ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫН САРАЛАУДЫҢ
ШАРТТАРЫ
Қазақ фольклорының прозалық жанрларын ғылыми негізде
саралау – ұлттық фольклортану ғылымы үшін аса маңызды
әрі жауапты іс. Бұл көптеген практикалық жұмыс атқаруды
қажет етеді. Ең алдымен қолда бар прозалық шығармаларды
түгел есепке алып, оның типтерін, сюжетттерін, мотивтерін,
ке
йіпкерлерін анықтау керек. Оларды реттеп болған соң,
жинақтап, жүйелеп алу қажет. Сонан соң жанрлық саралаудың
принциптерін айқындау керек. Принципті айқындау үстінде
даралаудың, сондайақ бөлшектеудің критерийлерін белгілеп
алған жөн.
Фольклордың жеке жанрларына арналған еңбектер, сөз жоқ,
жанрлық саралауға жақсы негіз бола алады. Солай бола тұрса
да жанрлар теориясын қарастырғанда саралаудың шарттарын
анықтаудың өзі оңайға түспейді. Бұның себебі – осы уақытқа
дейін жанрлардың өзара байланыста зерттелмеуінде. Мысалы,
поэзиялық жанрлар зерттеу еңбектерде бірбірімен байланыста
алынбайды. Әрбір поэзиялық жанр жеке қарастырылады,
оның басқа туыстас және алшақ жанрлармен қатынасы еске
рілмейді. «Жанрды бір жүйеге түсіріп қарастырмайынша,
жекелеп зерттеу ісі айтарлықтай табысты болмайды»
67
, – деп
жазады Г.Н. Поспелов. Бұл – дұрыс пікір.
Жанрлар көркем творчество мен өнердің әрі тұрақты, әрі
өзгермелі формасы ретінде өмір сүреді. Тұрақтыға әр жанрлық
топтың негізін қалайтын жанрдың типологиялық белгілері
жатады. Сонымен бірге фольклорлық проза жанрлары бірнеше
жанрлық топтардың жүйесінде өмір сүретін құбылыс ретінде,
сөз жоқ, өзара және басқа да жанрлармен қатынасқа түседі.
Сөйтіп, ол өзгермелі де сипат қабылдайды.
[
55
]
Қазақ прозалық фольклорын жанрға саралау ісіне бөгет жа
сайтын нәрсенің бірі – оның жеке жанрларының біркелкі тек
серілмеуі. Айталық, қазақ ертегілерінің жанрлары біршама
зерттелген болса, халық прозасының басқа жанрлары түгелдей
арнайы түрде ғылым объектісі болып көрген жоқ. Ертегіге
жатпайтын прозалық шығармалар ғылыми топтастырылған
да, жүйеленген де жоқ.
Сонымен бірге халық прозасын саралау барысында мына
нәрселер ескерілуге тиіс: біріншіден, қолдағы материалдың
сырсипаты қандай, оның қандай ерекшелігі бар деген сұрақ
тар жауап табуы керек. Екіншіден, бұл материалға халық қа
лай қарайды, оны қалай бағалайды деген сауалдар айқында
луы қажет.
Қазақ халық әдебиеті үлгілерінің көп жиналғаны баршаға
аян, бірақ жанрға шаққанда, қазақ фольклорының барлық
жанры біркелкі жиналған деуге болмайды. Кейбір жанрлар
(айталық, батырлар мен ғашықтар жыры, мақал мен мәтел,
тұрмыссалт ертегілері, т.т.) көптеген шығармалармен кө рін
се, енді бір жанрлардың жазылып алынған нұсқалары айтар
лықтай көп емес. Соның бірі халық прозасының ертегі жанрына
жатпайтын түрлері. Атап айтқанда: хикая (быличка), миф,
топонимикалық аңыз (предание). Көп ретте бұл жанрдағы
шығармалар екі рет қана жазылып алынған. Соның салдарынан
«аңыздық проза» жанрлары жеке жинақ болып бірдебір рет
шыққан емес, ол ылғи ертегіге арналған жинақтарда қосалқы
дүние ретінде беріліп жүр. Оның үстіне халық прозасының бұл
түріне арналған ешқандай библиографиялық немесе басқаша
бір әдебиет жоқ. Ал шындығында қазақ арасында миф пен
аңыздар, хикаялар бұрын жиі айтылған. Оған дәлел ретінде
революциядан бұрын шығып тұрған газет пен журналдарда
жарық көрген тарихи, топонимикалық аңыздарды, әңгімехи
каяларды айтуға бо лады.
Жоғарыда айтқанымыздан шығатын бір қорытынды –
ертегіге жатпайтын халық прозасының үлгілері аз жазылып
алынған. Оның себебі бірнеше: бірінші себеп – жалпы қазақ
фольклорының ғылыми мақсатпен жүйелі түрде өте кеш
жиналуы. Шынтуайттап келгенде, біздің ұлттық фольк лоры
мыз тек совет дәуірінде ғана жиналды.
[
56
]
Екінші себеп – жинаушылар ғылыми дайындығының азды
ғынан және уақыт талабын ескеруіне байланысты көбінекөп
көркем фольклорды, атап айтқанда, батырлар мен ғашықтар
жырын, тарихи жырды, дастандарды, жұмбақ пен мақал
мәтелдерді, ертегілерді жазып алуға тырысты. Үшінші себеп,
қазақ халық әдебиетін жаппай жинауға кіріскен кез де (яғни
3040 жылдарда) ел арасында көркем фольклордан басқа
шығармалар айтылудан қалып, ұмтыла бастаған еді. Мүлде
ұмытылмаса да, өмірлік қабілеті әлсіреп, таралу шеңбері та
рыл ған еді. Тағы бір себеп ретінде айтатын нәрсе – көркем
фольклордан тыс мұраға тұрпайы социология тұрғысынан
қарап, жинаушылар да, зерттеушілер де ертегіге жатпайтын
прозалық фольклорға айтарлықтай көңіл бөлмеді, оның ғы
лыми маңызын жете түсінбеді, тіпті оған үрке қара ды.
Қазақ халық прозасын жанрлық саралаудың тағы бір қиын
шылығы қолда бар материалдың ерекшелігіне бай ла нысты.
Ол ерекшелік – бүкіл қазақ халық әдебиетінің табиғатына тән
жанрлық синкретизм мен көпсатылық (поли стадиальность)
және әрсатылық (разностадиальность). Басқа
ша айтқан
да, қазақ фольклоры жанрларының арасында көзбен кө ріп,
қолмен ұстайтын жік жоқ. Олар әу бастағы тектік туыс
тығын жоғалтпаған, сондықтан бірбіріне оңай кірігіп, ор
тақ белгілер мен қасиеттерді иемденеді, синкреттік сипатта бо
лады.
Сонымен қатар бүкіл халық әдебиеті сияқты, прозалық
фольклор көп дәуірде туған шығармаларды қамтиды, тіпті оның
бір жанры мен бір шығармасында бірнеше дәуірге тән ойлау
мен көркемдеудің көп сатысы бар, яғни көне формалармен бірге
жаңа формалар да қатар өмір сүреді. Прозалық фольклордың
құрамында сондайақ әр дәуірдің таңбасы бар. Әр түрлі заманда
туған сюжеттер мен мотивтер кездеседі, әр дәуір болмысының
көріністері сәулеленеді. Жалпы, халық прозасының жанрлық
жіктері туралы айтқанда, мына жағдай есте болуы шарт.
Проза жанрларының өзара өте жақын болуы, олардың бірінен
біріне оңай кірігіп кетуі екі себепке байланысты. Біріншіден,
көне жанрлар пайда болған кездегі тектік жақын қасиеттерін
жоғалтпаған, екіншіден, жанрлар ұзақ уақыт бірге өмір сүру
[
57
]
кезінде өзара байланыста, бірбірімен тығыз қатынаста болған
да, түгел бір жанрлық жүйе құраған.
Осы екеуінің ішінде, әсіресе, бірінші, яғни жанрлардың
синкреттігі халық прозасын саралау мен оларды атайтын
терминдерді анықтауда едәуір қиындық туғызады. Мысалы,
орыс халық прозасында сказка, предание, сказ, легенда, бы
линка жанрлары белгісі мен қасиеттері жағынан айқын
жіктеліп, сараланған және олардың әрқайсысына нақты бір
терминдік атау берілген. Себебі мұнда көне дәуір жойыл ған,
жанрлық жүйе қоғам дамуының сатысына сай қалыптасқан.
Демек, әр халық фольклорының ерекшелігі сол халықтың
тұрмысына, қоғамдық құрылысы мен мәдени дамуына бай
ланысты. Сол себепті де орыс халық прозасындағы жан рлар мен
қазақ халық прозасындағы жанрлар толық сәйкес келмейді,
олардың атауларына сыйғызылатын ұғым да әр басқа. Айталық,
орыс фольклортануында қолданылатын «пре дание» атауына
қазақ фольклористері пайдаланып жүрген «аңыз» атауы сәйкес
келмейді. Предание жанрына орыс фольклортану ғылымы
тарихи негізгі бар фольклорлық шығармаларды жатқызса
68
,
қазақ фольклортану ғылымында аңыз жанрына одан кеңірек
ұғым беріледі. Дәл айтсақ, орыс фольклортануында «легенда»
деп аталып жүрген шығармалар іспетті нұсқалар да «аңызға»
кіреді. Яғни қазақша «аңыз» термині орысша «предание» және
«легенда» терминдерінің ұғымын береді.
Бұдан шығатын қорытынды – жанрларды жіктеп, сара
лағанда екі түрлі фактор есте болуға тиіс. Ол: а) халықтың бұл
жанрға қатысы (айтушы мен тыңдаушы илана ма, жоқ па?;
шын болған оқиға деп түсіне ме, жоқ па?), ә) жанрдың өзінің
болмысқа қатынасы (ол шындықты қалай бейнелейді?)
Осыған байланысты Еуропа халықтарының фольклорлық
прозасын атайтын терминдер қазақ топырағында сол қалпын
да емес, басқа мағынада қолданылуы ықтимал. Мәселен,
халы қ а ралық терминге айналып кеткен «миф» атауы қазақ
жағ
дайында еуропалықтар қолданған мағынадан сәл басқалау
болуға тиіс. Қазақ қоғамы, қауымы, тұрмыстіршілігі, бү
кіл болмысы Еуропа елдерінен өзгеше, соның нәтижесінде
оның фольклоры да басқаша. Тұрмыстіршілігі, мәдениеті
қа зақ еліне ұқсас жұрттың да фольклорында «миф» термині
[
58
]
еуропалықтар түсінігіндегі «миф» емес. Қазақ сияқты, олар
үшін де «миф» пен «аңыз» үлкен роль атқарған. Ол мифтер
мен аңыздарда сол қоғам ұстанатын бүкіл өмір қағидалары
мен әдет ғұрпы, тіршілік ерекшеліктері мен әдеп шарттары
жинақталған. Сол себепті ондай мифтер өте көне туынды болып
саналады, олардың көркемдігі ертегідей емес. Және олар үлкен
мифологиялық жүйеге айналмаған
69
.
Қазақ халық прозасының жанрлары мен басқа да ішкі түр
лерін ажыратудың қиындығы, бір жағынан, олардың зерт
телмеуіне байланысты болса, екінші жағынан, ол жанрларды
атауда терминологиялық ұғымдардың бір ізге түспегендігінен
болып отыр.
«Ертек» терминінен басқа нақты ұғым жоқ. Халық тер
минологиясына жүгінетін болсақ, онда да дәлділік жоқ. Мұнда
прозалық жанрлардан басқа түрлерге біршама тұрақты және
нақты атаулар берілген. Айталық, эпосты – жыр дейді, мұң
шер өлеңдерін көңіл айту, естірту, жоқтау, қоштасу деп
атайды, той салтына байланысты өлеңдерді беташар, жаржар,
сыңсу дейді. Ал прозалық жанрларда мұндай дәлділік жоқ. Ел
арасында фольклорлық прозаны «ертек» және «аңыз» деп екі
үлкен салаға бөледі. Олардың әрқайсысының ішкі жанрлары
аталмайды, оларға берілген атау да, ұғым да жоқ. Осыған
байланысты қазақ фольклористері де ертегіден басқа проза
жанрларын әлі жекелеп алып, жіктеген де, саралаған да жоқ.
Ғылыми саралаудың қандай түрі болса да, ол ең алдымен
бір белгілі шартты анықтап, соны ұстанады. Ондай белгілерді
анықтау оңай емес, ол үшін қолда бар дүниені ұзақ уақыт
зерттеп, сұрыптап, сипаттап алған дұрыс. Қалай болғанда да
саралауға негіз болатын белгілер (принциптер, шарттар десе де
болады) төмендегідей қасиеттерге ие болу керек.
1. Дараланып бөлінетін белгі – құбылыстың немесе шы
ғарманың ең маңызды, мәнді қасиетін қамтуы қажет. Зерт
тейтін нәрсенің несі мәнді, маңызды екені зерттеудің мақсатына
байланысты.
2. Таңдап алынған белгі – тұрақты қасиет болуы ке рек.
Алайда, фольклор шығармаларын саралау кезінде бұл шартты
ұстану өте қиынға соғады, себебі фольклор алғашқы пішінін
сақтамайды, оның жанрлары әр дәуірде өзгеріске ұшырап
[
59
]
отырады. Бірақ соған қарамастан бір жанр шығармаларына
тән тұрақты белгілерді табуға болады. Ол үшін шығарма
варианттарын және бір сюжеттің әр жанрда пайдаланылған
нұсқаларын зерттеу керек. Сондайақ кейіпкерлердің тұрақты
ісәрекеттері арқылы да жанрдың өзгермейтін белгісін
анықтауға болады. Мысалы, адам мен жезтырнақтың кездесуі
жайындағы барлық шығармада екі кейіпкердің қимылы, іс
әрекеті тұрақты түрде көрінеді. Демек, біз бұл жерде хикая
жанрының бір белгісін тұрақты деп есептеуімізге болады. Ол –
екі кейіпкердің жолығу жағдайы мен ісәрекеті.
3. Ұстанған белгіге айқын анықтама беріліп, оны әркім әр
түрлі түсінбейтін болуы керек, яғни анықтама елдің бәріне
түсінікті болуға тиіс.
Міне, жанрларды саралағанда ұстанатын белгілер осы үш
шартқа толық сәйкес болуы міндетті. Әрине, жанрлардың
басқа да өзіне тән белгілері болуы мүмкін, оны, сөз жоқ, ескеру
қажет.
Бір ескеретін нәрсе: аталған үш шарт негізінде саралау,
әсіресе, үлкен топтарға бөлу кезінде ұтымды. Айталық, про
залық фольклорды ертегілік проза және аңыздық проза деп екі
үлкен топқа бөлгенде прозалық шығармалардың мазмұнына
ел илана ма, әлде иланбай ма деген шарт негізге алынады.
Сырттай қарағанда, бұл субъективті принцип болып көрінуі
ықтимал. Бірақ шындығында олай емес. Ертегілік прозада
қиял – көркемделіп, таңғажайыпқа айналған, яғни ертегілерде
қиял – көркемдік құрал ретінде қызмет атқарады. Ал аңыздық
прозада қиял – көркемдік құрал емес, ол таңғажайыпқа
(фантазияға) айналмаған. Бұл топтағы шығармаларда баяндау
шынымен болған оқиғаны бейнелеп отырғандай сезіледі және
айтушы мен тыңдаушылар солай түсінеді.
Міне, шығармаға илана ма, иланбай ма деген шартты сұрақ
бүкіл халық прозасын екі үлкен топқа бөледі. Бұл – ең басты
белгі. Оны екі топ жанрларының поэтикасы да, эстетикасы да
дәлелдейді.
Фольклорлық прозаны ертегілік және аңыздық деп бөлгенді
қолдай отырып, белгілі фольклорист В.Е. Гусев осы жіктеудің
критерийі дұрыс емес деп есептейді. Ол былай деп жазады:
[
60
]
«Қара сөз түріндегі жанрлар тобын көп зерттеушілер ер
тегілік және аңыздық прозаға бөледі; олардың көпшілігі
бұлай жіктеудің критерийі етіп әңгімеші мен тыңдаушының
баян далып отырған оқиғаға көзқарасын алады: ертегілік про
за – қиял деп есептелінеді де, аңыздық проза ақиқат ретінде
қабылданады. Біздің ойымызша бұл – субьективті шарт, өйт
кені мұнда жанрдың басты емес, тұрақсыз әрі бұлыңғыр белгісі
негізге алынған. Тапсыз қоғамның адамы мифтің мазмұнына
сенген, алайда объективті түрде ол миф, ертегі тәрізді – көр
кем фантазияның туындысы. Кейін миф қиял есебінде қа
былданатын болған, бірақ мифтің ертегіге айналуы үшін бұл
жеткіліксіз»
70
.
Алайда, В.Е. Гусев бұл жерде бір нәрсені ескермей отыр.
Тапсыз қоғамдағы миф – көркем шығарма емес. Біріншіден,
оның, мифтің, ол кездегі функциясы – тек қана танымдық. Екін
шіден, мифте қиял көркемдік қызмет атқармайды. Мұндағы
қиял мифті шығарушылардың, айтушы мен тыңдаушылардың
дүниетанымын, түсінік пайымын дәлелдеуге арналған. Сол
себепті алғашқы қауым адамдары мифке сенген. Мифті қиял
деп қабылдау кейінгі замандарда пайда болған. Мысалы, құл
иеленуші мемлекеттік формацияда алғашқы қауымның мифі
циклге түседі, жүйеленеді, сөйтіп көркемделе бастайды.
Көне Грекия, Рим, Египет, Қытай мемлекеттерінде осындай
процестің арқасында алғашқы қауымның жекелеген мифтері
үлкен біртұтас система – мифологияға айналған. Бұл мифо
логияда қиял танымдық қана емес, көркемдік қызмет атқара
бастайды. Сонда да ол дәуірдің кісілері мифологиядағы
ісәрекетке сенген. Дегенмен, қиял көркемдік қасиет ала
бастайды. Енді ол қиялдан (вымысел) ғажайыпқа (фантазия)
ауыса бастайды. Біртебірте, әсіресе, феодалдық қоғамда
миф бұрынғы танымдық, нанымдық қасиеттерінен ада бо
лып, көркем сөз ретінде қабылданады. Бұл кезде бүкіл қоғам
дық, экономикалық өзгерістермен қатар идеология да өз
геріске ұшырайды. Бұрынғы қоғамдағы діни нанымдар жоқ
қа шығарылады, олар басқа сипат қабылдап, басқаша түсін
діріледі. Миф те сондай халді бастан кешіреді. Сөйтіп, ол көр
кем фольклорға айналады.
[
61
]
Халық прозасының белгілі зерттеушісі, ССРО Ғылым
акаде
миясының корреспондентмүшесі К.В. Чистов фольк
лордың прозалық жанрларын атқаратын қызметіне қарай
бес топқа бөледі
71
. Бірінші топқа фольклорлы сөйлеу (фольк
лорноречевой) жанрлары. Бұған кәдімгі ел арасындағы жай
Достарыңызбен бөлісу: |