Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

Түйінді сөздер: Әл-Фараби, философия, ислам, құран, сүрелер, қайырымды 
қала. 
Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшхүрі Аристотельден кейінгі екінші 
ұстаз, жиханкез ғалым Әбу Насыр Мухаммад бин Мухаммад бин Тархан бин Узлағ Әл-
Фараби. Яғни Әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мухаммед, әкесінің аты ныспысы да 
Мухаммад, бабасының есімі Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу 
Насыр ныспысының соңына кейде әт-түрки деген сөзді қосып, оны түркі текті екенін 
шегелей түседі. 
Араб-парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс 
өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында, қайсы бір деректерде – оның тікелей 
ықпалында болған іргелесі Уасидже Отырарлық әскер басының отбасында дүниеге 
келген. Ол туған жерінің атауымен Әл-Фараби, яғни фарабтық деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. 
Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуленнаһрда балаларды түрлі 
қол өнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың 5 жасар кезінен басалатын 
болған[1]. 
Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен 
философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. 
Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрасымен, сонымен 
бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық 
жетістіктермен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік 
философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде 
жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және 
парсылар болды. 
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди және 
әл-Фараби жатады. 
«Дін — бәрі үшін ең бастының жазмышы арқылы алдын ала айқындалған 
көзқарас пен іс-қимыл. Діннің арқасында бәрі өз бойларында ұяланған мақсатқа 
жетеді…» …Ол сөйтіп, Құдай адам бойына белгілі бір мақсатты ұялатты және өзінің 
барлық іс-әрекетінін барысында ол оның парасат пен парасатты шығармашылық екенін 
дәлелдеді деп тұжырымдады. Адам адами мәнді ғылым, философия, поэзия, музыка 
арқылы іске асырды. «Әл-Фараби дін философиядан кейін, ал қалам мен мұсылман 
құқы діннен кейін пайда болады деп санайды. Философия мен діннің кайсысының 
екінші пайда болғаны әл-Фараби үшін маңызды болып көрінеді. Кейде дін мен 


64 
фәлсафаның бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары бар. Ол жөнінде Әбу Наср діни 
шарттылықтар философтардың көмегімен зерделенетін ұтымды тұжырымдамалар легі 
екенін нақтылайды.
А.Қабылова атап көрсеткендей «Әбу Насыр өзінің «Философияның дінге 
қатысы» атты еңбегін «Мейірімді, мейірман Аллаһ үшін…» деген сөздермен бастауы да 
кездейсоқ емес. Көп жағдайда оның құран мәтіндеріне назар аударуы, бұл үзінділерді 
түсіндіруі өзінің тұлғалык позициясы мен өзінің түсінуі тұрғысынан және сонымен 
бірге құран сөздерін логикалық пайымдау тұрғысынан жүзеге асады. Сол арқылы 
философ дүниедегінің бәрі түсіндірілуі тиіс екендігін және дүниедегінің бәрін 
түсіндіруге болатынын көрсетеді [2]. 
Сондықтан Құран мәтініне дұрыс қарап, оны түсініп және түсіндіру керек. Әл-
Фарабидің Құран мәтіндерін осылай еркін түсіндіруін оның арабталған түркі 
болғандықтан (ал Құран исламға дейінгі арабтардың дүниетанымының, олардың 
мәдениетінің көрінісі болғандығына күмән жоқ), Құранның сакралды қатынасына 
байланып қалмағандығымен немесе оның ақиқатты іздеумен сабақтасқан жеке 
философиялық ұстанымымен түсіндіруге болады».
Нағыз ислам философы ретінде әл-Фараби Мұхамед пайғамбардың миссиясын, 
оның Алла жөніндегі танымын мойындайды. Аллаға, Періштелерге, Қасиетті 
кітаптарға, Пайғамбарларға, Ақыр заман күніне, тағдырға сену сияқты Ислам ілімінің 
барлық алты белгісі әл-Фараби трактаттарында тура болмаса да өзінше бір ерекше 
түрде түйінделген. [3]. 
Құран бойынша сенімнің бірінші бөлімі ол – Аллаға сенім. Бұл негізгі принцип 
қасиетті кітаптың екінші және он үшінші сүрелерінде берілген. Құранды фатиха сүресі 
ашады. Бұл сүре тармақтарымен келісе отырып Әбу Наср Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарасы,
Азаматтық саясат трактаттарындағы қараңғы және адасқан қалаларға сипаттама 
берген кезде фатиха сүресінің мәніне терең бойлап, ой қорытқанына күмәніміз жоқ. 
Әлемді жаратушы Бірінші Тұлға жөніндегі білімнің қажеттілігі туралы Әбу Наср 
мұраты классикалық ислам дәуіріндегі оқырман сұранысымен де ұштасып отырды. 
Фараби Алла танымын құптай отырып, ғылыми тұрғыда Аристотельдің ізімен, құдай 
дүниені бар етуші тек бірінші себеп – «алғашқы түрткі» ғана, одан кейін табиғат 
/материя/ өз бетімен, өз заңдылығымен тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны 
қуаттайды. Сол себептен де болар ойшыл тұжырымдары кезінде кеңестік арабтану 
саласында бұрмаланып, соның ішінде А.А.Игнатенко сияқты ғалымдар оның өңін 
айналдырып басқаша сипаттама беруге тырысты. «Әбу Наср әл-Фарабидің 
философияның дінге қатысы мәселесін қарастыруында белгілі бір тиянақсыздықтың да 
бар екені айқын. Көптеген зерттеушілер мұны сол уақыттағы қоғамның нақты 
әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, исламның ерекше мәртебесімен және т.б. 
түсіндіреді. Мұны қабылдауға болады, бірақ айқындаушы фактор ретінде емес. Бұл 
мәселені баяндаудың тиянақсыздығы мәселені қоюдың күрделілігінде жатыр»
Әлемнің құрылысы жөніндегі ілімді еске ала отырып, әл-Фараби ислам мен 
философияның жарыспа жанаспалылығы туралы ой қорытады. Бұл мәселе, әсіресе, 
Хадис пен жекелеген Құранда айтылғандар әл-Фараби космологиясының негізін 
қалады деген идеяны ұстанушы В.П.Демидчиктің мақаласында көрініс береді. Бұл 
тұжырым Құран мен Суннаның әлем жаратылысын сөз ететін тұсына ғана қатысты. Әл-
Фараби Қайырымды қалада: қиялдағыш күш ең биік дәрежеге жеткен адамның әрекет 
етуші интеллектіден өңінде де қазіргі шақтың нышандарын, яки олардың сезімдік 
модельдерін алып отыруы, сөйтіп интеллекцияның жеке-жеке модельдендіретін 
пайымдалғыш объектілерінің бәрін және басқа да ізгі жандардың бәрі көріп отыруы 
ғажап емес. Сонда оған даритын интеллекцияың пайымдалғыш объектілері арқылы, 


65 
қасиетті заттарды болжап білу сияқты дарын пайда болады. Қиялдағыш күштің барып 
жететін ең биік дәрежесі, кемелдіктің асқар шыңы – нақ осы»,- дейді [25. 198]. Бұл 
жерде оның философиясы сенімнің екінші негізгі бөлімі – періштелерге сеніммен 
ұштасады. Құран бойынша періштелер – Алла ықтиярын орындаушылар. Олар 
жарықтан жаралған, тамақ пен су ішпейді, жынысы жоқ. Адамдарды қорғайды, 
пайғамбарларға Алла сөзін тасымалдайды, жер бетіндегі адамзат әрекетін бақылайды, 
жаннат пен тозақтың күзетшілері. «...Оның жанындағылар /періштелер/ Ұлы 
жаратушыларына ғибадат жасаудан паңданбайды және шаршамайды. Олар жалығып, 
шаршамастан күндіз-түні Аллахты тәсбих етеді». Олардың саны Аллаға ғана аян. 
Періштені зерттейтін ғылым саласы жоқ. Өйткені періште туралы тек ислам діні ғана 
емес басқа да діндер сөз қозғайды. Олай болса оның универсалдық қасиеті бар. Адам 
болмысымен бірге туған. Ол ұлттық танымда жан сақтайды, әрі жанды алады. Олардың 
жазушылығы тағы бар. Өйткені діни аңыздарға жүгінетін болсақ, адамның екі 
періштесі болады, олар жақсылық істер мен жаманшылық істерді жазып тұрады екен. 
Періштенің нәпсісі болмайды. Бұлардың ішінде Иблис ибн Шайтан ғана тозақтың 
отынан жаралған, адамдарды дұрыс жолдан тайдырады. Сол себептен де намаз Аузу би 
Ллахи мин аш-Шайтани рражим деп басталады. 
Әл-Фараби Қайырымда қалада періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық 
жағын қарастыруға тырысады. Абу Наср трактаттарында Періштенің аян болуы мен 
елестеуі туралы бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін 
өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Бұл жөнінде әл-Фараби: 
«Періште деп біліп нануға ләзім тірі жандар туралы; бұлардың әрқайсысының парқы 
неде; мұның өзі қандай және бұлардың пайда болу себебі; бұлардың бірінше себепке 
қатынасы; бұлардың әрқайсысынан ненің пайда болатыны, бұлардың әрқайсысының 
одан шығатын нәрсеге қалайша себеп болатындығы; билейтіні және аспани денелердің 
біріне себеп болатындығы, оның осы тәнді билеуге арналғандығы дейді». 
«Сенімді сақтап қалатын тәсілдер мен көзқарастарға келетін болсақ, оны 
догматикалық теологияның білгірлері (әр түрлі) сенім көзқарастары мен олардың 
қағидаларын (әдеттегі) адами көзқарастармен, ой-пікірлермен, интеллектімен тексеру 
мүмкін емес, өйткені ол көзқарастар құдайылық аяннан алынғандықтан, неғұрлым 
жоғары сатыда тұрады, олардың алдында адам парасаты әлсіз, өйткені олар құдайылық 
құпияны қамтиды деген ой-тұжырымдар арқылы қорғап алуға талпынады. Дәл осылай 
адам дінді тек аян арқылы түсіне алады, ал аянды ол өз интеллектісі арқылы тани 
алмайды, өйткені ол үшін адам өте әлсіз. Керісінше жағдайда, егер адам білгенін өзіне 
түсіндірсе немесе ойланып-толғанып өз интеллектісімен таныса, онда аянның 
мағынасы да, пайдасы да болмас еді. Мұндай жағдайда адамдар өз интеллектілеріне 
сүйеніп, пайғамбарлықпен аян алуды керек етпес еді...»
Исламның негізгі үшінші бөлімі Қасиетті кітаптарға сенімді, әл-Фараби арнайы 
бөліп алып қарастырмайды, дегенмен осы бағыт төңірегінде жалпылама тұтас түсінік 
бар. 
Пайғамбарларға сенім немесе исламның төртінші бөлімі әл-Фарабидің әділетті 
әкім туралы тұжырымдамасында жарқын көрініске ие. Сенімнің төртінші тармағы 
бойынша мұсылман барлық пайғамбарлардың ақиқаттығына сену керек. Құранда –
Адам, Ыдырыс, Нух, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Ысмаил, Жақып, Жүсіп, Аййюб, 
Шуэйб, Мұса, Харун, Зуль-Кифль, Дәуід, Сүлеймен, Ілияс, Зәкәрия, Яхья, Иса, 
Мұхаммед сияқты есімдер айтылады. Құранда дінге сенушілердің атасы – Авраам және 
ол мұсылман деп көрсетіледі. Өйткені ол бір құдайға сенуді үндеген алғашқы адам. 
Авраам пұтқа табынуды жоққа шығарған, сол себепті оны ханиф  деген атаумен 
байланыстырамыз. Исус Христос есімін де Құранның талай бетінен кездестіреміз. 
Алайда Мұхаммедтің өзі христиандық пен исламның айырмашылығын баса айтады. 


66 
Хадисте Мұхаммед пайғамбардың: «Мені Исус Христос /Мәриамның ұлы/ сияқты 
мадақтамаңдар, өйткені мен – құдайдың құлымын; мені Құдайдың құлы немесе 
Алланың елшісі деп атаңдар», деген сөздері сақталған. Құран сүрелерінде көрсетілген 
пайғамбарлар жөніндегі ілім монотеистік діндердің сабақтастығын ғана айтып 
қоймайды, адамзаттың шығу тегінің бір екендігі идеясына алып келеді. Абу 
Наср ханиф, елші деген сөздерді қолданбайды, бірақ имам, пайғамбар түсініктерін жиі 
пайдаланады. Сонымен бірге Қайырымда қала, Бақытқа қол жеткізу еңбектерінде 
пайғамбарлық жөніндегі мәселелерді алға тартады. «Тұтас алғанда, философия дінге 
оң қатынаста болады. Бірақ әл-Фараби пайғамбарлық туралы, о дүниелік өмір туралы 
көптеген қағидаларды сынға алып: «Пайғамбар заңдарды белгілейді, шариғат халықты 
үрейде ұстайды, жақсылық үшін құрметтеп, зұлымдық үшін жазалайтын құдай бар деп 
үйретеді, ол олар білмегенді білуге тиісті деп міндеттемейді, өйткені бұл анағұрлым 
жоғары білім деңгейі болып табылады»
Сенімнің бесінші тармағы Ақыр заман күніне илану Абу Насрде өзінше бір 
келбетте көрінеді. Жалпы Ақыр заман жөніндегі ілім Құранда жазылған мінез-құлық 
нормаларымен байланысты. «Оның қашан болатыны жайлы білім тек қана Раббымның 
жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре алмайды» (Ағраф сүресі). Бұл 
туралы ұғымын Әл-Фараби өзінің Қайырымды қаласында өлгеннен кейін қайырымды 
қала тұрғындарының жандары бір-бірімен қауышады, ал адасқан және надан қала 
тұрғындарының жаны өлген соң ыдырап, ажырап кетеді деген идеяны ұстанғанда 
айқындайды. Сенімнің бесінші бөліміне байланысты тәртіптің діни және мінез-
құлықтық ережелері әл-Фарабидің барлық философиялық саяси трактаттарында 
дәлелденген. Сонымен бірге хадистердегі мумин түсінігіне Әбу Насрдың Қайырымды 
адам бейнесі өте жақын. Сенімнің алтынша белгісі – Тағдырға немесе қайырымдылық 
пен қатігездіктің Алла бұйырған шарттылығына сену. Ол жөнінде « араларыңда өлімді 
біз белгілеп, тағайындадық...» (Уақиға сүресі) деген Құран сүрелері бәрімізге мәлім. 
Осы орайда Мұхаммед пайғамбар өлгенді жоқтауды айыптайды. Ұлы ойшыл 
теологиялық пайымға тән дәлдіктен алшақтай отырып, Даналық негіздерінде Қасиетті 
кітаптан алынған «Жайдан-жай бір тал жапырақ та ағаштан түспейді» – деген мысал 
келтіреді. 
Әл-Фараби Қайырымды қалада періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық 
жағын қарастыруға тырысады. Абу Наср трактаттарында Періштенің аян болуы мен 
елестеуі туралы бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін 
өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Исламның негізгі үшінші 
бөлімі Қасиетті кітаптарға сенімді, әл-Фараби арнайы бөліп алып қарастырмайды, 
дегенмен осы бағыт төңірегінде жалпылама тұтас түсінік бар. 
Діннің адамзат баласының ақыл-ойын жаулап алғанына қарамастан, уақыт 
жағынан алып қарастырғанда, ол философиядан кеш туындағанына көз жеткіземіз. Бір 
сөзбен айтқанда, діннің көмегімен халықты ағартушылық, яғни білім жолына сала 
отырып, саналық және тәжірибелік заттарды да үнемі іздестіруге мүмкіндік аламыз [4]. 
Жалпы әл-Фараби идеяларының исламмен байланысы тамыры тереңде жатыр. 
Әлемді басқару, мінез-құлық белсенділігі, «бақыт» дәрежесін айқындау сияқты 
негіздерді түсінуі ислам ілімі мен Фараби мұралары төркіндес болып келеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы,1973
2. 
А.С.Қабылова. Әл-Фараби және араб-мұсылман философиясы. Алматы, 
2004. 


67 
3. 
А.С.Қабылова. Әл-Фараби философиясындағы мәдениеттер синтезі. –
автореферат. Алматы, 1999. 
4. 
Ж.Алтаев, Ж.Әмірқұлова. «Әл-Фараби және ислам философиясы» 
Алматы,2012 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет