14
адамдармен қызметте нəзік (филигранды жұмыс) басқару; басқарудың адамға
бағытталуы;басқарудағы көшбасшылық.
Менеджменттік басқару – ұйымның даму жоспарын жүзеге асыруға
бағытталған еңбек өнімділігіне ықпал ететін, ұйымды тұрақты басқару
жүйесін құруды қамтамасыз ететін жəне
басшылықтың, қызметкерлердің
қызмет етуіне қолайлы ортаны құру арқылы өзара ынтымақтасуы жəне алға
қойған мақсатқа бірігіп əрекет ету арқылы тиімді жету негізіндегі басқару.
Ю.А. Конаржевский менеджментті басқарудың жаңа философиясы
ретінде қарастырып, əкімшілік-бұйрықтық жүйе емес,
басқарудың жұмсақ
жүйесі,
жетістік
формуласы
тұрғысында
анықтама
береді. [8]
Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджмент-
басқару өнері, яғни басқарудың принциптерінің, əдістерінің, құралдарының
жəне
формаларының
жиынтығы;
оқу-тəрбие
жəне
оқу-танымдық
процестердің пəрменділігін
арттыруға бағытталған, оны басқарудың
принциптерінің, əдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының жəне
техникалық тəсілдерінің комплексі»- деп анықтама береді. [9]
Достарыңызбен бөлісу: