Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

 
ӘОЖ: 94 (574) (045) 
 
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТАПҚЫР СӨЗДЕРІ 
 
Султанова Ш. И. 
Н. Оңдасынов атындағы №5-орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,  
Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Мақалада заманының ұлы данышпан-ойшылы, ғұлама, ғылымның әр 
саласынан күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоғалтпаған саралы еңбектер 
қалдырған Әл-Фарабидің нақыл сөздері, олардың негізгі идеялары, яғни, адамгершілік, 
ізгілік пен қайырымдылық мәселелері жөніндегі көзқарастары қарастырылған.
Түйінді сөздер: адам, бақыт, қайырымдылық, ғылым, тәрбие. 
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبوبنصرو حمد لفا ابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн 
Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 – 950 ж.ш.) – әлемге әйгілі ойшыл, философ, 
әлеметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка 
зерттеушісі. 
Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын 
жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Туған жері – қазақтың ежелгі қаласы 
Отырарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр 
Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны – қазіргі Отырар 
ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің 
қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен 
сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. 
Бір күні әлде кім Әбу Наср әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы 
көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі 
ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы 
тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда 
болды ғой!» – деп жауап берген екен. 
Әл-Фарабидің ұғымынша кез келген нәрсенің шегі болады, ол шектен еш нәрсе 
де шығып, асып кете алмайды. Мәселен батырлықтың шегі тарих, кез-келген батырлық 
тарихтан асып, немесе озып кетпейді, оның ұясы – тарих. Сол сияқты жалған әдетте 
қоғамнан, уақыттан асып кетпейді, қоғам қажеттіктері, уақыт, заман талабы шынайы 
мінезді талап етеді, уақыты келгенде ол айқындалып отырады. 
Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адамды табиғатынан адамға жау деп ұғу да 
қате. Қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Адам баласынан рухани 
өмірдің шегі қайырымдылықты, ізгілікті талап етеді. Бұны ХХ ғасырдың басында өмір 
сүрген батыс ғалымдары «шекаралық жағдай» деп түсіндірген. Қазақ философиясында 
«жалған дүние» деген ұғым бар. Бұның мағынасы адам өмірінің мәні де, сәні де жиған 
дүниесімен емес, ұрпаққа, елге жасаған ісімен өлшенеді дегенді білдіреді. Сол сияқты 
Әл-Фараби философиясында зерделенген қайырымдылық, ізгілік мәселелері адамзат 
баласына ортақ, оның табиғатының мәнін ашатын, адамның тұлғалық қасиеттерін 
тарих қатпарынан аршып алатын құндылық. 


68 
Адамды қадірлейтін, өзінің төл құндылықтарын дәріптейтін, сақтай алатын, 
кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, табиғатты құрметтеуді үйрете білетін, құндылықтарын 
табыстай алатын ел ғана қайырымды мемлекетті құра алады. 
Əл-Фарабидің нақыл сөздері
«Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады. 
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, 
содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу. 
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс. 
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. 
Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя 
білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап 
отыруында. 
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. 
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-
мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат 
іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек.
Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар 
мен өнер қуатын дарыту. 
Адамның басына қонған бақыттың ұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа 
байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. 
Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя 
білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап 
отыруында. 
Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша 
тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық 
дәрежесіне жетеді. 
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, 
содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу. 
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, 
тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй 
ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. Білім қуған жанның 
ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады. 
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: «ол тым қатал да болмауы 
керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне 
қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына 
шәкірті селқос қарайтын болады». 
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа 
байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы. Ұстаз… жаратылысынан өзіне 
айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін 
жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл 
иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-
намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… 
жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, 
ержүрек болуы керек. 
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, 
тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй 
ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. 
«Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.


69 
Жаһлы көзбен қарасаң, 
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған. 
Дүние – қоқыс, сен – меншік.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Жүргендер көп достық атын малданып, 
Қалмағайсың сен де бірде алданып». 
Фарабидің қағидалары бойынша кемел өлең диалогикалық берік негізге, 
қисынға сүйеніп, «екі қорытындыдан үшінші қорытынды шығаруды мұқият 
басшылыққа алып, соған сай тұр, яғни «бейнелеу» құралын іздеп табу керек. Нағыз, 
шын ақындық осы шартты бұлжытпай орындаумен сипатталады». Осыны Фараби 
былай өрбітеді: «Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың, 
тақырыптың өзінен туындайтын, теңеуді дәл келтіру, әлде жуықтау бір-бірімен тым 
алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру – әр бір 
ақынның шеберлігіне байланысты». 
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия 
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. 
Әбу Насыр – халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам 
баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған қаламгер. Әбу Насыр 
метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз 
елуге тарта трактаттар жазған.
Біз Әл-Фарабидің алғашында фәлсафашы ретінде танылғанын айттық. Оның 
фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе, Аристотельдің 
мұрасын зерттеуге арналаған. Әл Насыр Аристотелдің категория, Бірінші және екінші 
Аналитика сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Сондай-ақ өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», 
«Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты 
көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және 
адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз заманы үшін соны ой-пікірлер айтады. 
Орта ғасырлардың өзінде де Әбу-Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату 
жөніндегі батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының 
ақылымен, білімімен, адамгершілігімен, байланыстырған. Әбу Насыр Әл-Фараби 
ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым 
саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, 
мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, 
математика саласында да үлкен жаңалықтар ашқын. Ғұламада лирикалық сарында 
жазылған сырлы, мұңлы өлеңдер де баршылық: 
«Қайтейін мен көкжиек көңілімді, 
Келер күнге үмітпен жол ашамын. 
Қос шөлмектен өткіздім өмірімді, 
Соны медеу етеді болашағым. 
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса, 
Екіншіде шарап бар жайлы мәлім. 
Даналықты сиямен молықтырсам, 
Шарабымен шерімнен айығамын». 
Әбу Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс қайтыс болған. Фараби қазасы туралы 
екі дерек бар,- дейді ғалымдар. Біріншісінде – ғалымдар оны Шамда қайтыс болған 
десе, екіншісінде – Әбу Насыр Әл-Фараби қасына бір неше адам ертіп Асқалан 


70 
қаласына бара жатқанда жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан. Сайф ад-
Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан. 
Қорыта келе айтқанда, Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші-адамның ойлауына, 
пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және дақсы қылық пен жаман қылықты 
айыруына көмектесетін күш»,- деп көрсетеді. Фараби адамдардың өз көздеген 
мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. «Адам рухани жағынан 
үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып 
білу арқылы жетіледі»,- деп түйін жасайды. 
ӘДЕБИЕТТЕРІ 
1. Н.Келімбетов. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана, 2000. 
2. Қазақ тілі мен әдебиеті // №1, 2005. 
3. Ә.Дербісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары. – А., 1995. 
4. Ж.Алтаев. Философия және мәдениеттану. – А., 1998. 
5. 
С.Қирабаев. Ежелгі дәуір әдебиеті. – А., 1991.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет