Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

 
ӘОЖ: 94 (574) (045) 
 
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МҰРАСЫ МЕН ҒЫЛЫМДЫ 
ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
Атакозина Н, «Тарих» мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Қамиева Г.Б., аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Мақалада түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-
ұстазы» атанған ғұлама, өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшылдың философия, 
логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика
медицина, музыка салаларынан жазып қалдырған 150-ден астам трактаттарының 
рухани құндылығы мен маңызы туралы қарастырылған.
Түйінді сөздер: «Екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі», Ұлы ғалым, 
гуманист, «Фарабидің энциклопедиясы». 
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топжарғаны – 
Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама 
Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн 
Узлағ Әл-Фараби.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс 
өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында, қайсыбір деректерде - оның тікелей 
ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскербасының отбасында 
дүниеге келген [1, 12-б.]. 
Жастайынан зерек, оқу-білімге мейлінше құмар болып өскен әл-Фараби алғашқы 
білімін Отырарда қыпшақ тілінде алады. Отырар медресесін бітірген соң әл-Фараби өз 
білімін арттыра түсу мақсатымен сол кездегі ғылым мен мәдениет ошағы саналған Шам 
(Бағдат) шаһарына аттанады. Әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдат қаласында өткізеді. 
Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби ат салыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ 
деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл 
білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша сан түрлі еңбектер жазды. 
Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте 
жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның 
өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби 
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейншнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы 
А.Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу 
маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек?», 
«Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ 
ретінде танытты.
Әл-Фараби философия ғылымына қоғамдағы адамдардың сана-сезімін оятатын 
парасат шамшырағы ретінде қарады. Сондай-ақ философия бүкіл халықты әділетті 
қоғамға қарай жетелейтін бағдарлы күш деп білді. Философияның ұрпақтар 


90 
арасындағы рухани мәдени сабақтастықты қамтамасыз ететін құрал екенін дәлелдеді [2, 
154; 155-б.]. 
Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын 
туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», 
«Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» деген сияқты 
еңбектерінің мәні ерекше зор.
Ұлы ғалым гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен 
қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық 
проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш ақыл-парасат деп біледі.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты 
кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы 
қала деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, 
ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала 
әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл 
қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға 
салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді. Сондықтан ол халық бақытты өмір 
сүру үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал жақсы әкім әділ, инабатты, 
мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, 
батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекет 
басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.
Әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика, эстетика 
мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы 
білім категориясының ғылыми негіздерін ашып көрсетеді. Этика жақсылық пен 
жамандықты ажыратуға, түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екенін дәлелдеп көрсетті. 
Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты – адам бойындағы білім, 
мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте, тұтастықта өмір сүруі керек,- деп біледі [2, 
156-б.]. 
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп 
белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден бар. Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап 
қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі «Ғылымдар энциклопедиясы» деп 
аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. 
Осы трактат «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар 
классификациясы», т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мәлім 
болып, одан көп ғұламалар тәлім алды. Бұл кітап бес тараудан тұрады. «Фарабидің 
энциклопедиясы» ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі 
ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, 
түркі, т.б. тілдерге аударылған. Роджер Бэкон, атақты Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037) 
және басқалар тікелей соның әсерімен өздерінің көпке мәлім энциклопедиялық 
еңбектерін жазған [3]. 
Әл-Фараби педагогика ғылымы тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі деуге 
болады. Ғалымның философия, логика, этика, эстетика т.б. салалар бойынша жазған 
барлық зерттеулерінде ұрпақ тәрбиесі ең басты орын алады. Әл-Фараби баланы дұрыс 
тәрбиелеу үшін мынадай үш шартты күні бұрын дәйектеп алу қажет екенін айтады:
бірінші – ынта-ықыласы, білімге құштарлығы;
екініші – ұстаздың шеберлігі, ар-ождан тазалығы;
үшінші – сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым баланың дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің бір-біріне ықпал-
әсері зор екенін дәлелдеп көрсетеді. 


91 
Әл-Фарабидің әмбебап музыкант болғаны тарихтан жақсы мәлім. Ол өзі сан 
түрлі музыка аспаптарында ойнап, өз жанынан ән, күй шығарған. Музыканың ұлы 
кітабы атты музыка теориясы жайындағы ғылыми еңбегінде ғалым акустика, дыбыстың 
таралуы, дыбыстың шығу тегі, т.б. туралы құнды пікірлер айтады.
Сонымен қатар, Фараби болашақ қоғамды адамдардың емін-еркін, азат өмір 
сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бірі құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде 
суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде 
деп білді. Утопист ретінде ол феодализм жағдайында қайырымды мемлекет, барша 
халықтың бақыты туралы армандады. Ал ұлы гуманист ретінде ол феодалдық 
соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке 
қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқығын қорғауға әрекет 
жасады.
Әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, этика, метафизика, медицина, т.б. 
ғылым салалары бойынша жазылған еңбектерін оқып білудің өзі ұлы ғалымның 
әдебиет теориясы мәселесіне арналған трактаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік 
береді [2, 156; 157-б.]. 
Әл-Фарабидің аса зор нәтижеге жеткен ғылымдары – астрономия мен геометрия. 
Ол оптикалық аспаптар жасаған. Оның ішінде ойыс парабола айна, уақыт өлшегіш күн 
сағаты бар. Әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін қолданылады. 
Ғылымда көлеңке өлшеу әдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фараби 
әдісі деп саналады. Сондай-ақ ғалым сфералық тригонометрияға негіз салған. 
Фараби астрономия мен астрологияны өте терең білген адам. Орта ғасырдан 
бастап дүние жүзіне тараған астрологияның бетін ашып, сырын шешкен осы Фараби 
болып саналады. Бірақ ол астрологияны үйретіп, оны қолдануды көздеп, түзету 
енгізген емес. Оның шын мағынасында негізі қайдан шыққан, шындығы мен өтірігі 
қайда, осыны көрсету мақсатын көздеді. Бал ашу кітабы «Талиғынаме» («Гороскоп») 
бойынша болашақты білуге болады деушілердің ісін Фараби ашықтан-ашық надандық 
немесе адам аулаған арамзалық дейді. Осы пікірін ол жалпы астрономиялық, 
математикалық-логика әдісімен дәлелдейді. Фараби астрологияны өзінің ақыл елегінен 
өткізіп, зерттемей тұрып, одан сырттай безген жоқ. Ол астрологияның жалғандығына 
әбден өзінің көзін жеткізген соң ғана одан біржола қол үзді. 
Әл-Фарабидің физика саласындағы көрнекті еңбегі – «Вакуум» туралы деп 
аталады. Мұнда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек 
оқымыстыларында да сирек кездесетін тәжірибелерге (экспериментке) сүйенген 
логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум 
проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі 
ғылымның деңгей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың 
ішінде түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе 
кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі және басқалар 
бар. 
Данышпан ойшылдың медицина, биология ғылымдарына да үлкен мән бергені 
мәлім болып отыр. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғыда 
негіздеуге көп күш жұмсаған. 
Фарабидің жақсы дәрігер болғаны белгілі. Оның дәрігерлік-философиялық 
ойлары тек соңғы жылдары ғана «Адам (тәнінің) мүшелері туралы» және «Галеннің 
Аристотельмен адам тәніндегі мүшелер жөніндегі оның келіспеушілігі туралы 
қарсылығы» трактаттарын орыс тіліне аудару және оқып-білуге байланысты 
ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналды. Әл-Фараби сауатсыздық жайлаған заманда 
да жаратылыстану ғылымдары ішіндегі ең сүбелілерінің бірі – медицина туралы 
қызықты пікірлер айтып, бұл ғылымның деректерін адамның тіршілік қажеттеріне 


92 
пайдалануды қарастырған. Ұлы ғұлама медициналық мәселелерді психология 
ғылымымен жақындастыруды ерекше мақсат еткен [3]. 
Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған қайраткерлер осы заманға дейін 
адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік 
тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, Иранның, 
Үндістаннің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл сондықтан 
да ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді. Өзінің ойлау жүйесін 
сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын 
таңдап ала білді. Өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді, - дей келе, оның 
терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған 
бірден-бір саласы жоқ десек артық айтқанымыз емес. Фарабидің гуманистік идеялары 
әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Әбсаттар Дербісалиев. Қазақ даласының жұлдыздары. – А., 1995. – 12-б. 
1. Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. (Қазақ әдебиеті бастаулары). – А., 2005.
2. https // articlekz.com: Р.С.Каренов. Әбу Насыр Әл-Фараби. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет