Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мақсаты Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы
күресу, осы одақтастықты пайдаланып, Орта Азия хандарымен
келіссөз жүргізу, Тәуекел хан мен Иран шахы Аббас I арасында
Бұхара хандығына қарсы одақ құрғызу еді. 1554 жылы қаңтарда
орыс патша үкіметі Тәуекел ханға әскери көмек көрсетпекші болды.
Тәуекел ханның інісі Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мұхаммед
пен Қадырғали Жалайыр 1588 жылы Ертіс бойында тұйғын салып
жүргенде орыс әскерлері ұстап әкетіп, Мәскеуге апарып, «барымта»
ұстап тұрған еді. Тәуекел хан өз ұлы Құсайынды Мәскеуге аманатқа
беріп, ондағы Ораз-Мұхаммед сұлтанды қайтарып алмақ болды.
Тәуекел хан 1595 жылы көкек-маусым айларында В. Степанов
бастаған орыс елшілігін қабылдады. Сөйтіп орыс мемлекеті мен
Қазақ хандығы арасында Сібір ханы Көшімге және Бұхара ханы
Абдоллаға қарсы одақ қалыптасты.
Осы кезде болған ірі тарихи оқиға – Көшім хан билеген Сібір
хандығының жойылуы еді. Ресейден Сібірге жорыққа аттанған
Ермак-тың жасағы 1582 жылы Қазанда Қуаш тауында Сібір ханы
Көшімнің әскерлеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, оны жеңіліске
ұшыратты. Көшім өз әскерлерімен оңтүстікке шегініп, 1598 жылға
дейін орыс әскерлеріне табанды қарсылық көрсетті. Бірақ Көшім
көмексіз қалған еді. Бұл кезде Көшімнің Орта Азиядағы одақтасы
Шайбани әулеті құлап (1598), оның орнын Аштархан әулеті (1599–
1735) басқан еді. Ақырында біржолата жеңілген Көшім Орта Азияға
қашып кетті де, 1598 жылы Сібір хандығы жойылды. Бұрын Сібір
хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары қазақ хандығына
бірікті.
Қазақ хандығына Әбілхайыр хандығына, Моғолыстан хандығына,
Ноғай одағына және Сібір хандығына қараған қазақ тайпалары енді.
Қазақтардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті,
ол қазіргі Қазақстан территориясын түгелге жуық қамтыды. Бұл
Бұрыннан басталған қазақтың халық болып қалыптасу барысын
біржола аяқтатты [6, 256–257 бб.].
Қазақ тарихының дені біздерге шежірелер жиынтығы ретінде
келіп жетті. Қазақ ру-тайпаларының шежірелері ерте заманда
ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпакқа жалғасып отырды. «Қазақ халқы
200-ден аса рудан құралса, әр рудың өз шежіресі болған» [7, 232 б.].
«Зерттеушілердің айтуынша, жалпы алғанда қазақ шежірелері 7
ғасырдан бастап 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтыды» [7, 232 б.]. Бұл
шежірелерде белгілі жүз, тайпа, бұдан тараған аталар таратылып
айтылуымен қабат, осы аталардың заманымыздағы халықтың
тұрмыс-тіршілігі, ірі-ірі тарихи оқиғалар, елдің бір жерден екінші