Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования



Pdf көрінісі
бет46/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
сборник-материалов-НПК-qazan.info

Эксперименталды бөлім 
Сөйлеу тілін меңгерудің негізгі бір жолы — кешенді оқыту. 
Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар 
(пластинка), 
үнтаспалар 
(аудиорамма), 
бейнетаспалар 
(видеограмма) 
дидактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б. 
Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқушылардың коммуникативтік – 
танымдық біліктілігін, сөйлеу тілін арттырады. 
Оқушының сөйлеу тілі әрқашан тілдік ортада қалыптасады. Баршамызға 
белгілі қазақ балаларымен ойнаған орыс баласы қазақ тілін ешқандай 
грамматикалық ережені оқымай – ақ қатысым арқылы үйреніп алады. Сондықтан 
сөйлеу тілін дамытудың тағы біртиімді жолы – жағдайлық ойындарды 
ұйымдастыру. 
«Сен дәріханаға келдің» деген тақырыпқа ситуациялық жағдай туғызып, 
тірек – сызба арқылы сұрақ – жауап әдісімен әңгіме жүргізу. 
Сөйлеу тілін дамыту кезінде сөздік ойын жаттығулар, оқушыларды өздігінен 
сөйлеуге мәжбүр етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) 
грамматикалық жаттығулар, әдеби текстер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме 
құрастыру, жұмбақ жасыру, мақал, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту 
жұмыстары жүргізіледі. 
Ойын барысында мұғалім оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, 
тапсырманы күрделендіре береді. 
Ойын «Диалог — әңгіме» 
Бір оқушы ойдан шығарып, бір әңгімені бастайды. Келесі оқушылар оны 
жалғастырады. 
Динара: Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр 
Гаухар: Көктемде күндер ұзақ болады 
Мақсат: Көктемде түндер қысқа болады 
Гулмира: Жылы жаңбыр жауады 
Раушан: Құстар ұшып келе бастайды. 
Ұсынылған тапсырманың түрлері мен жаттығулар жүйесі сынып 
оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға көмектесті, тіл үйретудің практикалық, 
қатысымдық бағытталуына септігін тигізді. 
Егер оқушылар тіл арқылы түсініссе, өздері коммуникативтік тапсырма 
орындаса, олар біртіндеп диалогтарға инсценировка жасауға үйренеді. Оқушылар 
талдау, қорытынды жасауға жаттығады. Олар адамның көңіл-күйі, жайы туралы 
тереңірек біле түседі, өзінің әлеуметтік рөлдерде шамасының неге жететінің 
білуге ұмтылады, мұғалімнің жеке басына деген қызығушылығы, ілтипаты 
артады, сөйлеу тілі дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет