Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері


ӘДЕБИЕТТЕР  1. Көбесов А. Әбу Насыр Әл-Фараби. А., 2004. 47-67 бб



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата07.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#55532
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
sbornik-l-farabi-2019-

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Көбесов А. Әбу Насыр Әл-Фараби. А., 2004. 47-67 бб. 
2.Қазақ халқының философиялық мұралары. 3 т. А., 2005. 30 б. 
3.Алтаев Ж., Әмірқұлова Ж. Әл-Фараби және ислам философиясы. А., 2012. 110 
б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


85 
ӘОЖ: 94 (574) (045) 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ӨМІРІ, ШЫҒАРМАЛАРЫ, ЖАҺАНДЫҚ 
ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
 
Кошкарова А, Есқалиева І.,. «Тарих» мамандығының студенттері 
Ғылыми жетекшісі: Қамиева Г.Б., аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа. Мақалада ұлы ойшыл, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, өз 
заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы 
энциклопедиясын жасап берген – Әл-Фарабидің өмірі, ғылыми мол мұрасы, мемлекет 
басқару, ізгілікті қоғам жөніндегі гуманистік идеялары, данышпандық болжамдары мен
терең мағыналы пікірлері жөнінде қарастырылған.
Түйінді сөздер: философ, зерттеуші, әсемдік мәселесі, медицина, музыка. 
Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-
парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі 
ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз 
емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал, ұлы жерлесіміз, Батыс пен Шығысты 
терең білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби.
Зерттеуші-ғалымдар әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы мардымды 
әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар 
жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден 
асқан шағында Бағдад шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым 
жолындағы ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек. 
Елімізде фарабитану ғылымымен айналысып жүрген ғалымдардың айтуынша, 
ғалым өз ажалынан қайтыс болған. Жасы сексеннен аса бергенде хижраның 339 жылы 
(милад бойынша 950 ж.) реджеб айында Шам шаһарында дүние салған. «Екінші 
ұстазды» о дүниеге құрметпен жөнелту ісін он бес нөкерін ерткен Сайф ад-Дәула әмір 
өзі басқарыпты. Қаланың «Кіші қақпа» («Баб ас-Сағир») аталатын жағындағы зиратқа 
жерлеген. Басына ескерткіш қойған [1, 116-129-б.б.]. 
Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының 
ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол 
араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді. 
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, 
жас Әбу Насырды (Нәсірді) ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға 
дайындайды. Бірақ ол Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара 
шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де Әбудің мұнда қанша 
болғаны жайлы араб шежілері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі 
Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен 
танысады. Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады [2]. 
Әбу Насырдың Бағдадқа баруының өзіндік себептері болған. Сол уақытта Бағдад 
шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен 
айналысу үшін бар жағдайды жасаған. Бағдадта «Байт әл-Хакма» атты ғалымдар үйі 
және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Екіншіден, сол кездері Бағдад халифатын 
басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан 
болыпты. 
Бағдад шаһарында әл-Фараби логиканы Әбу Бишр Матта ибн Юнустан үйреніп, 
кейін өзі ұстазынан да асып түседі. Лингвистикалық ғылымдарды жетік меңгеруді 


86 
қалап, грамматика саласының маманы Әбу Бәкір ибн әс Сирадждан грамматикадан 
дәріс алады. Әли Юхан ибн Хайланнан тәуіптік өнер (медицина) мен логика саласынан 
дәріс алған [3]. 
Сонымен, ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдад шаһарында ғылыми ізденістермен 
айналысады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да, сексен жасқа жетіп, 
өмірден өткенше сол өлкеде қалады. 
Шам аймағына келгеннен кейін әл-Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір 
бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп ғылыммен 
айналысуын әрі қарай жалғастырады. Ол, әсіресе, логика ғылымын терең зерттейді. 
Осы салада бұрын-соңды жазылған еңбектердің бәрін парақтап оқып шығады. 
Тұрмысының жұпынылығына қарамастан, қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға 
жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысады. Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май 
шамның жарығымен талай томдарды оқып тауысады. Өзінің еңбектерін де жазып 
шығады. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің өзінен: Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? 
- деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша, ол былай дер еді: Менің 
айналысқаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты – «Табиғат пен адамзат» деп аталады. Оп-
оңай, екі-ақ ауыз сөз. Бірақ осы екі сөздің шеңберінен тыс ғылым қайда, ондайды 
естіген жан бар ма? Олай болса, Фараби қамтыған ғылым мен өнер жоқ деуге болады 
[4]. 
Оның жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, 
этика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым 
салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден 
бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол 
дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан 
білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Ендігі парыз осы еңбектердің барлығын 
жинап, екшеп-талдап ұрпақтар кәдесіне жарату болып отыр. 
Әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици 
болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, әл-Фараби ғылымдағы ержүрек 
қаһармандар санатына қосылады. Ол «соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын 
қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар 
зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті»
Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Араб тілді 
философтар шешкен басты мәселелер – білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу 
мәселелері болды. 
Ол үшін Әл-Фараби ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, 
талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен 
Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Птоломейдің «Алмагесіне» 
және Порфирийдің «Эйсогесіне» түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы 
кітаптарын терең зерттеген. Платонның күллі кітаптарын оқыған. 
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп 
белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден бар. Әл-Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, 
өзінің ең атақты шығармаларының бірі «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын 
трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Осы 
трактат 
«Ғылымдар 
энциклопедиясы», 
«Ғылымдар 
реті», 
«Ғылымдар 
классификациясы», т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мәлім 
болып, одан көп ғұламалар тәлім алды [5]. 
Бұл кітап мындай бес тараудан тұрады:
1. Тіл білімі және оның тараулары;
2. Логика және оның тараулары;


87 
3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық 
астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым (механика);
4. Физика мен метафизика және олардың тараулары;
5. Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм (дін 
ғылымы). 
Араб мәдениетінің философиялық екі тарауы болған деп саналады. Оның бірі 
ертеден келе жатқан теологиялық-мистикалық, дүниеден безуші – аскеттік-дәруіштік 
ағым; екіншісі дүние кілтін табиғатты зерттеуші адам ақылынан іздейтін ақли 
(рационалдық) ағым [1, 176-б.]. 
Фарабидің атағы философ ретінде Аристотель, Платон сияқты ірі 
философтардың еңбектерін талдаумен әйгілі болады. 
Әл-Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» 
атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз 
шарты жайлы өз пікірлерін ортаға салған. Оның пікірінше, тұңғыш рет грек философы 
Пифагор философиялық бағыттың алғаш негізін құрастырған. Фараби Шығыс пен 
Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды [6]. 
Бақытқа жетудің маңызды шартын, әл-Фараби адамның әрекетті таңдау және 
осы істеген әрекеттің өз ырқына негізделуінде. Әл-Фараби адам ырқының еркіндігіне, 
жақсы мен жаманды еркін таңдауына көп маңыз артады. Ерік еркіндігі жан 
парасаттылығымен анықталады және ол тек адамға тән, адамдағы ізгілікті 
қалыптастыратын және күшейтетін қажетті шарт. 
Ойшыл данышпан тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын 
айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді 
екенін ескерткен [7]. 
Ғалымның мұрасында әсемдік мәселесі ерекше орын алады. Сұлулықты, 
үйлесімділікті сұлулық пен сәнділіктің жоғары дәрежесіне ие Алла ғана жасай алады 
деп дәлелдейтін мұсылман идеологтарына қарағанда, Әбу Насыр ізгі істі іздеуге және 
жасауға тек адам ғана қабілетті деп дәлелдейді: «Адам рухани ізгілігіне байланысты 
ғана жағымсыз және ізгі істерге барады», «Адамға қысқа ғана ғұмыр берілгенмен, ол 
қас-қағымды көп екен деп есептейді, адамдар бір-біріне азап шектіре отырып бірімен-
бірі жауласады, бір-бірімізді қашанға дейін азап шектіре береміз. Табиғатта әсемдік 
мәңгі өмір сүреді, ал қайталау түрінде пайда болатын өнердегі ізгілік пен сұлулық 
адамнан ғана шығады». 
Әл-Фарабидің эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен пайда 
бірімен-бірі үйлесімді түрде тұтасып кеткен, бірінен-бірі бөлінбейді. «Адам ақыл-
ойының арқасында ғана адам болды», - дейді ғұлама. 
Әл-Фараби сауатсыздық жайлаған заманда жаратылыстану ғылымдары ішіндегі 
ең сүбелілерінің бірі – медицина туралы қызықты пікірлер айтып, бұл ғылымның 
деректерін адамның тіршілік қажеттеріне пайдалануды қарастырған. Ұлы ғұлама 
медициналық мәселелерді психология ғылымымен жақындастыруды ерекше мақсат 
еткен. 
Асыл тастарды, минералдық заттарды Фараби негізінен алғанда су 
ерітінділерінен пайда болады деп білген. Ол алхимияны да үйренген адам. Бірақ оның 
астрологияға байланысты, сиқырға сенетін жерін қабыл алмаған. Бұл ғылымның негізгі 
мақсаты – «жаман» металдарды алтынға айналдыратын «философиялық тас» табу 
немесе адамға мәңгі өмір берерліктей «өмір өзегін» жасау болған. Фараби «Алхимия 
өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын арнайы трактат жазып, алхимия өнерінде не 
дұрыс және не теріс екендігін ашып беруге тырысқан [8]. 
Әл-Фараби музыка саласында да іргелі еңбектер жазып қалдырған. «Музыканың 
ұлы кітабы» деп аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ, оны дүние жүзінің барша 


88 
ғалымдары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп таныған. 1200 беттен тұратын 
бұл кітаптың екі томын француздың белгілі шығыстанушысы Р.Эрланже 1930 – 1935 
ж.ж. өз тіліне аударған. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы 
музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге 
әкелген. Қазір музыкада жеті нота болса, әл-Фарабидің еңбегінде нота саны – 12. Сол 
бес нотаны әлі күнге дейін ешкім тапқан жоқ. 
Трактат негізгі төрт бөлімнен тұрады. А.Көбесовтің жіктеуінше, олар мыналар:
а) «Музыка өнеріне кіріспе»;
ә) «Музыка өнерінің теориялық негіздері»;
б) «Музыкалық аспаптар»;
в) Музыка композициясы . 
Әл-Фараби «канун» деген музыкалық аспап ойлап тапқан. Цитраға ұқсас құрал 
да шығарған. Оған интервал бөлімдерін өлшеп, әуендердің кемел түрін анықтайтын 
кескіндері бар сызғыш қойған. 
Ойшыл ғалым музыканың тек теориясын зерттеп қана қоймаған. Ол сондай-ақ 
тәжірибе жүзінде де қолданып, көптеген аспаптарда тамаша ойнаған. Оның шебер 
орындаушылығы жөнінде Шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып 
жүрген көптеген аңыздар бар. Үндістанда жүрген бір күні әл-Фараби Патша әскерінің 
киімінін киіп алып, жай адам ретінде Үндістандағы ең атақты адам Патша 
Суффиудиннің үлкен соты өтетін бөлмеге кіреді. Патша өзінің бөлмесінен қарапайым 
адамды көріп таң қалып, ол не істеп жүрген адам,- деп білгісі келеді [9]. 
Қорыта келе айтарымыз, Ұлы ойшыл Аристотельдің философиясын дамыта 
отырып, өз тарапынан көптеген маңызды ғылыми еңбектер жазды. Әл-Фараби 
ғылымының философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол 
музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, 
психология, география, этика, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше 
зор. 
Кеңес үкіметі кезінде әл-Фарабиді көптеген адамдар зерттеді. Кемшілігі – оны 
Ислам өркениетінен алшақтатып көрсетті. Фараби туралы ақиқатты айтқан жоқ. 
Тәуелсіз Қазақстанда Ұлы бабамызды алдағы уақытта ешқандай шектеусіз зерттеуге 
толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Сонау X ғасырда жазылған ғұламаның еңбектері 
ХХІ ғасырдағы ғалымдардың зерттеу объектісіне айналып отыр.
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ: Оқу құралы. – А., 1994. – 116-129-б.б.; 176-б. 
2. Шолақова Р. Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. – 2012,
№5 (116). – 32, 33-б.б. 
3. https // www.anyzadam.kz: Қойлыш Ж. Бала Мұхаммедтен ғұлама ғалым, 
«Екінші ұстаз», Әбу Насыр әл-Фарабиге дейін (870 – 950) // Аңыз адам: Жұлдыздар 
отбасы. – 2011, №17 (29). – 5-9-б.б.
4. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-филологиялық 
зерттеу). – А., 1995. – 12-б. 
5. Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. – А., 2011. – 
432-б. 
6. Қасымжан А. Әл-Фарабидің рөлін ұмытушылық – тарихи әділетсіздік // Аңыз 
адам: Жұлдыздар отбасы. – 2011, №17 (29). – 39-б. 
7. Бейсенбай Б. Әбу Насыр әл-Фараби өмірбаянына жаңа қисын // Ана тілі. – № 
25 (1073). – 23-29 маусым. – 6,7-б.б. 


89 
8. Сүлейменов П. Әл-Фарабидің қоғамдық философиялық және педагогикалық 
ғылыми көзқарасы // Ақиқат. №12. – 67-70-б.б. 
9. Исахметұлы Ж., Даутбаев М. Фараби трактаттарындағы білім, тәрбие 
мәселелері // Ақиқат. №6. – 105,106-б.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет