«Қазақ ертегілерінің» I томында:
«Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның
әрбір тәртібін халқы еш тоқтаусыз уақытымен орындап
тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пай
дасына еткен әмірім орнына нақпанақ келіп тұрады және
[
270
]
халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың
пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір
таратайын. Халқым тындап орнына келтірер ме екен? Жоқ
келтірмес пе екен?» – деп ойлап, уәзірлеріне: – Халыққа тегіс
хабарландырыңдар: Ешкім басына пайда қылмасын! – деп,
әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп
болып, патшаға:
– Халқыңыз әміріңізді нақпанақ айтқаныңыздай орнына
келтіретін болды, – дейді.
Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн болған соң
үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын
көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр
екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған
үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші
қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда
қайыршы:
– Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың?
«Ешкім басына пайда қылмасын және шам да жақпасын» де
гені қайда?» – дейді...» (259260б.).
«Қазақ халық поэзиясында»:
«Бұрынғы өткен заманда халқына пайдалы бір әділ пат
ша болған екен. Әрбір тәртіптері халқына еш тоқтаусыз
уақытымен орындалып тұрады екен. Бір күні бұл патша ой
лапты: «Мен әр уақыт халық пайдасына қылған әмірім ор
нына нақпанақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы
көреді, сондықтан мен олардың да пайдасын ойлаймын.
Енді мен бұқара халқыма зиянды бір әмір таратайын,
халқым тыңдап орнына келтірер ме екен, болмаса келтірмес
пе екен», – деп ойлап, уәзірлеріне әмір қылады: «Халыққа
естірт, ешкім басына пайда қылмасын және кеш болғанда
шам жақпасын!» – деп. Бұдан соң уәзірлер халыққа естіртіп
болып, патшаға білдіреді: «Халқыңыз әміріңізді нақпа
нақ айтқаныңыздай орнына келтіретін болды», – деп. Пат
ша уәзіріне еш жауап айтпай, түн болған соң үстіне бөтен,
ескі жаман киім киіп, «Халқым залал әмірімді тұтқаны рас
па екен», — деп, аралап жүрсе, шетте бір үйде шам жанып
тұр. Сонда патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып
тұрған үйге кіріп, қайыр сұрайды. Үйдің ішінде бір етікші
[
271
]
етік тігіп отыр екен, етікші қайыршыны көріп, түре келіп,
патшаға бір кішкене нан береді. Сонда патша айтады: «Сен
патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың, патшаның
бұйрығы бар емес пе еді? Ешкім басына пайда қылмасын және
шам да жақпасын деген...» (65бет).
Міне, екі мәтіннің екі рет басылған нұсқасы. Көріп отыр
сыздар, текстологиялық біраз өзгешеліктері бар. Екеуінің
қайсысы дұрыс? Қолжазба қорындағы мәтіннің түпнұсқасы
мен салыстырғанда, 1964 жылы Ә. Диваевқа арналған жинақ
тағы мәтін дұрыс болып шықты. Келтірілген мысалдар
дағы асты сызылған өзгешеліктер былай қарағанда ертегіге
айтарлықтай нұқсан келтіріп тұрған жоқ сияқты. Алайда, олай
емес. Жіті қараған ғалымға бұл текстологиялық өзгерістердің
терең мәні бар.
Біріншіден, салыстырудың нәтижесінде байқағанымыз,
«Қазақ ертегілері» жинағында шыққан мәтін біраз тексто
логиялық «жөндеуге» түсіп, әдеби редакцияланған. Құрасты
рушылар текстегі кейбір сөздер мен сөйлемдерді қысқарт қан,
өзгерткен, тіпті кейбірінің орнына өздерінің жанынан қос
қан. Соның салдарынан ертегінің тілі шұбарланған, ауызекі
сөй леу тілінің ерекшеліктері жойылған: халық ауызекі тілде
қолданатын сөздер әдеби сөздермен ауыстырылған, ауызекі
әңгімеде жиі кездесетін төл сөзбен берілетін экспрессивті лік
жай авторлық баяндаумен алмастырылған. Редакция жасау
шылар ертегі тілін халықтың ауызекі тіліне жақындата мыз
деп, қарапайымдылыққа ұрынған, стилистік ақаулар жіберіп,
ертегіге, тіпті жалпы ауыз әдебиетіне тән стильді жоғалтқан.
Екіншіден, «Ақылды етікші» атты ертегідегі тексто
ло
гиялық өзгертулер зерттеушіге ертегі жанрына тән
кейбір ерекшеліктерді аңғартпайды. Мысалы, 1957 жылғы
жинақта «Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен» деп
жа зылса, қолжазба мен 1964 жылы шыққан мәтінде «Бұрын
ғы өткен заманда халқына пайдалы бір әділ патша болған
екен» делінген. 1957 жылы шыққан жинақтағы «халқына
пай далы», «әділ» деген сөздерді қысқарту дұрыс емес. Бұл
жерде құрастырушылар идеялық жағына мән беріп ертегіні
«идеялық нашарлықтан» тазартпақ болған болу керек. Бірақ
олай жасамау керек еді. Себебі бұл ертегі XIX ғасырдың
[
272
]
аяғы – XX ғасырдың бас кезінде жазылып алынған. Ал,
бұл ертегіні айтқан Қазалының қазағы Қансабай Аманды
қов өзінен бұрынғы қариялардан естігені күмәнсіз. Солай
болса, бұл ертегі ертеден келе жатыр. Басқа сөзбен айтқанда,
бұл ертегіде жалпы ауыз әдебиетіне тән бұқара халықтың
«әділ, пайдалы патша», «жақсы хан» туралы идеалистік
түсінігі, ягни таптық санасының жетілмегендігі орын тепкен.
Зерттеуші үшін бұл – өте қажет фактілердің бірі.
Жарыққа шыққан ертегіні қайта бастыру – өте жауап
ты іс. Ал, егер оның қолжазба түпнұсқасы сақталған болса,
онда ол мәтінді тағы да жаңа жинаққа енгізу шығарушыдан
көп жұмысты талап етеді. Ең алдымен жинаққа енгізетін
ертегінің қолжазбадағы түпнұсқасы мен жарыққа шыққан
мәтінін өте жіті салыстырып алу керек. Соның нәтижесінде
олардың арасындағы өзгешеліктер анықталынуы тиіс. Бұл
өзгешеліктер екі себептен болуы ықтимал. Бірі – револю
цияға дейінгі баспаларда кездесетін цензураның кесірінен
болған өзгерістер; екіншісі – құрастырушыредактордың
еркінен болған «жөндеулер». Алғашқысы Ә. Диваев матери
алдарын қайта бастырғанда кездеседі. Кейінгісі Г.Н. Потанин
нің фольклорлық мұраларын шығарғанда ұшырасты. Екі
жағ дайда да анықталған айырмашылықтар мәтіннің кейінгі
басылымында берілген түсініктемелерде көрсетілді. Мысалы,
1972 ж. шыққан «Казахский фольклор в собрании Г.Н. По
танина» атты жинаққа жинаушының өзі бастырып шығарған
мәтіндер де кірді. Бірақ көп жағдайда олардың мұрағаттағы
түпнұсқасы қарастырылып, араларында алшақтық бар ма,
жоқ па, сол анықталып отырды. Сондайақ Г.Н. Потаниннің
өзі бастырған мәтіндерге берген түсініктемелердің түпнұсқасы
табылғанынша ескерілді. Егер мәтіннің варианты болса, ол
негізгі мәтіндермен бірге немесе түсініктемеде берілді.
Қандай да болсын ертегіні баспаға дайындағанда мәтіннің
ішінде кездесетін ертегішінің немесе жинаушының түсінік
сөзін анықтап, көрсетіп отыру керек. Және жинаққа енген
мәтіндерді түгелдей нөмірлеген абзал. Ауыз әдебиетін жинау
шыфольклоршы ертегіні жазып алғанда кейбір түсініксіз
жерлерді анықтау үшін немесе логикалық байланысын кү
шейту мақсатымен мәтінге өз жанынан анықтама сөздер мен
[
273
]
сөйлем косатыны белгілі. Мұндай сөздермен сөз тіркестерін,
сондайақ құрастырушының өзі қойған ертегінің атын квадрат
жақшаға алу қажет. Сонда оның ертегішіге қатыссыз екені
білініп тұрады. Бұл – ғылыми жинақтың бірденбір шарты.
Алайда, біздің ғылыми деп жүрген жинақтарымызда бұл шарт
іске асып жүрген жоқ.
Қазақстанда жарық көріп жүрген фольклорлық, әсіресе,
ертегі жинақтарында тағы бір кемшілік орын алып жүр.
Ол – жинаққа енген мәтіндерді нөмірлемеу салты. Егер ғы
лыми жинақта ертегі текстері түгелдей нөмірленіп отыр
са, ол ғалымфольклоршыға зерттеу жұмысын әжептәуір
же
ңілдетеді. Жинаққа енген мәтіндерді нөмірлеу сал
тын қазақ совет фольклортану ғылымында тұңғыш рет
Г.Н. Потанинге арналған еңбектен көріп отырмыз. Бірақ
құрастырушылар мәтіндерді түгел бірыңғай нөмірлемей,
әр бөлім, әр жанр бойынша нөмірлеген. Соның салдарынан
жинақты ғылыми зерттеу жұмысында пайдалану өте ауыр.
Айталық ғалымфольклоршы әз жұмысында осы жинақтағы
«Ер Төстік», «Қу бала» т.б. ертегілерді пайдаланса, ол бұл
мәтіндердің нөмірін көрсету үшін «Қараңыз: «Богатырские
сказки» ғ 1, немесе «Бытовые новеллистические сказки» ғ
3», — деп, ұзақ жазуға мәжбүр болады. Ал, егер жинақта
мәтіндердің нөмірі болмаса, ғалым бір ертегіні бірнеше рет
толық аты мен бетін көрсетіп әуре болады. Жалпы, жинақтағы
мәтіндерді нөмірлеу – орыс фольклортану ғылымында заңға
айналған ереже. Оның дұрыс екеніне көз жеткізу үшін үлкен
монографиялық зерттеулердің фактологиялық негіздеріне көз
салсақ та жеткілікті.
Енді бір әңгіме етуге тұратын нәрсе – фольклорлық жи
нақтың ғылыми аппараты. Ол қандай болу керек? Оның
құрамы мен мазмұны қандай болуға тиіс? Онда не айту
міндет? Міне, мұның бәрі жинақтың түрі мен мақсатына
байланысты. Мәселен, жинақ тек ғалыммамандарға ғана
арналған ба немесе көпшілік оқушы қауымға бағышталған
ба, болмаса тек бір ертегіші айтқан ертегілерден, әлде бір
ай мақта жазылып алынған мәтіндер құралған ба, жоқ
жас өспірімдер үшін шығарылған ба? Демек, осылардың
әрқайсысына орай түрлітүрлі аппарат беру керек.
18278
[
274
]
Қазақ ертегілерін қамтитын жинақтар, негізінде, көп
шілік қауымға бағышталған. Сол себепті оларда мәтіндерден
басқа жалпылама кіріспе сөз және азынаулақ түсініктемелер
бе ріліп жүр (Бұл принцип қазақ фольклорының қай жанрына
бол сын арналған жинақтарда қолданылып жүр).
Шынтуайттап келсек, ғылымымыздың қазіргі дәрежесі
мұндай жинақтармен қанағаттана алмайды. Жоғарыда айтыл
ғандай, енді таза ғылыми жинақ шығарып, оған шын мәнінде
ғылыми аппарат беру қажет. Орыс совет фольклоршылары
бұл істі баяғыда қолға алған. Солардың үлгісі мен тәжірибесін
пайдалана отырып, ғылыми аппаратқа тағы да бірнеше
қосымша енгізу керек. Қосымшаға әр түрлі көрсеткіштер
(сюжеттік, географиялық, есімдік, т.т.), диалектілер мен аз
қолданылатын сөздердің сөздігі, кейбір мәтіндердің басқа ва
рианттары, жыршылар мен ертегішілер туралы мәліметтер,
т.б. енуге тиіс.
Кіріспе сөз (мақала немесе алғы сөз) қандай талаптарға
сәйкес болуы шарт? Қазақстанда арнайы ертегілік жинақтар
ға кіріспе сөзді, әдетте, құрастырушының өзі (1957 жылғы
жинаққа шейін), кейде маманғалым жазып жүр. Осы күнге
дейін жарық көрген жинақтардың ішінде 1957 жылы шық
қан «Қазақ ертегілерінің» I томына жазылған М. Әуезов
пен Е. Ыс майыловтың кіріспе сөзін ерекше атаған жөн. Онда
авторлар қазақ ертегілері туралы толық мәлімет беріп, бұл
жанр дың көнелігі мен байлығын, шығу төркінін, қазақ ауы
лында ертегінің жоғары бағаланатынын, тіпті өнердің бір түрі
ретінде танылатынын кеңінен әңгімелейді, қазақ ертегісінің
көркемдік табиғатын ашуға көңіл бөледі.
Бұдан кейін шыққан жинақтардың ішінде Ә. Диваев пен
Г.Н. Потанинге арналған кітаптарға жазылған Н. Смирнова
ның үлкен мақалалары өзінің ғылыми мәнділігімен құнды.
Аталмыш мақалаларда Ә. Диваев пен Г. Потаниннің өмірі мен
ғылыми қызметі толық баяндалған, олардық саясиәлеуметтік,
ғылыми көзқарастары жанжақты ашылған. Олардың еңбегін
бағалауда автор біржақтылыққа ұрынбай, ғылыми дәлелді
түрде кемшіліктерін де көрсеткен. Қазақ ертегісіне арналған
ендігі жинақтарда, біздіңше, кіріспе сөзден басқа да бірнеше
зерттеу мақалалар болуы керек. Ең алдымен, ертегінің әр жан
[
275
]
ры жеке том болып шығуы абзал. Айталық, қиялғажайып
ертегісіне бір кітап арнасақ, ол кітапта кіріспе сөздің орнына
бір үлкен зерттеу мақала болғаны дұрыс. Мақала қазақ қиял
ғажайып ертегісінің жиналуы, басылуы және зерттелуі жай
лы, сонымен бірге оның негізгі көркемдік ерекшеліктері мен
кейіпкерлері туралы сөз қозғаса. Осыған қоса жинақта ертегі
мен әдебиеттің арақатынасы, қазақ ертегісінің басқа халық
тар ертегісімен байланысы, ертегінің тарихқа қатысы сияқты
мәселелерге арналған шағын мақалалар да болса. Сонда ғана
бұл жинақ қазақтың қиялғажайып ертегісі туралы толық
түсінік бере алады. Ал, бұл мақалалар қалай және жинақтың
қай жерінде берілуі керек? Біздіңше, мәтіндерден тыс берілетін
«қосымша» деген бөлімге енгізген жөн.
Ғылыми аппараттың енді бір бөлігі – түсініктемелер. Ғы
лымда қалыптасқан дәстүр бойынша, түсініктемелер мәтін
нен кейін, кітаптың соңында беріліп жүр. Бұл дұрыс та болар.
Қазақ фольклортану ғылымында түсініктеменің мазмұны,
құрамы, түрі, негізгі шарты әзірге дәйекті түрде шешілген жоқ
әркім өзінше жазып жүр. Бірақ осы уақытқа дейін шыққан
ертегілік жинақтарымызда шын мәнінде ғылыми түсініктеме
жоқ. Ең тәуір делінетін үш томдығымыздың түсініктемелері
толық емес. Мәтіндердің толық паспорты берілмеген, вариант
тары көрсетілмеген, сюжеттердің географиясы мен ерекшелігі
аталмаған, ертегілердің халықаралық сюжеттік көрсеткіштері
ескерілмеген т.б. әрине, бұлар құрастырушылардың кінәсі
емес. Бұл кемшіліктер сол кездегі қазақ фольклортану ғы
лымының даму дәрежесінен туған еді.
Ал, сонда ғылыми түсініктемелер қандай болуы керек.
Біз діңше, бұл сұраққа Г. Потанинге арналған жинақтың
түсі
ніктемелері жауап бере алады деп ойлаймыз. Себебі,
онда 1957 жылғы жинақтың түсініктемелерінде жіберілген
кемшілік тер түгел ескерілген, сондайақ тарихи, фольклорлық,
этнографиялық және лингвистикалық түсініктер берілген.
Бұл жинақта оның үстіне қосымша ретінде шартты белгілердің
шешімі, кісі аттары мен фольклорлық терминдердің көрсеткіш
тері де бар.
Ендігі алдағы міндет – қазақ ертегілерінің әр жанрына
арналған шын мәнінде ғылыми жинақ шығару. Ол үшін бірінші
кезекте текстология жұмысын қолға алу керек.
[
276
]
Достарыңызбен бөлісу: |