Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет53/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРГЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН
 
ҮТІР 
Қойылатын орындары 
Қыстырма сөздің 
сөйлемнің басында келуі 
Қыстырма сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Қыстырма сөздің 
сөйлемнің соңында келуі 
Әрине, 
оған 
теңіз 
жағасының 
сүреңсіз, 
жүдеу тірлігі ұнамасы 
анық. (Ә.Н.) 
Бірақ, амал қанша, баланың осы бір 
әділ арманын ескеріп, іске асырып 
жатқан үлкендер жоқ. (Ш.А.) 
Қартайған шақта жай 
жүруге көндігейін деген-
ау, сірә. (Ш.А.) 
140-жаттығу. 
Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің тыныс 
белгілерінің қойылуына назар аударыңыздар. 
Бірақ тайпалма жорға Гүлсары Александровка қырқасынан соңғы рет 
асқанын, енді, міне, ақырғы аттам жерлер жүріп келе жатқанын Танабай білген 
жоқ еді. (Ш.А.) Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, 
«белгілі бір этникалық-территориялық единица» (мысалы, хандық сияқты), «ел, 
жұрт» деген мағынаны білдірген. (Р.С.) Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір 
грамматикалық мағына білдіре алмайтын қалдық формалар да бар екен. (С.И.) 
Сөйтіп, қаланың ұлығы мен даланың сойқанды бұзығы Абайға қарсы іштей 
табысқандай боп айырылысты. (М.Ә.) Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны 


69 
(неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға мен жіберетін өлеңдердің 
біреуін түсіріп алады. (С.М.) Расында, бұрын бұл өзін «аға сұлтан Құнанбай 
баласымын» дейтін де, «бар Құнанбайдың есебі түптің түбінде бір жерден 
шығады» деп білетін. (М.Ә.) Сөз жоқ, мұндай феномендер ертедегі әдеби 
мұраларды тілі жағынан біршама өзгертпей жеткізуге себепкер болғанға 
ұқсайды. (Р.С.)
 
141-жаттығу. Мына қыстырма сөздерден сөйлем құрап, олардың 
мағыналық жақтарына түсінік беріңіздер. 
Сөз жоқ, бәсе, ендеше, керісінше, байқаймын, мысалы, қысқасы, негізінен, 
амал қанша, шынын айту керек, бір сөзбен айтқанда, меніңше, әрине, 
бақытымызға қарай, алдымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет