Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет21/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері - өнімнің тасымалдауға 
бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. 
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік 
қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі 
мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді. 
Өнімдердің тек ел ішінде ғана емес шетелдерде де мүмкіндіктері бар екенін 
көрсетеді.
Шикізатты үнемді пайдалану көрсеткіші. Экономикалық көрсеткіштер 
өнімнің өңделуіне, дайындалуына, сақталуына, өткізілуіне кеткен шығынды 
көрсетеді. Экономикалық көрсеткіш көмегімен технологиялық өнімдер деңгейі 
бағаланады. Экономикалық көрсеткіштер цехтарда орын алады жəне өнім 
сапасын басқару жүйесінде үлкен рөл атқарады. 
Экологиялық көрсеткіштер. Тауардың қоршаған ортаға зиянды əсерін 
көрсетпеу қасиеті. Экологиялық көрсеткіштерте тауарды тұтынуда пайда 
болатын қоршаған табиғи ортаға зияндылықтың əсері деңгейін сипаттайды. 
Яғни, өнімдерді іске қосқанда жəне қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері 
əсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда жəне 
іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сəулелердің болу 
мүмкіндігі). 
Өнімдердің əлеуметтік тағайындалу көрсеткіші. Бұл көрсеткіштер – 
тұтынушының əртүрлі топтарынан қоғамдық мəніне жəне қоғамның 
қажеттілігіне өнімнің сəйкестігін сипаттайды. Оларға мыналар жатады: 
шығарылатын тауарлардың бүтін көрсеткіші; əлеуметтік мекен-жайы; 
тауарлардың тұтыну класы; тауар ассортименті; əлеуметтік тиімділіктер. 
Шығарылатын тауарлардың қоғамдық көрсеткіштері тауардың берілген 
тобына қанағаттанарлық емес сұраныстың көлемін көрсетеді. 
Əлеуметтік мекен-жайының жəне тауардың тұтыну класының 
көрсеткіштері. Тауардың тұтынушыға қажеттілігіне жəне қажеттік 
ерекшеліктеріне сəйкестігін сипаттайды. Тұтынушының анықталған тобына 
тұтыну класын орнатады. Азық-түлік тауарларына, мысалы, емдік өнімдер, 
диабетпен ауыратын адамдар адамдар үшін тағайындалған өнімдер, бүйрек 
ауруына арналған өнімдер, балаларға аралған, туристерге, ғарышкерлерге жəне 
т.б. арналған өнімдер жатады. Анықталған тұтынушылық класының тауарлары 
сорты жəне түрі бойынша ажыратылады. Оптималдық ассортименттеріне қарай 
тауарлардың сəйкестендіру көрсеткіші: берілген өнім түрінің негізгі немесе 
жобаланатын жүйесін қолданудағы тиімділігін сипаттайды, сонымен қатар 
оның басқа өнімдермен де байланысын қатар сипаттайды. 
Өнім сапасының қор көрсеткіші – бұл сапаны салыстырмалы бағалау 
кезіндегі бастапқы етіп алынған өнім сапасының көрсеткіші. 
Қор көрсеткіші ретінде алынуы мүмкін: 
• Елімізде немесе шетелде жасалған өнімнің кейбір озық үлгілерінің сапа 


37
көрсеткіштері; 
• Кейбір алдыңғы уақыт аралығында жеткен сапа көрсеткіштері; 
• Тəжірибелі немесе теориялық жолмен табылған алдыңғы үлгілердің 
көрсеткіштері; 
• Өнімге қойылған талаптарда берілген сапа көрсеткіштері. 
Функционалды көрсеткіш – тауардың функционалды көрсеткіші заттардың 
тағайындалуына қажетті қанағаттандыру қабілетіне, қанағаттандыру құралына 
қызмет етуімен сəйкестігін сипаттайды. 
Бұл көрсеткіштер мынаған бөлінеді: 
1) негізгі фунцияларды орындау; 
2) əмбебап; 
3) қосымша операцияларды орындау. 
Негізгі функцияларды орындау көрсеткіштері тұтыну тиімділігінің 
пайдалылығы, тұтынушы мен өнімдерді пайдалануда нақты қажеттіліктерді 
қанағаттандыруы сипатталады. 
Мысалы, тамақ өнімдерін тұтынумен алынатын пайдалы тиімділігі тамақ 
өнімдерінің құрамында бар, белоктардың, көмірсулардың тұтынуында түзілетін 
энергия мөлшеріне (кДж, ккал), сонымен қатар жеке заттардың сіңімділік 
коэффициентін есептей отырып, тамақ өнімдері жəне оның құрамының 
химиялық құрамының сапалылығымен өлшенеді. Кейбір азық-түлік тауарлары 
үшін негізгі функция эргономикалыққа, сипаттамаларға сəйкес келеді. Мысалы, 
дəлдік тауарлардың негізгі функциясы тамақпен бірге бір уақытта қабылданып 
толық сіңуге қабілетті. 
Əмбебап көрсеткіш. Тұтынушыға пайдалы берілген тамақ өнімдерінің, 
қосымша фунциялардың болуын қолдану бойынша тағайындалу мүмкіншілігі 
жəне жағдайлары кең диапазонда сипатталады. Мысалы, қанттың сіңімділігі 
жақсы, тағамдық құндылығы жоғары, 100г өнімде 1650 кДж ккал бар, дəмі 
тəтті, тағамға қантты қолданудан басқа кондитерлік, тəтті нан өнімдері мен 
сусындарға, жеміс-жидектерге жəне басқа да тағамдарға пайдаланады. 
Қосымша операцияларды орындау көрсеткіші. Тасымалдау, сақтау, жою 
жəне т.б. негізгі жəне қосымша функцияларды орындаумен қатар жүретін 
“адам-өнім-орта” 
жүйесі 
этаптарындағы 
өнімдердің 
функционирлеу 
ерекшеліктерін сипаттайды. Қосымша операцияларды орындау негізгі 
функцияларды орындауға əсер етеді жəне тұтынушының туынды емес уақыт 
шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дəм бергіш зат 
ретінде қолданылады. 
Қауіпсіздік көрсеткіштер. Қауіпсіздік көрсеткіштері – адамның өнімді 
(жөндеу, сақтау, тасымалдау, тұтыну, шығару, қолдану процесі кезіндегі 
қауіпсіздігін сақтау мен зиянсыздығын қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін 
сипаттайды. Бұл көрсеткіштер адамды, оның денсаулығын зиянды жəне қауіпті 
заттардан, афиотоксиндер, ауыр металдардың тұздарын қамтамасыз етуді 
орындайтын 
талаптарды 
ескереді. 
Тауарларды, 
оның 
қауіпсіздік 
көрсеткіштеріне сапасын бағалауда еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік 
ережелеріне нормалар бойынша мемлекеттік стандарттар жүйесі, халықаралық 
ұйымдар, нормативті - техникалық құжаттарда анықталатын талаптар 


38
ескеріледі. 
Жіберілген деңгейдің (мышьяк, кадмий, цинк, темір) зиян қаупінің 
шектелген жағдайы. Тұтыну тауарларының қауіпсіздігі былай бөлінеді: 
• Химиялық – улы элементтер (цинк, ауыр металдар, микотоксиндер, 
антибиотиктер, гармондық препараттар жəне т.б.); 
• Радиациялық – радионуклидтер, радиоизотоптар; 
• Механикалық – үйкелу, ұрыну, деформация жəне т.б.; 
• Электромагниттік жəне электрлік сəулелер: сызықтық, электрлік, 
магниттік, электрлі-магниттік. Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің 
сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау жəне қолдану процестері сапаны 
басқару жүйесіне кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет