Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет83/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қ. Жалайыр заманы туралы
Қадырғали ғұмыр кешкен кезең Қазақ хандығының құрылуы 
мен нығаюына тұспа-тұс келген еді. Нығмет Мыңжанның айтуынша, 
бұл кезде ел ішінде бейбіт береке орнаған болатын. Мұның өзі 
көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге 
бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын
дер кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, 
бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. 


 
85
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. Бұл жағдайлар қазақ 
хандығының белін бекемдеп, беделі мен күш қуатын арттырды. Қазақ 
хандығында өмірдің оңала бастағанын көрген қазақ тайпалары басқа 
хандықтардың (ноғай одағының, Моңғолстанның, Сібір хандығы-
ның) телімінен құтылып, қазақ хандығына қосылуға талпынды. Бұл 
қазақ тайпалары мен олардың этникалық территориясын біріктіруге 
тиімді болды [6, 240 б.].
«ХV ғасырдың ақыры мен ХVІ ғасырдың алғашқы он жылдық-
тарында қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтардың 
мемлекеттік бірлестігі халықтың бірігу барысын жеделдете түсті. 
Әбілхайыр мен Ақ Орда хандарына қарағанда Қазақ хандығының 
ерекшелігі – анағұрлым кең де берік этникалық негізі қалыптасқан 
қазақ халқы болды» [7, 664 б.].
Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен 
тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. Қазақ 
хандығы нығайып, халқының бірігу барысы жеделдеу мен бірге, оның 
«қазақтар» деген атауы да бекіді [7, 385 б.]. «Қазақ хандығының саяси 
және экономикалық жағдайы Қасым ханның тұсыңда (1511–1523) одан 
әрі нығайды. Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, 
әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. 
«Тарихи-и-Рашиди», «Шайбанинама», тағы басқа деректемелердегі 
мәліметтерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының 
негізгі аудандары Қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» 
[7, 385 б.]. «ХVІ ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан ұлан 
байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде 
Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, 
Түркістан аймағындағы (Сырдария бойындағы) қалаларды басып 
алды. ІПығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Талас, 
Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және шығыс 
солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау 
тарамдарына дейін жетті, батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын 
қамтыды (Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласы Бұрындық 
хан тұсында – 1518 жылы қарады делінсе, кейбір деректерде 1523 
жылы Қасым ханның 70 жасында қарады делінеді [7, 385 б.].
Осының арқасында мемлекеттің беделі артып, сыртқы саясат 
пен дипломатиялық қарым-қатынас аясында белгілі табыстарға 
қол жеткізді. Қазақ хандығы өз Кезінде өмір сүрген Орта Азия 
хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен 
және орыс мемлекетімен сауда-саттық және дипломатиялық қарым-
қатынас орнатты. Тәуекел хан тұсында Ресей мемлекеті мен Қазақ 
хандығы арасындағы байланыс күшейе түсті. Ресейдің мұндағы 


86 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет