Квалиметрия


Өнім сапасы. Сапаға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет8/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

Өнім сапасы. Сапаға қойылатын талаптар 
2007 жылдың 8-қарашасында еліміз “Дүниежүзілік сапа күнін” атап өтеді. 
Бұл күн өткен ғасырымыздың 80-жылдарында мынадай бірқатар халықаралық 
ұйымдардың ынтасымен тағайындалған: 
• Еуропалық сапа бойынша ұйым; 
• Жапондық ғалымдар мен инженерлер; 
• Американдық сапаны басқару жөніндегі ұйым; 


16
• Латын Американдық сапа бойынша ұйым. 
Ұсыныс Біріккен Ұлттар Ұйымымен қолданып, қарашаның екінші 
бейсенбісі халықаралық қауымдастықпен айрықша мəнді күндер қатарына 
қосылды. Кейін Еуропалық сапа ұйымы қарашаның екінші аптасы “Еуропалық 
сапа аптасы” деп жарияланды. Сапа аптасы бойынша көптеген іс-шаралар 
ұйымдастырылып өтеді. Олардың мақсаты: сапа мəселесіне елдің назарын 
аудару, өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ету саласында тəжірибе 
алмасу, сапа жөнінде, сонымен қатар оған жету, сақтау жəне көбейту жолдары 
туралы 
бітімдерді 
насихаттау. 
Сонымен, 
сапа 
тапсырыс 
беруші 
қажеттіліктерінен немесе тұтынушының қанағаттандырылуынан басталады. 
Тауарды пайдаланудың жарамдылықтары: даярлау, конструктивтік шешім, 
тұтыну, қызмет көрсетуден тұрады. 
Философиялық көзқарас жағынан түсіндірілетін сапа терминінің басқа да 
жиі естілетін анықтамалары:
• сапа – бұл тұтынушының тауар жəне қызмет көрсетулермен 
қанағаттандырылуы; 
• сапа – бұл дүкенге тауарлардың емес, сатып алушылардың қайтып келуі; 
• сапа – бұл өңдеу, бұйымдар пайдалану кезіндегі энергиялар мен 
материалдардың қолданылуының минимумы. Олардың адам денсаулығы, 
қызмет көрсету, қоршаған ортаға зиян келтірмеу. 
• сапа – бұл алға басушы бастауыш прогресс. 
Сапа – бұл өзіне меншікті мінездемелердің жиынтығының талабын 
орындайтын дəреже. Тауар берілген талаптарға сəйкес болуы керек. Тауарларға 
талаптар: перспективті, ағынды, жалпы жəне спецификті болып бөлінеді. 
Ағынды талаптар – нормативті құжаттармен регламенттеледі жəне 
əрқашан нақтыланады. 
Перспективтік талаптар – болжам бойынша анықталатын шикізаттың жаңа 
жəне 
материалдардың 
жаңа 
түрлерін 
пайдалану, 
өндірістің 
жаңа 
технологиялармен байланысты түрлері. Перспективтік талаптарды нормативтік 
құжаттар регламенттейді. Перспективтік талаптар уақыт өткен сайын ағындыға 
көшеді, ол ағынды талаптар деңгейінің көтерілуіне əкеліп соғады. 
Жалпы талаптар – бұл талаптарға жалғыз немесе басым болуы негізінде 
көпшілік тауар түрлері жатады. Осы талаптарға: өзінің атына сəйкес ең толық 
тауарлар, маңызды функциялардың орындалуы, пайдалану ыңғайлылығы, 
зиянсыздығы, жөндеу мүмкіншілігі жəне басқа да талаптар жатады. 
Спецификті 
талаптарға – артықшарттардың 
эксплуатациясымен 
анықталады. Талаптарды орындау кезінде сапа көрсеткіштеріне келесілер 
ескеріледі жəне тауар сапасының көрсеткіштері, техникалық параметрлік 
мінездемелер, 
технологиялық 
жəне 
параметрлік, 
əлеуметтік 
жəне 
функционалдық белгілеулер, қауіпсіздік, экологиялық, эргономикалық жəне 
эстетикалық жəне т.б. 
Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқаша 


17
тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс 
тиімдірек. Сапа қандай да бір өндіріс (бөлімінің жəне т.б.) буынының немесе 
басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мəнінде 
баршаның жəне əркімнің мақсатты ісі.
Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негізгі жағдайлар мен талаптарды 
сақтау қажет. 
А.Жағдайлар. 
− тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау; 
− басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу 
жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы; 
− шексіз кемелге келуге дегенге сенім; 
− олар мəселелерге жауап бергенге дейін алдын алған жөн; 
− мүдделілік, жетекші рөл жəне басшылықтың тікелей қатысуы; 
− ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы 
(стандарттары); 
− фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде 
де қатысуы; 
− адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару; 
− жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады дегенге кəміл сенім; 
− еңбекті мойындау, қадірлеу; 
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бəсеке жағында тіршілік 
етудің негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, 
өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге 
əкеледі. Сонымен қатар, ол – бəсекеге деген мүмкіншіліктің негізі).
Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын 
қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ». 
Б. Талаптар мынаған қойылады: 
− бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты; 
− өндірісті ұйымдастыру жүйесіне; 
− сапаны жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі; 
− сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету; 
− сапаны қолдау жүйесін фирма ішінде бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет