12
Мақсаты: тұлғааралық қатынастар мен дағдыларға үйрету.Əлеуметтік
психолог
Ренсис Лайкерт (1903-1981)- «Жүйе-4» əзірледі, ол жүйе бойынша
ұйым адамдарды ынталандыру негізінде құрылып,
мына жағдайлар арқылы
көрініс
береді:
мақсат
белгілеу,
шешім
қабылдау,
бақылау,
орталықсыздандыру.
IY кезең- Ақпараттар (сандық) кезеңі (1960 ж.- бүгінгіге дейін).
Сандық концепциялар кибернетика мен сандық машиналардың шығуымен
байланысты болды. Басқаруға сандық тəсілдерді
енгізумен байланысты
тұжырымдар Р. Акофф, Л. Берланфи, Э. Бир, А. Гольдбергер, Р. Каллиен, П.
Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер т.б. еңбектері мен зерттеулерінде
тұжырымдалады.
Э.С.Бир – кибернетиканы
басқару саласында алғаш
қолданушы болды. Ол басқаруды тиімді ұйымдастыру ғылымы деп атады.
П.
Ф. Друкер (1909-2005жж.) – ХХғ. менеджмент теоретигі,
инновациялық
экономика теориясы мен кəсіпкерлік қоғам теориясын қалыптастырды. Бұл
теория жаңа ақпараттық қоғамның идеясына негізделген.
Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркəсіп революциясы кезінде
туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде,
фабрикаларда адамдарды
жұмыспен қамту жəне оларды біріктіріп, жұмысқа
бағыттау қажеттілігі
туындап, міне, сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып,
кəсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы
менеджерлер болатын.
Достарыңызбен бөлісу: