әңгіме, сұхбат жатады. Олардың басты функциясы – ком муникативтіксөй леу (коммукативноречевая).
Екінші топқабаяндай сөйлеу (повествовательноречевой)
жанр
лары жатады. Олар сөйлеу жанрлары мен баяндау
жанрларының екі аралығында, біріншіден екіншіге ауысудың
көпірі сияқты. Сол себепті бұл топтың эстетикалық функ циясы
біріншіден гөрі басымырақ.
Үшінші топқа ғалым салт пен ғұрыптан қол үзбеген жанр
ларды жатқызады (обрядовая фольклорная проза). Бұл топтың
ішінде проза үлгісіндегі жұмбақтар бар.
Төртінші топты құрайтын жанрлар – хабарлыжаттамалы (информационномнемоническая) функция атқаратын шығар
малар. Негізінде, бұл топқа аңыздық прозаның барлық түрі
кіреді: миф, хикая, аңыз, әпсанахикаят. Автор бұл топтағы
жанрларды ертегі сипаттан тыс ауызша әңгімелер (ус тные рассказы несказочного характера) деп атайды.
Бесінші топты эстетикалық функциясы басым жанрлар
құрайды. Бұған ертегінің барлық түрі, анекдот, өтірік өлең, мисал мен мысал кіреді.
К.В. Чистовтың бұл принциптерінің ішінде келісуге бола
тын да, болмайтын да жақтары бар. Біздіңше, фольклорлық
прозаны осынша ұсақтатып бөлшектеу айтарлықтай ұтым
ды емес, әсіресе, күнделікті әңгімесұхбат пен әр түрлі ла
қапәңгімелерді (орысша «слухи и толки», яғни тура қа
зақшалағанда – «өсекаяң») фольклорлық жанрға жатқы
зудың ыңғайы келмейді. Ғалымның өзі айтқандай, қандай бір
ха бар яки әңгіме болсын тұрақты бір қалыпқа түсіп, дәстүрлі
сюжетке айналмаса, сөйтіп вариант туғызбаса, ол фольклор
бола алмайды ғой.
Бірақ жанрларды жүйелеп, жіктеу, зерттеу үшін К.В. Чис
товтың ұстанған басты принципі – жанрларды атқаратын
функциясына қарай саралау – толық мақұлдауды қажет етеді.
[
62
]
Сонымен, қазақ прозасын жанрлық классификациялаудың
басты шарттары мыналар болмақ: