Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет82/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
айтқанына көндіруге тырысты. Кейінде Ораз-Мұхаммед «Қасым 
патшалығын» басқарды. Кітаптың соңғы бөлігінде бұл оқиғаларды 
Қ. Жалайыр толығымен жазады: «Ораз-Мұхаммед хан сегіз жасында 
өзінің атасы Шығатай ханнан айрылды. Оның үстіне он үш жасында 
өз әкесі Ондан сұлтан шаһит болды. Одан соң және бірқанша уақыт 
таршылық көріп Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Он алты 
жасында Бүкіл христиан падишаһы Борис Федоровичке қызмет 
істеуге дайын болды.
Сол күннен бұл күнге дейін патша Борис Федорович ханның
қызметін атқарып келеді. Патша ағзам өз қызметшісін жарылқағаны 
тарихтағы мыңыншы (1000) доңыз жылының (біздің жыл 
санауымызша 1610 жыл) ақырында еді. Хамал (арабша қой мағынасын 
береді) бұрчқа келгенде тышқан жылы еді. Рамазан Әнмағам 
атында он бесінші күні, Бұкіл орыс патшасы Борис Федорович үкім 
жарлығымен оңды солында қарашылар (уәзірлер) құрметті бектерді 
отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық аңдаздармен маңғаздап 
және саясатпен қол қусырып, бас иіп игі жақсылар тұрды. Осындай 
салтанатпен Ораз-Мұхаммед хан Ондан сұлтан ұлын аса құрметтеп, 
ханға мүбәрәк қылды, құтты болсын айтты» [2, 124 б.].
«Шежірелер жинағы» бұрынғы тарих пен қазақ хандығының 
ХVІ ғасырдың аяғына дейінгі оқиғалар шежіресі еді.
Қ. Жалайыр өте білімді адам болған. «Дүниеде көп елдерде 
болдым, көп оқыдым» дейді ол. Көне түркі, араб, парсы тарихын, сол 
елдердің тілдерін молынан меңгерген ұлы тұлға. Неше қилы тарихи 
деректерді, адамдар аттарын, мемлекет, жер-су атаулары келтірілген 
бұл кітап әлі өзін толық, жүйелі зерттеулер күтіп тұрған сияқты. 
Оған тарихшылар, тіл мамандары, саясаттанушы, мәдениеттанушы, 
дінтанушылар тезірек атсалысса өте үлкен іс тындырылған болар еді. 
Ал біздің алға қойған мақсатымыз, қолда бар мағлұматтарға сүйене 
отырып, Қ. Жалайыр дүниетанымының кейбір қырларына үңіліп, 
оқырмандарға оларды сипаттап берсек дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет