Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Менеджмент туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет11/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент ұғымы ғылымда «іс əрекет 
түрі» жəне «білім саласы» ретінде қарастырылып, қоғамдағы басқару 
салаларында қолданылады. «Ғылыми менеджменттің» негізін салушы 
Ф.Тейлор менеджмент жəне менеджер терминін алғаш рет қолданды, ол 
өзінің визит карточкасында бірінші болып «менеджмент мəселелері бойынша 
кеңесші» деп көрсеткен болатын. Менеджмент бойынша бірнеше 
кітаптардың авторы, кеңесші Т. А. Гибсон: «Менеджмент - шектеулі 
ресурстар жағдайында мақсаттарға қол жеткізудің өнері» десе, ХХ ғ. 
менеджмент теоретиктерінің ішіндегі танымалы, американдық ғалым П. 
Друкер Өзінің «Энциклопедия менеджмента» (2001) еңбегінде: менеджмент - 
тиімділік нəтижесі қол жеткізілген нəтижелермен өлшенетін қолданбалы пəн, 
қазіргі менеджмент - басқару қызметінің арнайы түрі, ол адамдарға 
бағытталады жəне негізгі мақсаты адамдарды ортақ мақсатқа бірігіп əрекет 
етуге бағыттау, осы жолда олардың тиімді қызмет жасауына жағдай жасау, 
əлсіздіктерінің «тігісін жатқызу», сонда ғана адам қабілетінің қоғамға қосар 
үлесі, берері көп болатынын, бұның барлығы тиімді басқаруға байланысты 
екендігін айтады.
Педагогикалық менеджмент мəселелері бойынша қазақстандық 
зерттеушілер Баймолдаев Т. М., [1] Бахишева С.М. .[61-68] , Қурманалина 
Ш.Х. Бөрібеков Қ.Қ. Катаев Е.С [39], Қазақстандағы білім беру жүйелерін 
басқару мен шетелдегі басқарушылық жүйелер жайлы Құлыбаева Д.Н. (2) 
Құсайынов А. Қ.(35) зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Менеджмент, 
дамуы, функциялары Герчикова И. Н. (5), Веснин В. Р. (14), Глухов В. В.(22), 


13
Гольдштейн Г. Я.(24), Виханский О. С., Наумов А. И. (29), педагогикалық 
менеджмент, мектеп басқару жайлы Конаржевский Ю.А.(8), Симонов В. 
П.(10), Третьяков П. И.(20), Сергеева В.П. (41), басқару стилдері мен əдістері 
жайлы Салахова Л.Р.(15), Громова Л. А (16), Коробкова С. Н. (17), 
көшбасшылық сапалар жайлы Шейнов, В.П. (31), Ли Якокка (32), Бендас Т. 
В. (28), ұйымда қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру туралы Донцов С.(25), 
Исакулов Е. Б.(26),еңбек психологиясы Митина Л.М. (36), мектеп 
басқарудың 
психологиялық 
жақтары, 
тұлғааралық 
қатынастар, 
келіспеушіліктерді шешу, жайлы климат жасау Казаков В. Г., Кондратьева 
(39), Немов Р. С. (40), Рыбакова М. М. (42), Лутошкин А.Н. (46), Григорьев 
Т. Г., Линская Л. В., Усольцева Т. П. (47), К. Аверченко, Г. М. Залесов; Р. И. 
Мокшанцев (44) мұғалімдердің кəсіби қауымдастығы «Педагогикалық 
қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» ҚР педагог қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру бағдарламаларында (33, 48,49,50) əрекеттесу тəсілдері 
жайлы Əлімов А.(54), Айдосова Т., Айтпукешов А., Идришева З., Кусаинов 
Г., Сагинов К., Ултанбаева С.(55) еңбектерінде қарастырылған. 
И. Н. Герчикова менеджментті шаруашылық қызметтің жетістігіне 
бағытталған материалды жəне еңбек ресурстарын, принциптері, функция, 
əдістерді қолдану арқылы кəсіби жəне іс-əрекетті қарастыратынын, алға 
қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, кəсіби түрде іске асырылатын жеке 
қызмет түрі ретінде қарастырады.[5] Т. М. Баймолдаев менеджменттің 
тиімділігі индивид, топ жəне ұйымды басқарудың барлық деңгейлерінде 
ортақ мақсатқа, тиімді мақсатқа бағытталуға жəне мəселені шешумен 
анықталатынын жазады. [1] Л. Павлова менеджмент бірнеше экономикалық, 
саяси, əлеуметтік, қаржылық, философиялық, психологиялық, техникалық, 
ұйымдастырушылық аспектелерді қарастырып, олардың əрқайсысы жеке 
тұжырымдарға негізделетінін, тəжірибеде олармен түрлі мамандар 
айналысатынын айтады.[7] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет