Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

Квалиметрияның құрылымы 
1. Жалпы квалиметрия – жалпы теориялық мəселелерді қарастырады.
• Түсінік жүйесі (терминология); 
• Бағалау теориясы (заңдар жəне əдістер); 
• Квалиметрияның аксиоматикасы (аксиома жəне ережелер); 
• Квалиметрияның шкалалау теориясы (ранжирлеу, салмақтылық жəне 
т.б.). 
2. Арнайы квалиметрияда – бағаның алгоритмі мен моделі, бағалаудың дəлдігі 
мен нақтылығы қарастырылады. 
• Эксперттік квалиметрия; 
• Квалиметриялық таксономия. 
Таксономия – күрделі иерархиялық құрылымды ұйымдастырылған 
нысандардың жүйелілігі жəне жіктелу теориясы (бағалау нысандарының, 
қасиеттер мен көрсеткіштердің жүйесі жəне жіктелуі т.б.) 
• Ықтималдық статистикалық квалиметрия (математикалық статистика 
жəне ықтималдық теориясы негізінде бағалау əдістері); 
• Индексті квалиметрия (сапаны бағалауда индекстер теориясын қолдану). 


11
2 сурет. Квалиметрияның құрылымы 
3. Пəндік квалиметрия – пəні, яғни объектісі бойынша бағалау. 
• Өнім жəне техника квалиметриясы; 
• Еңбек жəне қызмет квалиметриясы; 
• Шешім жəне жоба, жоспар квалиметриясы; 
• Үрдістер квалиметриясы; 
• Субъекті квалиметриясы; 
• Сұраныс квалиметриясы; 
• Ақпарат квалиметриясы. 
Соңғы жылдары квалиметрияның жаңа бағыттары қалыптасты: əлеуметтік, 
педагогикалық, логистикалық жəне т.б. 
Теория жүйесі 
Квалиметрия
Жалпы 
Арнайы 
Пəндік 
Қарастыратын мəселелері 
Түсінік жүйесі 
Бағалау теориясы 
Квалиметрияның 
аксиоматикасы 
Квалиметрияның 
шкалалау теориясы 
Эксперттік 
квалиметрия 
Квалиметриялық 
токсономия 
Ықтималдық 
статистикалық 
квалиметрия 
Индексті 
квалиметрия 
Өнім жəне техника 
квалиметриясы 
Еңбек жəне қызмет 
квалиметриясы 
Шешім жəне жоба 
квалиметриясы 
Үрдістер 
квалиметриясы 
Субъекті 
квалиметриясы 
Сұраныс 
квалиметриясы 
Ақпарат 
квалиметриясы 


12
Жоғарыда атап өткендей, квалиметрия - өлшеу жəне бағалау. Егер 
метрологияда өлшеу бағалаудың жеке жағдайы ретінде қарастырылса, ал 
квалиметрияда олар бағынышты емес екі түрлі ұғымды сипаттайды. 
Квалиметриядағы 
сандық 
бағалау – қарастырылып 
отырған 
сапа 
көрсеткіштерінің эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткіштеріне қатынасы 
болып табылады. 
Квалиметрияда, əдетте, кешендік бағалаулар маңызды орынға ие, яғни 
қасиеттер жиынына кіреді, маңыздылығы мен квалиметрияның шекарасын 
кеңейтеді. Квалиметрия өзі айтып тұрғандай, əртүрлі əдіспен алынған барлық 
бағалаулар квалиметрияның аппараты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет