Қасқабасов С. Таңдамалы


ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет57/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ 
(2013 жылғы экспедиция материалдары бойынша)
Қытайдағы қазақ фольклорын жинау мен жариялау ісі 
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алып, әсіресе 80­90 
жылдары кең өріс алғаны белгілі. Жиналған материалдың 
басым көпшілігі – эпикалық үлгілер мен ертегілер. Алай­
да, оларды ғылыми түрде жүйелеп­талдау мен типологиялық 
тұрғыдан зерттеу ісі кенжелеп келеді. 1980 жылдардан бері 
әр облыс пен ауданның, ауылдың тұрғындарынан жиналған 
мәтіндер журналдарда, жеке кітап болып басылып, ел арасы на 
кең таралып, ғылыми көпшілік сипатта зерделеніп келеді. Осы 
шақта үлкен жинақтар қисса­дастандарды қамтып, фольклор­
тану үшін аса құнды істер атқарылды. Өкінішке қарай, сол 
қазына Қазақстанға жетпей қалды, тек бірен­саран томдар мен 
журналдар әр түрлі жолмен жеке адамдардың қолына тиді, 
бірақ олар үлкен ғылыми айналымға түспеді. Осы олқылық­
ты жою мүмкіндігі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 
ғана пайда болды. Қазақстанда «Мәдени мұра» Мемлекеттік 
бағдарламасының аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» 100 
томдығында Қытайдағы қазақ фольклорына 10 том бөлінген 
еді. Бірақ бұл 10 томға енген шығармалар тек эпикалық ту­
ындылар (батырлар жыры, тарихи жырлар, т.б.) болды да, 
басқа жанрлар сырт қалды. Ал, бізге жеткен ақпар бойын­
ша Шыңжаңдағы қазақтарда қолжазбалар, сирек кітаптар 
сақтаулы екен, сондай­ақ ел аузынан жазылып алынған, бірақ 
баспа жүзін көрмеген шығармалар бар боп шықты. Міне, 
қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, Қытайдағы қазақ фолькло­
рын, әсіресе, ел аузында жүрген немесе қолжазба күйінде 
сақталған, я болмаса бізге жетпеген кітаптар болса, соларды 
жинау үшін 2013 жылы 2 мәрте экспедиция ұйымдастырылған 
болатын. Олардың жинап келген дүниелері – мол қазына екен. 
Кітаптар, қолжазбалар, журналдар, жекелеген көшірмелер 
әкелінді. Жанр жағынан алғанда, фольклордың барлық түрі 
бар: ғұрыптық фольклор, айтыстар, жырлар, ертегілер
аңыз дар, ауызекі әңгімелер, т.б. Бұлардың бәрін толықтай 
жүйелеп, сипаттап, жариялау үшін біраз уақыт қажет, ал 


[
279
]
оларды ғылы ми тұрғыдан зерттеу­зерделеу – болашақтың ісі. 
Әзірше алғашқы жүйеге түскен біраз үлгілерді сипаттап, әр 
жанрға бөліп, ілкі талдаумен ғана шектелуге тура келеді.
Сонымен, біздің қарастыратынымыз – ертегілер. Ескер­
те айту қажеттігі: бүкіл материал әлі толық жүйеленбеген 
себепті, біз ертегілік мәтіннің барлығын алмаймыз, қолдағы 
60­тан астам мәтіннің ішіндегі әр жанрдың екі­үш үлгісін ғана 
қарастырамыз. Мәселен, хайуанаттар туралы (3), ғибраттық 
(новеллалық) пен сықақтан (сатиралықтан) 2­3­тен, қиял­
ғажайыптан да 2­3­тен, жекелеген аңыздар мен тұрмыстық 
әңгімелердің де үлгілері қамтылған. Тағы бір айтатын нәрсе: 
оқырманға түсінікті болу үшін біз мәтіннің мазмұнын кеңірек 
беріп, оны талдаумен бірлікте қарастырамыз. Ара­арасын­
да жалпы сипаттама да беріліп отырады. Мәселен, «Жүйрік 
сиыр» атты мәтінге тоқталуға болады.
«Сиыр «менің тегім жылқы», – деп, ылғи жылқылармен бір 
жүреді. Бір күні жылқыға қасқыр тиеді. Қасқырдан үріккен 
жылқы алысқа қашып кетеді. Сиыр жалғыз қалады. Оны 
қасқырлар қоршап алады. Сиыр өкіріп, жанталасады. Сол кез­
де оның өкіргенін естіп, басқа сиырлар жиналып, әлгі сиырды 
құтқарып алады». 
Сырттай қарағанда, бұл хайуанаттар жайындағы ертегі 
сияқ ты. Алайда, мұнда сықақтық мазмұн айқын. Сықақпен 
бірге ғибрат та бар. Бір жағынан, әлін білмей, менменсіген 
сиыр ды (адамды) күлкі ету болса, екінші жағынан, «жөніңді 
біл, жайыңды ойла» деген ғибрат айтылып тұр. Ендеше, бұл 
шығарма – кәдімгі мысалға айналған ертегі. Жалпы, хайуанат­
тар туралы ертегілер заман ығына қарай ғибратты мысалдарға 
жақындағаны аңғарылады. Тегінде, мұндай үдеріс фольклор 
жанрларының трансформацияға түсе бастағанын көрсететін 
заңдылық сияқты. Әдеби мысалдардың түп­төркіні де хайуа­
наттар туралы ертегілер екені белгілі (хайуанаттар туралы 
ертегілердің этиологиялық түрлері де осындай процестерден 
өткен). Тіпті хайуанаттар туралы классикалық ертегілердің 
осындай үдеріске ілінгені байқалады. Міне, сондай ертегінің 
бірі – «Түлкі мен қасқыр» ертегісі.
«Түлкі мен қасқыр дос болады, бірақ ойнаған болып, қас­
қыр түлкіні өлгенше жұлмалап, көбіне тісін батыра жүреді. 
Түлкінің жүрегіне кек орнайды.


[
280
]
Азық іздеп жүріп, түлкі бір бөденені ұстап алады. Қасқырға 
көрсетпей, өзі жемекші болғанда, бөдене «менің бір тамшы 
қаным мен бір уыс жүнім бар, соны жегенде қанша бүйре­
гің шығады, мені қоя бер, мен саған семіз аттың жемтігін 
көрсетейін», – дейді.
Түлкі бөденені босатады, аттың жемтігіне келіп, біраз 
жеп алады да, қасқырды ертіп келеді. Екеуі жеп жатқанда, 
байқамай қасындағы орға түсіп кетеді. Түлкі қасқырдың 
иығына мініп, ордан шығады да, қасқырды мазақ етеді: «Жол­
дас едің ғой, бері таман келіп айтшы!» – дейді қасқыр. Түлкі 
орға жақындаған кезде, қасқыр қарғып құйрығынан тістеп, 
орға түсіреді. Екеуін аңшы келіп соғып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет