе 
алмайтынына сенімдімін. Перғауын бір кездері бүкіл Исрайыл ұрпағын 
бағындырды. Сендер одан мықты емессіңдер, сендерді бағындыруыма 
ешқандай кедергі де жоқ. Мен перғауыннан да күштімін деп ақырды". 
Пайғамбарымыздың Кисраға жолдаған хатының толық мәтіні 
төмендегідей: 
"Бисмилләһир-рахманир-рахим! 
Аллаһтың Расулы Мұхаммедтен (с.а.у.) парсылардың басшысы 
Кисраға! 
Тура жолға түсіп, Аллаһ пен пайғамбарына иланғандарға, бір 
Аллаһтан басқа тәңірінің жоқтығына сеніп, оған серік қоспағандарға және 
Мұхаммедті Аллаһ Расулы деп танығандарға сәлем! 
Мен сені Аллаһтың дініне (Исламға) мойынсұнуға шақырамын... 
Өйткені мен "Тірілердің басына келер қауіпті ескертіп, кәпірлерге азаптың 
хақ екендігін білдіру" (Ясин,70) үшін пайғамбар ретінде жіберілдім. 
Мұсылман болсаң бейбіт өмірге қол жеткізесің. Егер шақыруымды қабыл
алмасаң, бүкіл халқыңның күнәсі сенің мойныңда болмақ!" 
Хазіреті Абдуллаһ ибн Хузафа пайғамбарымыздың хатын Кисраның 
қолына ұстатып, өз міндетін орындады. Кисра ашуланып елшіні сарайдан 
қуып шыққан. Абдуллаһ ибн Хузафа көлігіне міне салып "Мәдина қайдасың" 
деп желе жөнелді. 
Ислам орталығына келген ол РасулАлланың құзырына кіріп, болған 
жайды бастан аяқ баяндап береді. 
Сүйікті Пайғамбарымыз тыңдап болған соң: 
"Уа, 
Раббым! 
Залым 
Кисраны 
саған 
тапсырдым", 

дейді. 
Пайғамбарымыздың аузынан шыққан лебіз орындалмай қалған емес. 
Көп ұзамай Кисра Пәруиздің туған ұлы таққұмар Ширауайх әкесін 
қанжар сұғып өлтіреді... 
...Кейінірек Хазіреті Саад ибн Әби Уаққас бастаған әскерлер Иранды 
жермен-жексен етеді. Сасанидтер мемлекетінің күлі көкке ұшады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет