Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
элементтен тұрады: оқиғаның басталуы туралы мәлімет; оның
даму жолдары, мақсаты; сол оқиғаның және оны атқарушылардың
құрылымы. Көбіне-көп жеке кісілер, олардың қасиеттері, оқиғаны
индивидуальді ерекшеліктері арқылы танып-білу осы аталған үш
ерекшеліктердің көлеңкесінде қала береді екен. Бұны әлеуметтік және
саяси мәні бар оқиғаларды жіктеп, топтап, мемлекет басқарудың
маңызына қарап, оларды тез және тәжрибе қолдануға лайықтап
бейнелеу тәсілін қолданғанымен түсіндіруге болады. Тағы бір
ерекшелік, шежірелер келесі ұрпақтарға қалдырған информация,
сондықтан олар ірі бейнелер, тұлғалар арқылы суреттеліп отыр.
Қазақ аңыз, ертегілерінің ойтуғызар дүниетанымдық тұстары
олардың адамды бірінші орынға қоя білуінде, оны ең басты киелі
күш деп ұғынуында. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен
образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып аңыз
ертегілері осы ізде туған.
Қадырғали еңбегінде аңыздар ерекшелігі – оның жалпы халықтық
мазмұндылығында ақиқат болғандығы екені көрінеді. Олардан
көшпелі елдің төл ерекшеліктері, белгілері бірден байқалады,
себебі олар халқымыздың тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың
негізінде туған аңыздар. Олардың негізгі философиялық өзегі –
мәңгілік, мәңгі – бақи өмірлік, жанның мәңгі – бақи екеніне сену,
мәңгілік етуге талпыну. Өз елі, жері үшін күресіп, оның талантын,
қабілетін, ерлігін, көркемдігін, әділеттілігін, адамның адалдығын
негізгі өзек етіп ала отырып, жеке басының мүддесі үшін емес, ел
мүддесі үшін жасалған үлкен іс қана адам өмірінің мәнін айқындау
философияның негізгі мәселелерінің бірі.
Қ. Жалайыр шығармашылығында оқиғалар желісінің реалистік,
тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыдан баяндалатынын
көреміз. Соның бір мысалы ретінде төмендегіні оқылық:
«Ол заманда Шыңғыс хан он үш жасар еді. Оның үстіне әлі оған
патшалық тимеген еді. Шыңғыс ханның анасы олкунут қауымынан еді,
аты Ауалун екен. Ол ұлын көп күш жұмсап тәрбие қылды. Шыңғыс
ханның атасы(ның) кейбір нөкерлерін маніғ қылды (ажырасып кетуге
жол бермеді). Ол заманда Шыңғыс ханға сол жылы – тайжут қауымы,
өлзе аға және інілері: журиат, меркіт, татар және басқа қауымдары
біріне-бірі захмат (зиян) тигізе бастады. Және бірнеше рет кейбір
қауымдар Шыңғыс ханнан ғафыл тауып, бенд (пенде) қылды. Хақ
тағала (әрқашанда мүмкіндік бергеніндей) оған құтылуға мүмкіндік
берді. Және қаншама саадат (бақыт) және дәулет оған жар болып, әл-
қуат тауып тез заманда тайжиут қауымымен жауласып олардан үстем
болып бірнеше рет қауымды быт-шыт қылды, яғни жоғалды (жоқ