[
269
]
Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз
жөніне кетеді. Кешке бала үйіне келеді. Әкесі:
– Мал аман ба? – дейді.
Баласы:
– Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы
бердім, басқа мал аман, – дейді.
Әкесі ашуланып, баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген
бала бірнеше күндер далада қаңғырып жүріп, бір қалаға келеді.
Қаланы аралап жүріп, ханның ордасына кездеседі.
Ханның нөкерлері мұның жат жерден келген, бөтен адам
екенін сезеді де жөн сұрайды» (240241беттер).
Ә. Диваевқа арналған «Қазақ халық поэзиясы» (1964) кі-
табында:
«Ертеде бір бай бар екен. Байдың жалғыз баласы жылқы
бағып жүрсе, бір адам келіп айтады: «Балам, бір айғыр үйірлі
жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін», –
дейді. Бала тұрып айтады: «Құп, берейін, үйретіңіз!» – дейді.
әлгі кісі айтады: «Балам, дәм татқан жеріңе қас қылма,
ертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың ара
шашы болсын», – дейді. Бала бір айғыр үйір жылқы береді.
Әлгі адам баланың жылқысын айдап кетеді. Кешке бала үйіне
келеді. Әкесі сұрайды: «Мал аман ба?» — деп. Баласы айта
ды: «Мал аман, мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір
жылқы бердім», – дейді. Әкесі тұрып ашуланады: «Сен адам
болмайсың, сен мені бүлдіреді екенсің, жоғал, көзіме көрінбей
кет», – деп. Бала әкесінен кейіс естіген соң, өкпелеп шығып
кетеді де шалады. Бірнеше күндер далада қаңғырып жүріп,
бір қалаға келеді. Қалада базардың ішін аралап жүріп, ханның
ордасына келеді. Ханның нөкерлері мұны көріп, мынау жат
жерден келген адам екен, бөтен адам сықылды көрінеді деп, ба
ладан сұрайды (48бет).
Цитатаны әрі қарай созудың қажеті жоқ Енді басқа бір
ертегіні алып көрелік. «Ақылды етікші» ертегісі.
Достарыңызбен бөлісу: