Квалиметрия түсініктемелері. Негізгі шарттары Квалиметрия латынша (“qualitas” – сапа, қасиет, сипат, ал “quails” –
қандай, сапасы қандай деген мағына) жəне ежелгі грек “метрео” сөзі - өлшеу,
өлшеу жүргізу дегенді білдіреді. “Метрео” түбірі жалпы халықаралық ғылым
лексикасында қолданылады, ал “квали” түбірінің түрленіп айтылған түрі
“качетво” - “сапа” дегенді білдіреді. Ағылшынша “quality” (“кволити”), испан
тілінде “calidad” (“калидад”), француз тілінде “qualite” (“кваалита”), неміс
тілінде “qualitat” (“квалитат”), голландия тілінде “kwaliteit” (“квалитайт”).
Сонымен қатар, “Квалиметрия” термині “сапаны өлшеу”, “сапаны бағалау”
сияқты мағына береді. Осыған байланысты, мысалы, ғалым, маман, яғни,
квалиметриямен айналысушы – квалиметролог болып аталады.
Кез келген пəнге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пəннің
сапасын бағалау – квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Мысалы, сапа туралы
ғылым квалиномия; осы пəнге байланысты сапаны бағалау жəне өлшеумен
айналысу, өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады.
“Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді.
Кейін 1968 жылдан бастап профессор А.В. Гличевтың бастауымен сапаны
бағалаудың ұқсастық əдісінің жалпы əдістемелік негізі қаланды жəне оның
теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілді.
Квалиметрия теориялық жəне қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық
квалиметрия – ол нақты объектіні абстрактілеу, принціптердің негізі, өңдеу,
жіктеу, жалпы əдістер жəне арнайы мəселелердің сандық сапасын бағалау.
Қолданбалы квалиметрияның негізгі тапсырмасы – заттың, өнімнің нақты
түріне байланысты, сапаның сандық бағалауының əдістемесін жасау.
Квалиметрияның негізгі шарттары:
1. Кез келген өнім (өнім, процесс, жүйе, … т.б.) жеке қасиеттерімен
сипатталады, ол ГОСТ 15467-79 өнімнің жасалуы немесе қолданылуы кезінде
объективтілік ерекшелігімен түсіндіріледі.
2. Сапа - өнімнің қолданылуына байланысты тиімділік өлшемін
анықтайтын ең күрделі қасиеті болып табылады.