Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
керек, сол арқылы ғана біртіндеп әлемдегі қайталанбас тұлғалардан
тұратын социумды танып, білуге, бағалауға мүмкіндік алады.
Әрине, Қадырғали Жалайырдың тұлғалық сабақтастықты
талдауға арнаған енбегінен басқа да шығармалары болуы мүмкін.
Себебі әр түрлі мәдениеттерден, тілдерден сусындаған ойшылдың
шығармашылығы және дүниетанымы бір ғана еңбекпен шектелмеуге
тиіс. Өкінішке орай, ондай рухани мұраның замандастарымыз үшін
таныс болмауы, немесе қазіргі кезеңге дейін сақталмауы Қадырғали
Жалайырдың шынайы тұлғалық портретін жасауды, дүниетанымдық
ерекшелігін анықтауды қиындататыны белгілі. Дегенмен бізге
жеткен шығармасының өзі қазақ халқының қалыптасу кезеңіндегі
Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» сияқты еңбегіндей
әлеуметтік-мәдени мағынадағы маңыздылыққа ие болғанына
сенімдеміз. Бұл қазақ жерінде тек ауыз әдебиеті ғана емес, сонымен
қатар жазба мәдениетінің көрініс беріп отырғанының дәлелі. Әрине,
басқа мәдениеттердің де ойшылдың көзқарасына ықпалы болғанын
да жасыруға болмайды.
Қадырғали Жалайырдың қазақи дүниетанымы түркі мәде-
ниетінің, болмысының құрылымынан туындайды және оның діни
сипатымен астасып жатады. Ол Қадырғали би Қосымұлының
араб, парсы тілдерін жақсы білуімен байланысты. Сонымен қатар
Жалайыр орыс, татар тілдерін де жетік білгенін байқатады және
сол арқылы славян, Батыс мәдениетімен де таныс болғаны көрінеді.
Осыдан оның өз заманына сәйкес ауқымды дүниетанымы болғанын
аңғартады.
Дүниенің құрылымы, ондағы уақыт пен кеңістіктің өзара байла-
нысы, тарихи санада қалыптасқан өлшемдер сипаты Қадырғали
еңбегінде біршама көрсетілген. Тарихи дәлдікпен айтылған деректер,
тек тұлғалар өмірбаяны туралы мағлұматтар беріп қана қоймайды,
сонымен қатар қоғамдағы космологиялық танымның ежелден
өрбігенін, Шығыстық өркениеттің терең тамыры туралы айтып
өткендей. Мәселен, шежірелерді баяндай келіп, «Шыңғыс хан доңыз
жылы туды, түрікше күн есебінде жетпіс екі жыл өмір кешті. Және
тағы ай есебінен жетпіс бес жыл өмір кешті. Ай есебінен әрі отыз
жылда бір жыл тафаут (қосылады) етеді. Барша моғол түрік есебімен
есеп қылады», – деп көрсеткен Қадырғали би [2, 50 б.].
Бұл жерде қазақ жерінің мәдениеттер сұхбаты мен тоғысында
тұрғандықтан әр түрлі дүниетанымдық айшықтардан сусындағанын
байқаймыз. Тіптен, қазіргі кезеңге дейін ай есебі мен күн есебі халық
санасында қатар сақталып келе жатқанын, күнделікті тіршілігінде
бұқара халық үлкен маңыздылық беретінін де жасыруға болмайды.