ӘОЖ 316(045)
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ
Урынбасарова Ж.,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» тобының студенті
Ғылыми жетекші: Л. Н. Исаева, аға оқытушы
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Андатпа. Мақалада «
екінші ұстаз» атанған
әл-Фарабидің
ізгілікті қоғам туралы
ойлары Жүсіпбек Аймауытовтың, Абай Құнанбаевтың көзқарастарымен байланыста
қарастырылады.
Түйінді сөздер:
ізгілік, адамгершілік, қайырымдылық, тұрақтылық, өркениетті
мемлекет, имандылық, бірінші Тұлға, кемел білім, қайырымды адам.
Мемлекетті нығайтатын, ізгілікті қоғам қандай болуы тиіс деген сұрақ
ойшылдарды ежелгі заманнан бастап ойландырған. Әлеуметтік-саяси ойлар тарихында
осы сұраққа қатысты Конфуций, Платон, Аристотель, Әл-Фараби т.б. ірі ойшылдар өз
ойларын білдірген. Кемеңгер тұлғалардың ізгілікті қоғам құру жөніндегі идеялары
қашан да өркениетті мемлекеттің үлгісі, өлшемі болып табылады. Бұл ойшылдар өз
еңбектерінде ізгілікті қоғам (мемлекет) құрудың үлгілерін қарастырған.
Адамзат қоғамы қаншалықты дамығанымен, бүгінгі ақпараттық технология
үстемдік құрған заманда да ізгілік, адамгершілік, қайырымдылық мемлекеттің
болашағына тікелей қатысы бар құндылықтар ретінде өзінің тарихтан бері келе жатқан
орнын сақтап қала бермек.
Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов жазғандай, «Мәдениет жүзінде адам
баласы құс болып ұшып, балық болып жүзіп, алысты жуық болдыруды анық қалап
отырса да, бірін-бірі өлтіруді, зорлығы қиянаты қалмай отыр. Неге? Адам тәрбиенің
құлы болуға жетпей, әлі күнгі табиғаттың құлы болып жүргендігі. Адам баласы
табиғатқа қашан құл болудан құтылады? Анық ақылға билетіп жалпы жұрт жақсы
тәрбиелі болғанда құтылмақ. Адамшылықтың тарихына көз жүгіртсек, өмір жүзінен
мысал қарастырсақ, атақты данышпандардың пікірін, сөзін байқасақ тәрбие адамды
бұзуы, түзеуі көрінеді [1,133 б.]. Ұлт, ұлт тұлғасы, мемлекет, ұрпақтың зиялылығы,
тұлғалануы бұның барлығы адам баласының өзінің бастапқы табиғатынан рухани
71
деңгейі арқылы ажырап, ұлттық табиғат пен кісілік табиғатты иеленгендігін көрсетеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың сөз етіп отырған табиғаты қоршаған орта емес, адамды тарих
пен мәдениет үдерісінен бөліп алып тұйыққа тірейтін табиғат, яғни надандық.
Қоғамның негізі, болашағы ұлттық тәрбиеге тәуелді, ұлттық тәрбие болмаса
қоғамдық ортада кісілік қалыптаспайды. Кісілігі жоқ қоғам мемлекетке, оның
болашағы ұрпаққа қажетті құндылықтарды бере алмайды, бұндай орта рухани
дүниелерді кейінгі уақытқа жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғауға қабілетсіз келеді.
Сондықтан өркениетті мемлекеттің бет-бейнесі, мәдениеті, әлеуметтік ортада адам
бойында кісілік қасиеттердің орын алуымен көрінеді.
Аса көрнекті әлеуметтік-саяси ойшылдардың бірі Әл-Фараби бабамыз
жазғандай, мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік,
шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді, рухани құндылықтары ғана сақтай алады.
Әл-Фарабидің
«Қайырымды
қала
тұрғындарының
көзқарастары »
деген еңбегінде адам танымынан бастау алып, оның қызметімен, ісімен, рухани
өмірімен жалғасатын құндылықтарды, білім түрлерін кеңінен талдаған. Ойшылдың
пікірінше қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан, жаратылыс
құдіреті туралы адамзаттың дұрыс танымынан бастау алмақ. Барлық ғалам, адам
баласы үшін бір ғана мән, бір ғана негіз бар, ол жаратушы (Бірінші Тұлға).
«Бірінші Тұлға – барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі. (Жалғыз)
сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде – Одан басқасында ең
болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше (кемшілік) бар. Ал Біріншіні (Тұлғаны)
алатын болсақ, ол мұндай (кемшіліктің) бәрінен ада, өйткені Оның тіршілігі кәміл және
болмысында басқаның бәрінен озық, Одан кәміл жетілген еш нәрсе жоқ және одан
бұрын ешнәрсе де болмақ емес. Бұл ретте оның тіршілігі ең мәртебелі дәрежеде әрі ізге,
әрі кәміл жетілген» - деп жазып кеткен Әл-Фараби [2,60 б.]. Адам баласы тарихтың
қайнаған дәуірінен қанша алыстаса да, діннен, жаратылыс ақиқаты туралы ұғымнан
алыстамайды. Дін адамзат баласының әлемінде, дұрыс өмір сүрудің жолын сақтап тұру
үшін Жаратылыс иесінің адамзатқа салып берген тура жолы. Осы тура жолдың басында
Бірінші Тұлға ақиқаты құр пайым түрінде емес, ақиқатты білім, парасатты түсінік,
кемел ұғым болуы тиіс. Себебі ізгілікті қоғам халықтың дұрыс діни танымынан,
білімінен шығып отырады. Әл-Фарабидің бұл ұғымына Абай өзінің Отыз сегізінші қара
сөзінде былай деп жауап берген: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.
Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам
баласының дұшпаны» [3, 100 б.].
Әл-Фарабидің, Абайдың, Жүсіпбек Аймауытовтың айтып отырғаны адамды, сол
арқылы мемлекетті, ұрпақты, ұлтты сақтайтын кемел білім. Адамзаттық болмыстың
мәні оның бойындағы ізгілігімен көрінсе, ізгілікті қоғамның кілті ұрпаққа таза дін,
кемел білім, дұрыс ілім арқылы табысталмақ. Заманыңда білім мен ғылым бола тұрып
оны дұрыс иелене алмасаң, мемлекетіңе білімің мен ғылымың арқылы көмектесе
алмасаң ілгерілеу болмайды. Әлеуметтік ортадағы даму, адам болмысының өрісіндегі
рухани дамудан басталады. Рухани дамудың негізінде дұрыс таным, тарих, отан, келер
ұрпақ алдындағы жауапкершілік тұр.
Жоғарыда айтып өткеніміздей адамзат дүниесіне, халыққа, ұлтына және оның
дүниелеріне ақыл парасаты мен білімі арқылы қызмет ете білген адам зиялы адам.
Шынайы (дәстүрлі) діннің өзі адамзаттан зиялылықты талап етеді. Ұлттық мүдде,
халық игілігі жолында жүрген адам көкірегі ояу, мінезі дұрыс, шыдамды, қайратты,
батыл болуы қажет. Нағыз зиялы адам өзін ұлтының қызметшісі санайды. Кемеңгер
72
бабаларымыз айтып кеткендей, адамның шынайы, әрі дұрыс білімі оның танымын
сақтап тұрады. Егерде надандық болса, қоғамдағы барлық кемшілік сауатсыздықтан,
әділетсіздіктен, әдепсіздіктен шығар болса ұрпақ өзінің, мемлекетінің болашағына
қажетті көптеген мүмкіндіктерден қолы үзуі мүмкін. Қашанда адамның дініне, діліне
күш беретін білім, көркем мінез.
«Қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, - деген Әл-Фараби, - ата-
бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай
олардың жандарын материядан азат етеді» [2, 170 б]. Адам өзін қоршаған ортамен,
табиғатпен, қоғаммен интеллектуалдық байланыста болуы тиіс. Интеллектуалдық
байланыстың биік көрінісі парасаттылық. Ата бабаларымыз ата мекенмен парасатты
негізде байланысу нәтжесінде мәдениетті, ұрпақтың мүддесіне қызмет ететін тарихты
қалыптастырған.
Әл-Фарабидің идеяларынан түсінетініміз мемлекет халықтың, жеке адамның
рухани болмысының толыққандылығымен, тереңдігімен нығаяды. Ел болмысының
негізін құрайтын ұрпақтың болмысы болса, жаңа айтып өткеніміздей дұрыс сенім,
дұрыс таным, дұрыс білім, денсаулық, табиғи ортаның тазалығы, қоғамдық ортадағы
қайырымдылық, адамдардың бір-біріне деген адамгершілігі, жауаптылығы мемлекетті
көркейтеді. Ұрпағын дұрыс тәрбиелеп, қорғай білген елдің ұрпағы елін қорғайды.
Қай жағынан болмасын адам болмысындағы, қоғам өміріндегі жасандылық
қайырымды ортаның болмысына жат. Ойшылдың өзі жазғандай, «көзсіз батырлық
ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілділікке ұқсас,
жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу
адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткерліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша
өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан cақтануымыз
қажет. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда
өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады» [2, 222 б]. Қоғамдық ортадағы
адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының негізіндегі шынайылық ел
болмысының деңгейін арттырады. Жалған нәрселермен ел мүддесіне қатысты
мәселелер шешілмейді. Шынайылық, дұрыс мінез өсіп келе жатқан буынның
болашаққа дұрыс бағдар (тәрбие) алуына ықпал етері сөзсіз. Себебі шынайлық пен
дұрыс мінезді талап ететін қашанда уақыт.
Әл-Фарабдің ұғымынша кез келген нәрсенің шегі болады, ол шектен еш нәрсе де
шығып, асып кете алмайды. Мәселен батырлықтың шегі тарих, кез-келген батырлық
тарихтан асып, немесе озып кетпейді, оның ұясы тарих. Сол сияқты жалған әдетте
қоғамнан, уақыттан асып кетпейді, қоғам қажеттіліктері, уақыт, заман талабы шынайы
мінезді талап етіп, уақыты келгенде айқындалады.
Әл-Фарабидің пікірінше, адамды табиғатынан адамға жау деп ұғу да
қате. Қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Адам баласынан рухани
өмірдің шегі қайырымдылықты, ізгілікті талап етеді. Адамды қадірлейтін, төл
құндылықтарын сақтай алатын, кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, табиғатты құрметтеуді
үйрете білетін ел ғана қайырымды мемлекетті құра алады.
Мемлекеттің қайырымдылығы адамының рухани байлығында, барлық қоғамдық
сана түрлерін (дін, білім, тарих, мәдениет, өнер, ғылым, заң) сақтай алған, оның
қызметін ұқыпты пайдалана білген қоғам жеке адамның бойындағы қайырымдылықты
оята біледі, адамының кісілігі арқылы мемлекет қайырымды болады. Әл-Фараби былай
деген: «Діни сенімдері кейбір ескі теріс көзқарастарға негізделген реттерде қала надан
немесе адасқан қала болып шығады» [2, 178 б]. Шынында да қоғамдық ортадан білімі,
сенімі, көзқарасы арқылы оқшауланбайтын, мемлекетінің болашағын өз болашағымен
ұштастыра білген елінің өмірін, дінін, тарихы мен дәстүрін, құндылықтарын
сақтаудағы ата бабасының, яғни елдің тәжірибесін құрметтеп, рухани өміріне,
73
болашағына пайдалана білетін адам қайырымды, заманынан қалмайтын өркениетті
адам.
Әл-Фараби – орта ғасыр мен жаңа заманның, шығыс пен батыс мәдениетінің
ортасында, екі уақыттың, екі аймақтың ерекшеліктерін, ілімін зерттеп, адамзат
өркениетінің болашағын тереңнен тани білген ойшыл. Адамзат баласына өскен
ортасынан, жүрген жерлерінен жиған білімін, дін ілімінен үйренгенін ұсынып, сол
арқылы болашақта ғылымның, технологияның күшімен қалыптасқан адамзаттың жаңа
өркениетіне үлгі болатын, жаһандану заманында адамның болашағына қамқор болатын
қайырымдылықтың үлгісін жасаған.
Әл-Фараби ілімінен өз заманының ғана емес, бүгінгі замандағы адамзат
қоғамының да бет-бейнесін көруге болады, оның ойлары бүгінде өзекті. Адамзаттың
екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің пікірінше, мәдениеттіліктің күші – мәмілеге келу.
Мемлекет пен халықтың бір бағытта бір-бірін қолдап отыруы. Мәмілеге келудің басты
белгісі түсінік, халық мемлекетті, мемлекеттің халықтың жағдайын түсінуі. Әл-
Фарабидің еңбектерінде көретілгендей, қоғамдағы бар қиыншылықты жеңетін, бақытқа
жеткізетін, бұл - ақыл парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан қазіргі жастар өз елінің
көркеюін, ел үшін қызмет етуді қаласа, олар алдымен тынбай ғылым, білімді игеруі
қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-т., А., Ғылым, 1999.
2. Әбу Насыр әл-Фараби. «Қайырымды қала» - Алматы, Халықаралық Абай
клубы, 2015.
3. Абай. Қара сөз. – Алматы, 1993 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |