10
əдістер квалиметрияның жалпы қағидаларына негізделген. Теориялық
квалиметрия тұрғысынан қарағанда бұл əдістер біртекті жəне бір ғана
алгоритм мəселелерімен сипатталады:
• сапаны бағалаудың кешендік сандық əдістері жаңа салаларды қамти
бастады;
• бұл əдістер мен қағидалардың алгоритмі теориялық квалиметрияда
қабылданғандардан сонша көп ерекшеленбейді;
• бұл əдістердің қолдану аясы, мысалы, мамандардың сапасын бағалау өте
маңызды. Сондықтан халық шаруашылығының түрлі салаларындағы сапаны
бағалау мəселесімен айналысатын зерттеушілердің еңбектерін бір ортақ жүйеге
келтіру керек. Сонымен қатар, квалиметрия сферасының кеңеюі ғылыми
базаны түрлі үрдістер мен заттардың бағалау мəселелерін шешудің тұтас
кешеніне айналдыруы мүмкін.
Квалиметрия - өнім сапасын санды бағалау жəне өлшеу тəсілдері туралы
ғылым. Квалиметрия бойынша өнім сапасын өлшеу келесілерде жатыр:
• əр өнім түріне нормативті құжаттарда жазылған өзінің арнайы сапа
деңгейі есепке алынады;
• сапа эталоны таңдалынады;
• қол жеткен сапа эталонымен салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: