104
• Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.
Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу –
бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Заманауи білім жүйесінде
көптеген жаңа
технологиялардың қолданысқа енуі педагогтың кәсіби шыңдалуына мол септігін
тигізеді. Оқушыларды тілдік пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін
заманға сай технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға
болады.
Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы
көбірек тыңдауға мүмкіндік береді. Модульдік
оқытуда тағы бір ерекшелік
бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс
болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін
әр жұмысқа балл қою арқылы
қорытынды баға қойылады.
Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар
оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынып
отыр. Сабақта қолданылатын түрлі тапсырмалар білім алушылар өзгелерге көмек
қолын созу,
қатарластарының пікірін тыңдау, жағдайға баға беру арқылы
тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: