[
49
]
ертегі», «күй аңыз» деген түрге бөлеміз. Және ертегі атаулы
мен бұл түрдегі ескерткіштерді бір арада тексеруіміздің себебі,
қара сөзбен айтылатын тіл, стиль жөніндегі
бір тектестіктен
(ерекшелеген біз – С.Қ.) екенін ескертеміз»
56
.
Демек, М. Әуезов қазақ фольклортану
ғылымында тұңғыш
рет қара сөзбен айтылатын бір тектес шығармаларды жеке
дара бөліп алып, жанр ретінде қарастырады. Рас, ғалым қара
сөз үлгісіндегі шығармаларды тек (род) мағынасында түсінген,
ал ертегіні топ деп пайымдаған. Сол себепті ол «ертегі тобына
қосылатын фольклор тобын... негізгі үш жікке (жанрға)» бөл
ген
57
. Яғни, ертегінің түрлерін жанр деп есептеген.
Қара сөз үлгісіндегі фольклорды М. Әуезов
ертегі, аңыз
ертегі, күй аңызы деп саралағанда, ол критерий қылып шығар
ма мазмұнындағы оқиғаның ақиқаттығын және шығарма ның
тілдік, стильдік ерекшеліктерін алған. Бұл сол кез үшін үлкен
табыс екенін атап айтуымыз керек. Сөйтіп, М. Әуезов халық
прозасын ғылыми тұрғыдан классификациялауды ұсынып,
оның басты шарттарын белгіледі.
Кейінгі жылдары М.
Әуезов өзі анықтап, жіктеген жан рына
терминдер жасап, оларға ұғымдық мағына беруге талпынды.
1957,1959,1961 жылдары жарық көрген еңбектерінде ол халық
прозасы жанрларын атау үшін бір топ терминдерді қолданды.
Әсіресе, ертегіден басқа прозалық фольклорды ата ған терминдері
көңіл аударарлық:
аңыз, аңыз ертегілер, ер тегіаңыз, жұмысшы
нақылдары, өмірбаяндық әңгімелер – «бол
ғандар», анекдот
әңгімелер. Аталғандардың ішінен бір тобы мағынасы жағынан
нақтыланған.
Жұмысшы на қыл дарын ғалым орысша «сказы»
деген,
өмірбаяндық әң гіме лер «болғандарды» орысша «быль»
деп анықтаған. Жә не бұл жанр лар қазақ фольклорында кеш
пайда болған деп есептейді зерттеуші. Ал
терминдердің енді
бір тобы –
аңыз әңгімелер, аңыз ертегілер, әңгіме ертегілер.
Мағынасы жа ғынан айқындалмаған, бәрі «аңыз» («легенда»)
ұғымында қол
данылады. Біздіңше, алдыңғы топтың да,
кейінгі топтың да қабылдауға болатындарын алып, оларға
белгілі бір нақты мағына беру керек.
Егер біз бұл іске ынтамен,
жанашырлықпен қарасақ, халық прозасының барлық жанр
ларына ат қойып, айдар таға аламыз. Мұны біздің бүгінгі
ғы
лымымыз, халқ прозасын зерттеудің зәрулігі қажет етіп
4278
[
50
]
отыр. 1957 жылы М. Әуезов пен Е. Ысмайловтың: «Ғылым
дүниесіндегі ертегіні түр, жанр жағынан жіктеу әлі белгілі
бір жүйеге түсіп қалыптасқан жоқ... Әрине, бұл жіктеуді
түпкілікті белгілі бір әдебиет заңы деп санамаймыз; қолда бар
материалға сүйеніп айтқан алғашқы тексерудің, бақылаудың
қорытындысы ғана», – деп айтқан сөзі әлі күнге маңызын
жоғалтқан жоқ
58
. Фольклордың прозалық жанрлары бүгінге
дейін ғылыми жіктеуге толық түскен жоқ.
Біршама зерттелді
деген ертегілік прозаның өзі де жанрлық тұрғыдан зерттеліп
біткен жоқ. Аға буын фольклористердің еңбектерінде ертегі
жалпы сипатталып зерттелді де, тек 70 жылдары ғана ертегінің
ішкі жанрлары жеке зерттеле бас тады
59
.
Алайда, бұл зерттеулерде тек қиялғажайып ертегі мен тұр
мыссалт ертегі жеке жанрлар ретінде қарастырылды, олардың
шығу
тегі мен жанрлық сипаты, өзіндік ерекшеліктері, об
раздар жүйесі мен поэтикасы зерттелді. Сондықтан жалпы
жанр лар теориясы мен фольклорлық проза жанрларын жүйе
леу, саралау мәселелері назардан тыс қалды.
Тек 1968 жылы орыс тілінде жарық көрген «Қазақ әде
биетінің тарихында» ғана халық прозасын бір жанрлық жүйе
тұрғысында қарастыру нышаны болды
60
. Онда да бүкіл халық
прозасына арналған тарау «Ертегілер» деп аталып, ертегіге
жатпайтын прозалық жанрлар арнайы тараумен бөлінбеді.
Дегенмен, олар бұл кітапта «былички, предания, легенды»
деген атпен арнаулы түрде қарастырылды.
Рас, Е. Костюхин жалпы фольклорлық жанрлар теория
сына бармайды және бөлектеніп алынған жанрларды клас
сификациялау принциптерін де ашып, анықтамайды. Автор
аталған үш жанрды оқшаулауда орыс фольклортану ғылы
мының тәжірибесіне жүгінеді де,
оларды саралау критерийі
етіп шығармаға елдің илану, иланбау дәрежесін алады. Бұл
бір жағынан дұрыс. Өйткені аңыздық проза шығармаларын ел
ақиқат деп қабылдаған, себебі олардағы қиял көркемдік шарт
емес, халық түсінігінің сәулесі ретінде көрінеді.
Ертегіге жатпайтын халық прозасы жөнінде фолькло рист
Е. Тұрсынов та арнайы мақала жазды
61
. Бірақ оның еңбегі халық
прозасының барлық жанрын
қамтымайды және фольклор
жанр
ларына байланысты жалпы теориялық мәселелерді
[
51
]
қарас
тырмайды. Аталған мақалада тек жануарлар туралы
аңыз дар мен әңгімелер сөз болады. Автор олар ды жіктеуде
шығармалардың логикалықмағыналық құрылымын (логико
семантическая структура) негізгі принцип етіп ұсынады.
Сөйтіп, ол хайуанаттар жайындағы қазақ халық прозасын
себепті
әпсанахикаяттар (этиологические легенды),
аспани
Достарыңызбен бөлісу: