84
болса, солай оның көлемі бұрынғы табиғи қалпына қайтып келеді»,-деп
қорытындылайды [1, 52 б.].
Атынан көрініп тұрғандай Фараби бұл еңбегін ұстазы Аристотельдің атақты
туындысы «Физиканы» өңдеп, түсіндіруге арнайды. Аристотельдің «Физикасы» сегіз
кітаптан тұрады және ол біздің қазіргі физика ғылымына сай келмейді, оны табиғаттану
философиясы деп қарастырған дұрыс. Мұнда Аристотель физиканың зерттеу объектісі,
нысанасы қозғалыстағы денелер деп алып қозғалысқа қатысы бар мынадай
проблемаларды зерттейді. Өзгерудің жалпы проблемасы, материя мәселесі,
субстанциялар, қозғалыстың формалары т.б. «Физика,-деп жазады Әл-Фараби,-табиғи
денелердің қайсысы жағдайға қарай анық болмыс екенін анықтай отырып, табиғи
денелерді зерттейді; ол әр табиғи денеде оның нысаны мен субстанциясын, оның
жаратушысы мен осы дененің, сондай-ақ акциден-циясының бар болу мақсатын
зерттейді» [2, 30 б.].
Ә-Фараби жер бетіндегі және аспан, әлемдегі заттардың материалдық сипатта
болатындығына күмән келтірмейді. Материалдық заттар мен денелер Фараби пікірінше
алты түрге бөлінеді: 1. Аспан денелері; 2. Есті жануарлар (адамдар); 3. Ессіз жануарлар;
4. Өсімдіктер; 5. Минералдар; 6. Тқрт түпнегіз-от, су, ауа, жер. Аристотель аспан
денелері ерекше бір зат-эфирден тұрады деді. Ал, Әл-Фараби болса, аспан денелерінің
ерекшелігін тек олардың құрылысынан көреді [3, 110 б.].
Фарабидің бұл еңбегінің басты маңызы-Шығыс пен Батыс оқымысты-ларына
олардың механикалық көзқарастарын, білімдерін дамытуда ерекше қызмет атқарған-
Аристотель идеяларын тазалап, жөндеп жеткізу болды. Ол Аритотельдің «Физикасына»
арналған ортағасыр Шығысындағы тұңғыш еңбек қана емес, Европа ғалымдарында да
Аристотельдің механикалық қағидаларымен таныстырушы бірінші шығарма.
Қорыта келгенде
«Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын,
ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында
болуы шарт» дейді ойшыл. Менің білгенім, үйренгенім бір тоғыз болса, білмегенім
тоқсан тоғыз. Сондықтан Әл-Фараби мұраларын оқу үйрену, зерттеу қоршаған дүниге
деген сын көзқарасымызды қалып-тастырып, жаңа серпін берері анық.
Достарыңызбен бөлісу: