Қасқабасов С. Таңдамалы


Институт қолжазба қорындағы нұсқасында ертегі «Екі қыз



Pdf көрінісі
бет52/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Институт қолжазба қорындағы нұсқасында ертегі «Екі қыз 
Минуар, Бибәтима» деп аталады (116-п):
«Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Патшаның үш 
ұлы болыпты. Патша үш ұлына күнде тапсырады екен: «Үшеуің 
күнде көрген түстеріңді маған айтып тұрыңдар. Мен сендерге 
күнде жақсы ойыншық берем және ойын­сауық тойға апарып 
тұрам», – депті. Соған баладар мәз бо лып, күнде көрген түсін 
әкесіне айтып келіп жүрді. Әкесі ба 
ладарын қызықтырып, 
түсін айтқан сайын жақсы­жақсы неше түрлі ойыншықтар 
беріп жүрді. Сонымен бір күні ең кіші баласы бір жақсы, 
қызықты түс көріп, ойлады: «Е, бұл түсімді ешкімге өлсем 
де айтбаймын», – деп, баласы белін бекем буып, таңертең 
әкесіне келді. Ана екі үлкен баласы көрген түсін әкесіне ай­
тып, тиісті ойыншықтарын алып жатыр, ал мына кіші бала­
сы айтты әкесіне: «Әке, мен бүгін түс көргенім жоқ», – деп 
еді, әкесі зекіп: «Айт шыныңды, сен түс көрдің», – деп, ба­
ланы ұрып­соғып, зорлай бастады. Бала әкесіне айтты: «Түс 
көргенім рас, бірақ бұл айтылмайтын түс. Себебі мен өлсем де 
ешкімге айтбасқа серт еттім», – деп еді, әкесі патша «мұның 
сертшілін» деп, зорлық қып, үш қайырып сұрады. Және 
«ана екеуінен де саған қызықты, көп ойыншық берем», – 
деп, алдағысы келіп еді, оған бала көнбеді. Аяғы бала қалай 
қылса да көнбеген соң, бір жәшік жасатып, су өтпейтін сол 
жәшікке салып, суға ағып жатқан салып жіберді. Бала суға 
ағып кете барды» (37­39­б.).


[
264
]
«Қазақ ертегілерінің» II томындағы «Минуар мен Би бә-
тима» ертегісі:
«Бұрынғы өткен заманда бір патшаның үш ұлы болыпты. 
Патша үшеуіне күнде көрген түстеріңді маған айтып тұрың­
дар, мен сендерге күнде жақсы ойыншық берем және ойын­
сауық тойға апарып тұрам, деп тапсырады екен. Соған бала­
лары мәз болып күнде көрген түсін әкесіне айтып келіп жүрді. 
әкесі балаларын қызықтырып, түсін айтқан сайын жақсы­
жақсы ойыншықтар беріп жүрді. Сонымен бір күні ең кіші ба­
ласы бір жақсы түс көріп: «Е, бұл түсімді өлсем де ешкімге айт­
пайын», – деп ойлады. Бала тәңертең әкесіне келді. Келсе, екі 
үлкен ағасы көрген түсін әкесіне айтып, ойыншықтарын алып 
жатыр екен. Ал, мына кіші баласы әкесіне айтты.
– Әке, мен бүгін түс көргенім жоқ, – деді. Әкесі зекіп:
– Айт шыныңды, сен түс көрдің, – деп баланы ұрып­соғып 
зорлай бастады. Бала әкесіне айтты:
– Түс көргенім рас. Бірақ бұл айтылмайтын түс. Себебі 
мен өлсем де ешкімге айтпасқа серт еттім, – деп еді, әкесі 
«мұның сертшілін» деп зорлық қып, үш қайырып сұрады. 
Және «Саған ана екеуінікінен де қызықты, көп ойыншық бе­
рем» деп алдағысы келіп еді, оған бала көнбеді. Аяғы, бала 
қалай қылса да көнбеген соң, әкесі бір жәшік жасатып, сол 
жәшікке баласын салып, суға ағызып қоя берді. Бала суға ағып 
кете барды» (27­бет).
Көріп отырсыздар, екі мәтіннің мазмұнында еш өзгеріс жоқ. 
Бірақ баспадан шыққан мәтінде қолжазбадағы түпнұсқамен 
салыстырғанда, лексикалық және стилистикалық алшақтық 
байқалады. Басқаша айтқанда, II томда шыққан мәтін біраз 
әдеби редакцияға ұшыраған. Әрине, баспадан шығатын ер­
те 
гіні дұрыстап, түсінікті ету үшін редакциялау қажет. 
Алайда ол редакция ертегі стилін, ауызекі сөйлемнің ерек­
шелігін бұзбауға тиіс. Бұл шарт осы талданып отырған 
ертегінің редакциясында жоқ емес. Бірақ шамалы. Оның 
үстіне кейбір редакциялық түзеулер ертегі стилін бұзып, 
ауызекі тілді әдебимен алмастырып жіберген. Жоғарыда 
қолжазбадан келтірілген мысалдың 3­ші сөйлемінің стилі 
таза ауызекі сөйлеу тіліне тән. Ал, баспадан шыққан мәтініне 
бұл сөйлем әдеби стильдің сипатын қабылдаған. Сондай­


[
265
]
ақ мына сөйлемдерге де назар аударайық. Қолжазбада: «...
бала белін бекем буып, таңертең әкесіне келді. Ана екі үлкен 
баласы көрген түсін әкесіне айтып, тиісті ойыншықтарын 
алып жатыр...» Кітапта: «...Бала таңертең әкесіне келді. Келсе, 
екі үлкен ағасы көрген түсін, әкесіне айтып, ойыншықтарын 
алып жатыр екен...» Жинақты құрастырушылар түпнұсқадағы 
кейбір сөздер мен сөз тіркесін алып тастап, олардың ор­
нына өздері тыңнан сөздер қосқан. Соның салдарынан кітап­
тағы сөйлем әдеби болып кеткен, әрі ауызша сөйлеудің эксп­
рессивтілігінен айырылған. Демек, бұл жердегі редакция еш 
жөнсіз.
Құрастырушылардың тағы бір ескермеген нәрсесі – ертек­
шінің немесе ертегіні жазып жіберген жинаушының мәтіні­
не тән фонетикалық ерекшеліктер. Айталық жоғарыдағы мә ­
тіннің түпнұсқасында «баладар, айтбаймын» деген сөз дерде «д» 
мен «б» дыбыстарын қолдану тән екіндігі байқа ла ды. Әрине, 
мұндай фонетикалық ерекшеліктерді көпшілік 
ке арналған 
жинақта түгел және әрқашан қамту мүмкін емес. Және қажет 
те емес. Ол тек тілшілерге арналған жинақ бол маса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет