Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования



Pdf көрінісі
бет52/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
сборник-материалов-НПК-qazan.info

Пайдаланған әдебиеттер:  
1. 
Ашық сабақтар сайты. 
2
Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу 
үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет. 
3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 
4. Б.Ибраимова. Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан 
мектебі,№6,2012,-3- бет 


101 
Ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту технологиясының тиімділігі 
 
Туресаева Гулфайра МаратовнаТаксимова Айнур Жумабаевна 
Учитель английского языка
Средняя школа №5, с. Акмол, Целиноградский район, Акмолинская область 

СЕКЦИЯ: Қоғамдық-гуманитарлық бағыт 
Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде инновациялық 
технологияларды енгузудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан 
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында, сондай-ақ
Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында, 
Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше назарға алынған. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, 
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл 
білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, 
педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі 
уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына 
бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды пайдалану қолданысқа ену 
үстінде.
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір 
технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім 
ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. 
Жаңа оқыту технологияларын пайдалану аясында шетел тілін пәнін оқытуда 
жетілдіру, яғни әрбір оқушының өз ерекшеліктеріне, ынтасына, мүмкіндіктеріне 
қарай білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін жасауға ұмтылу - ең басты 
мақсат. Осы міндеттерді атқару үшін жоғарыда айтылғандай, оқушының жеке 
білім алуға талпынуын, ұжымдық қасиеттерін де жетілдіретін, өзінің білім алу
жолын өзі басқаратындай деңгейге жеткізетін жаңартылған оқу бағдарламасына 
сәйкес бірнеше технологиялар мен әдіс – тәсілдер қолданылады. 
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз 
бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша 
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. 
Мақсаты: оқу барысында модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, 
жобалаудың тиімділігін анықтау. 
Міндеттері: 
— Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру; 
— Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау; 
— Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін 
құрастыру; 
— Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері; 
— Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы 
Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген 
деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық 
өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның 
әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік 


102 
бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының 
шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» 
білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі 
ретінде ұсынылады. 
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты 
функционалды байланыстырушы. 
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және 
қорытынды бөлімнен тұрады. 
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша 
сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына 
байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым 
тиімді екенін көрсетті. 
Оқу модулінің өзгешелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және 
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің 
меншігінде болады. 
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, 
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің 
барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) 
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. 
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік 
пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу 
бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. 
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға 
бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар 
қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды 
қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы 
тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Бұл 
білімалушының өзінің мүмкіндіктерін бағалай алуға ынталандырады. 
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу 
көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану 
оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта 
оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық 
сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми 
көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің 
сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгені мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз 
көрсетуі тиіс. 
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, 
бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік 
тапсырмалар оқу пәнінің ерекшелігіне қарай қорытынды бөлімінде беріледі. 
Модульдік оқыту технологиясы - жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын 
қалыптастыратын бірден-бір технология. 
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы 
түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық 


103 
қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық 
тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу. 
Оқушыларға: 1) өз ойларын толық жеткізе алуы; 2) материалды мұғалімнің 
жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән беруі; 4) білімді 
жинақтауға мән беруі. 
С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып 
ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі. Яғни, модуль — тұтас жүйенің 
бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне 
байланысты элементтердің жиынтығы. 
Модульдік оқыту құрылымының мазмұныны: 
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою; 
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау: 
4. Оқу әрекетінің жиынтығы; 
5. Нәтижені бағалау: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет