Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастыралды: 1. Әңгіме құруға арналған тапсырмалар: а) ақ қар, биік тау, көп бала, қызық ойын, сырғанақ, ауыл маңы т.б.
ә) мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар. сен кімсің? Ол кім?
әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?
Қайда тұрасыңдар?
Сендер нешеусіңдер?
Сіздің ағаңыз бен апаңыз кім?
Олар не істейді?
Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік
тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік
тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан
әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.
Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай
тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптасытру
талаптарыны басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы
деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын
қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет.
Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі
тиіс.
Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған
қойылатын талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып,
оқушының сөйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан
оқулықта, сабақта кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді.
Репродуктивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, елстетуге,
еске түсіруге арналған жұмыстар, ал рецептивті тапсырмалардың құрамына
ойлауға, есте сақтауға, танып – білуге арналған жұмыстар енгізілді.
Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар –
бір жағынан, оқушының өз бетімен білім алуына жәрдемін тигізсе, екіншіден
оның қиялын, ойлауын дамытады.
Сабақтың практикалық мақсаты мен дамытушылық мақсаты қатар жүреді.
Әңгіме құру барысында сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақта оқушының еркін
отыру атмосферасы туғызылады. Ол оқушының пікірін қорықпай еркін айтуына
жәрдемін тигізеді. Оқушылар бір бірін толық еркін көріп бетпе-бет отырып
сөйлесе алатындай мүмкіндік жасалуы керек.
Диалог құруға арналған тапсырмалар.
93
Ләзат мектептен келді ме?
Қыс айлары қандай. Не істеу керек?
Желтоқсан айы қандай жыл мезгіліне жатады?