75
Көлқайнардағы Құнанбай аулына Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған
аулына кеп жетіп еді. (М.Ә.) Ұзақ түн бойында ас пен сауық кезектесіп ауысып
отырған кездерде әрбір әредікте домбырашы Ақылбай әнші-күйші
Әлмағанбеттер қонақ тартып өткен полька-мазурка сияқты билердің кейбір
қайырмаларын өздерінің домбырасына ақырындатып
іліп тартып ұғып қалып
отырғандарын да байқатып отырды. (М.Ә.) Шоқан Жиренше шешен аңыздарын
«ноғайлы философы» Асанқайғы толғауларын Әз Жәнібек сөздерін осы
ноғайлы-қазақ дәуірінде туған деп топшылайды. (Р.С.) Жұмыр шал осы
ауылдың қасына көшіп келген соң Ысқақтың осы кесір кердең Мәніке бұл екі
баланың атын мазақ еткен. (М.Ә.)
158-жаттығу. Төмендегі қосарлы және
қосалқы айқындауыштарды
қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар.
Қобыланды батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, ғалым-ұстаз Нұржамал
Оралбай,
Ақан сері, Біржал сал, Төле би, би-шешендер,
Алпамыс батыр,
телефон-автомат, Бұқар жырау, Жиренше шешен, әнші-композитор.
Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері
Үтірмен келетін оңашаланған айқындауыш Сызықшамен келетін оңашаланған айқындауыш
– Мүйізді Бұғы ана, біз,
атамыз екеуіміз,
сізді өте жақсы көреміз. Сіздің келуіңізді
көптен бері күтіп жүр едік, – деді. (Ш.А.)
Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы –
Әділбек, Асылбекпен – бәрі де қонақтармен
бірге болды. (М.Ә.)
159-жаттығу. Мәтіннен оңашаланған
айқындауышы бар сөйлемдерді
тауып, тыныс белгілерін қойып жазыңыздар.
Бұл ауыл Оспанның әйелі Еркежанның төркіні Байтас ауылы. (М.Ә.) Осыны
алдыңғы жыл былтыр екі жыл зорлап алып кеп енді міне биыл үшінші жыл
тағы орақшысын әкеп салып отыр. (М.Ә.) Байғабылдан көп жатақ ішінен әр
қыстаудан дәл осы шақта тағы талай аттылар жосыта шығысқан еді. (М.Ә.)
Шолпанның баурында күнұзын Тәкежанның баласы мен жылқышылары мал
үшін қырқысқан күні сол Шолпаннан
тай шаптырым жерде Ақшоқыда
Абайдың іні-достары Лермонтовқа айрықша шұғылданып жатқан-ды. (М.Ә.)
Күні әнеугүні күзекте ғана сол Базаралының жоғын жоқтап кеп аузына келгенін
айтып кеткен. (М.Ә.) Қалың көпшілік арбалылар да салттылар да жаяулар да
соның соңынан шұбап қыртысы қалың жасыл көделі жердің шаңдағын аспанға
шығарды. (С.М.) – Бұл жөнінде ертең сағат тоғызда тресте отырып кең
сөйлесейік. (Ғ.М.) Жаңа кешке жақын бұлақ басындағы
бір тақырға жиналған
өз құрбы балаларды бастап осындай ат қоюды көп ойын қылған. (М.Ә.)
Қыстауға қонғалы қазіргі қалың қыстың ортасына шейін Абай Аралтөбеде
Әйгерімнің оңаша қыстауында кітап соңында уақыт өткізетін. (М.Ә)
Достарыңызбен бөлісу: